V тарау. Термодинамика және электродинамиканың негізгі түсініктері мен теңдеулері


Электродинамиканың негізгі түсініктері мен теңдеулері



бет6/11
Дата12.09.2020
өлшемі0,52 Mb.
#78354
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
5-тарау

5.6. Электродинамиканың негізгі түсініктері мен теңдеулері
5.6.1. Электродинамиканың негізгі ұғымдары
Тұтас орта қозғалысын зерттегенде электромагниттік эффектілерді ескерген жөн. Осыған байланысты тұтас орта механикасында электродинамика жөнінде негізгі мағлұматтарды беру қажет.

Тәжірибе көрсеткендей, және зарядтары бар ортаның тыныштықтағы екі бөлшектері өзара әсерлескенде екі массаның арасындағы тартылу күші сияқты күшпен әсерлеседі
, (5.11)
мұндағы – зарядталған бөлшектердің арасындағы қашықтық. Бұл арақатынас Кулон заңы делінеді.

Егер және зарядтар әр аттас болса тартылу күші, ал зарядтар аттас болса тебілу күші пайда болады.

Тұтас орта механикасында зарядтарға да үздіксіз тұтастық гипотезасы пайдаланылады. Сол себепті зарядтың тығыздығы енгізіледі



,
мұндағы көлеміндегі жалпы зарядтар жиынтығы. Электрлік жағынан нейтрал орта үшін және . Шынында да барлық денелер үшін нольге жуық.

Электр тоғы – зарядталған бөлшектердің қозғалысы. Егер денеде иондарға қатысты бағытталған қозғалыстағы бос электрондар болса, онда денеде электр тоғы өтіп жатыр дейді. Қозғалыстағы немесе тыныштықта тұрған ортадағы токтарды қарастыруға болады. Ток тығыздығы бірлік уақытта, векторына перпендикуляр бірлік аудан арқылы тасымалданатын зарядтар жиынтығының шамасына тең – тоқтың тығыздық векторымен сипатталады.

Өткізгіштік ортаның электр зарядының сақталу теңдеуінің түрі



. (5.12)
Физикада кеңістіктің берілген нүктесінде орналасқан сыналатын элементар зарядқа зарядтар жүйесі тарапынан әсер ететін электр күштерін зерттейтін жалпы әдіс қабылданған. Өзімізге белгілі, тыныштықта тұрған сыналатын зарядқа әсер ететін күш, зарядтың орны мен шамасына байланысты, яғни
,
мұндағы – электр өрісінің кернеулік векторы деп аталады, яғни =. Өріс векторы – жеке зарядтар өрісінің қосындысы болып табылады.

Электр өрісінің кернеулігінің векторы сияқты, элементар ток әсерінің қосындысы арқылы магнит өрісінің характеристикасы магниттік кернеулік векторы ендіріледі, оның көмегімен магниттік өзара әсер күштерін бағалауға болады.

Сонымен, ауасыз кеңістіктің әрбір нүктесінде және әрбір уақыт мезгілінде электромагниттік өріс екі вектормен – электр өрісінің кернеулігі және магнит өрісінің кернеулігімен сипатталады. және векторлары, зарядтың тығыздығы және электр тоғының тығыздық векторы электродинамиканың негізгі ұғымдары болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет