В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық


ОТТЕКТІ КЕСУГЕ АРНАЛҒАН МАШИНАЛАР



Pdf көрінісі
бет119/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

ОТТЕКТІ КЕСУГЕ АРНАЛҒАН МАШИНАЛАР
ЖӘНЕ МАШИНАЛЫ КЕСКІШТЕР 
235


Сызба бойынша пішінді кесуге, санды бағдарламалық (С) пішінді 
кесу үшін қолданылады:

технологиялық тағайындалуы бойынша - кесу жұмыстары үшін 
(Р), дәл тікжелілі және бөлшектерді пішінді кесу үшін (Т), 
бөлшектерді әмбебап тіксызықты және пішінді кесу үшін (Ә), 
габориті аз бөлшектерді пішінді кесу үшін (М). Әрбір оттекті 
машина салмақ түсіретін бөліктен тұрады, кескіштен (бір немесе 
бірнеше), басқару пультінен және жетекші механизмнен тұрады.
Металдарды оттегімен кесуге арналған машинаның негізгі 
жұмыс инструменті машиналы газды кескіші болып табылады. 
Машиналы газды кескіштер қолдан істелгеннен, ұстағыш 
жоқтығымен ерекшеленеді, яғни олар машинаның корпусына тікелей 
бекітіледі. Қолданылатын кескіштердің типі машина типімен 
анықталады.
Машиналы кескіштердің негізгі типтері келесідей болып бөлінеді: 
инжекторлы, бірдей қысымда және шүмек ішіндегі араласу.
Машиналы кескіштер діңгектегі ілмекті шұралары бар 
корпусынан тұрады, олар тікелей машинаның құралкүймешегіне 
және мүштегі бар басына бекітіледі.
Теңдей қысымы бар кескіштердің инжекторлары болмайды. 
Оларға оттегі орталық саңылауы арқылы түседі, ал жанар газ – бүйір 
саңылауы арқылы түседі. Газдардың қоспалары кескіштің басына 
түседі. Газдың тең қысымын ұстап тұру үшін кескіштің алдында 
қысымның арнайы ретке келтіргіші орнатылады.
Шүмегі ішінде орналасқан кескіштер көпшырақты мүштіктері 
бар, олардың арналарында газдардың жылжуы жүргізіледі.
Машиналы кескіштердің мүштіктері тұтас және алмалы-салмалы 
болып бөлінеді. Тұтас түрі жанармай қоспасына арналған бұрғылап 
кесілген арналарымен және кесу оттегімен әзірленеді, ал алмалы-
салмалы түрі сыртқы және ішкі мүштіктерден тұрады.
Кесу үдерісін автоматтандыратын, стационарлы машиналардың 
негізгі торабы, көшірме жасау жүйесі болып табылады, ол 
механикалық, 
электромагнитті, 
фотоэлектронды, 
қашықтық-
масштабты және бағдарламалық болып табылады.
Механикалық көшіру 
сызба бойынша немесе белгі бойынша 
мехникалық басымен жүзеге асырылады. Кескіш машинаның ролигін 
жүргізушісінің қолын бұру кезінде кесілетін бөлшектің көшірме 
жасау үстелінің беті бойынша сызбасы бойынша дәл көшірмесін 
шығарады. Сонымен қоса тікелей, циркулярлы құрылғысы бар 
механикалық басымен жабдықталған жағдайда, шеңбер бойынша 
шығарылады. 
 
236


Электрмагнитті көшіру магнитті басымен жүзеге асырылады. 
Бұл жағдайда магнитті саусағы (дөңгелентетін болатты 
цилиндрлік білегі) бәсеңдеткіш арқылы 
электроқозғалтқыштан 
айналуды алады Қортындысында магнитті саусақ құрыш 
көшірмесінің жұмыс ернеуіне тартып және оның контурын 
таптайды. Магнитті басымен қатты байланған кескіш, көшірме 
тәрізді, пішіні мен көлемі сияқты бөлшектерді кесуді жүргізеді.
Көшірмелер қалыңдығы 5-8 мм төмен көміртекті болат табағынан 
әзірленеді.
Фотоэлектронды көшіру
қағазда тушьпен орындалған сызба 
бойынша 
тікбұрышты 

координатты 
параллелограмм 
машиналарында жүзеге асырылады, олар механикалық басымен 
жабдықталған. Фотокөшірме ұстанымы көшірме жасау бөлігінде 
орналасқан сәуле көзі линза жүйесінен жарық сәулесін береді, ол 
иілген айнаға түсіп, сызбаның бетіне жарық таңбаболып бір нүктеге 
топталады. Жабық қорапта орналасқан фотоэлемент сызбаның ақ 
фонында бейнеленетін, сәулелерді қабылдайды, ал қара сызбаға 
түсетін жарық таңбаны, фотоэлемент қабылдамайды. Газ кесу 
машиналарында амплитудалы және импульсті фотокөшіру жүйесі 
қолданылады. Бағдарламалық басқарылуы бар машиналарды 
кесудің 
барлық 
операциялары 
автоматтандырылған, 
яғни 
жалынның автоматты жануын және кесу тәртібінің барлық 
параметрлерінің автоматты ретке келтірілуін қамтамасыз етеді: 
шүмектен металдың бетіне дейінгі ара қашықтық, жалынның қуаты 
мен құрамы, кесу жылдамдығы, сондай-ақ газ және оттекті 
ағынының іске қосылуы мен жабыны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет