1. Қаламыз ЮНЕСКО мәдени мұра тізіміне енген ерекше қорғалатын аймақ. 1500 жылдық тарихы бар.
2. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев дүние жүзі қазақтарының қауымдастығын құрып
2002 жылдың 23 қазанында дүние жүзіндегі қазақтардың Түркістан қаласында басын қосты.
3. Қаламызда Республикалық деңгейдегі этнографиялық мұражай ашылды түрлі тақырыптардағы көрмелер,іс – шаралар ұйымдастырылып,біздер қатысып түрлі ақпараттар аламыз.
4.Ал қорық ғылыми қызметкерлердің зерттеуі бойынша, Қытай санекрит жазбаларындағы деректерге қарағанда, Түркістан қаласы біздің дәуірге дейінгі ІІ-ІІІ ғғ. өмір сүргендігі және сол кездің өзінде ірі мәдени және рухани орталық болғандығы туралы болжамдар айтылып жүр. Мысал келтіретін болсақ, сол кездегі Қарахандық билеушілердің осында әкелініп жерлене бастауы, атап айтқанда, Отырар билеушісі Ілияс ханның жерленуі, тіптен Сайрамда туып-өскен Ахмет Ясауидің де Түркістан жерінде тұрып, осында жерленуі жайдан-жай емес екендігі анық..
5.Қазіргі таңда қала әкімі Әріпбек Шәріпбекұлы Өсербаев ағамыз қаламыздың көркеюіне және абаттандыруда көп еңбек етуде,келешекте бізде қолғабыс етіп қала тазалығына,көгалдандыру жұмыстарына атсалысамыз.
6.Еліміздің астанасы – Астана қаласы болса,Түркістан рухани астанамыз болғандықтан біздер де Түркістандықтар рухани жан дүниесі бай,мәңгілік қазақтың перзенті,ұлттық идеямыз – Мәңгілік ел!Мәңгілік ел болу өз қолымызда ұдайы алға ұмтылуымыз қажет,рухы биік ұлан болып өсеміз. Дамуымыз жедел,келешегіміз кемел болу үшін басты міндетіміз сабақты жақсы оқып,қоғамға өз үлесімізді қосу.
3.Қара қалпақ –сары қалпаққа қарама - қайшы. Ненің қиын, түсініксіз, мәселе тудыратын, негативті екенін анықтап және себебін түсіндіреді.
1.Біздің қаламыз Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан тарихи қала бірақ туризм саласы дамымаған.Туристер келетін көлік жолы ғана жолға қойылған,әуе жолдарының жоқтығы.
2.Кесенеміз маңында шағын дүңгіршектер орнына,улкен МЕГА орталықтар немесе демалыс орындары ашылса заманауи тұрғыда.3.Орталық саяжайымызда кеңестік кезеңде іске қосылған ойын атриокциондары бар,қазіргі таңда демалыс кезеңдерінде демалуымызға мүмкіндік жоқ қиял әлем саябақтарындай жүйеде жұмыс жасаса.4.Көшелерімізде тазалық шаралары сақталмайды ластау,Швейцарияға барған туристер ең алдымен осы елдегі қалалар мен ауылдардың тазалығына таңғалады, бірақ оның құпиясы неде екенін бас қатыра бермейді.Барлығы өз қоқыстарын әртүрлі контейнерлер бойынша бөліп салуы тиіс.Қоқыстар қайта өңделеді екен.Ережеге бағынбау деген болмайды,келіспейсіз бе, айыппұл төлейсіз. 5.Тәуекелі тұратындардың ғана қолы жетпесе,Тәуелсіздік бола ма?Азаппен,арпалыспен келмесе,Азаттық бола ма?Оңайлықпен келсе,оның қадірі бола ма? Барлығымыз бірлікте болмасақ,ынтымағымыз жараса тегіміз бөлек болса да теңдігі бір,қанымыз бөлек болғанмен жанымыз бір арманымыз ортақ болғанда ғана – Мәңгілік елдің іргетасын қалаймыз.
4. Сары қалпақ - айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Болашаққа деген үмітті көзқарас,талдау жасау.
1. Сайрамда туып-өскен Ахмет Ясауидің Түркістан жерінде тұрып, осында жерленуі, Қ.А.Яссауи кесенесінің салынуына байланысты Түркістан қаласына дүниенің түкпірінен зияратшылар келіп мінажат етеді.
2.Түркістан – орта ғасырдағы қазақ хандығының астанасына айналып ел ісіне қатысты игі істерді ел билеушілері жиналып ақылдасатын аймақ болды.
3.Еліміздің рухани астанасы. 4.Қаламызда шеберқолдар уйірмелері жұмыс істейді түрлі суреттер,зергерлік бұйымдар т.б істер үйрететін орталық бар.
5.Халықаралық қазақ түрік университетінің ашылуына байланысты еліміздің қаншама экономика, елшілік,дәрігерлік,ұстаздық қызмет етіп жүрген аға әпкелеріміз білім мен мамандық алды.
6.Қаламызда ірі сауда орталықтары арқылы түрлі аудандармен сауда байланысы арқылы экономикамыз да жағдайымызда жаксы.
7.Қаламыздың мәдени орындары тарихымыз жайында сыр шертетін этнографиялық,С.Ерубаев,Н.Оңдасынов т.б мұражайлар бар жақында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына жасалған тақырыптық көрмелермен таныстық. 8. « Болашағымызға бағдар ететін,ұлтты ұйыстырып,ұлы мұраттарға жетелейтін идея бар.Ол – Мәңгілік Ел идеясы деп атап өтті» - Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Біз өткен тарихымызды бабалардың сара жолы,олардың өшпес ерлігі,ұлттың тілі,діні,мәдениетті – «Мәңгілік Ел» деген екі – ақ ауыз сөздің аясына сыйып кетеді сол себепті біз тарих пәнін оқимыз.
Достарыңызбен бөлісу: |