В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет131/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

ЭЛЕКТРҚОЖДЫ ПІСІРУ РЕЖИМІНІҢ 
ПАРАМЕТРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ПІСІРУ ЖІКТЕРІ
269


10.11-сурет. Электрқожды пісіру кезіндегі пісіру ваннасының және жіктің 
өлшемдері:
h
— пісіру ваннасының тереңдігі; s— бөлшектің қалыңдығы; е — пісіру жігінің ені; g, g
1
— 
беттік жағы бақыту жақтарынан жіктің дөңестігі
Пісіру тоғын арттырған сайын, астаудың тереңдігі сызықтыққа 
жақын сипатпен өседі. Тоқ астаудың қажетті шектегі тереңдігін 
анықтайтын басты параметрі. Астаудың еніне тоқтың өзгеруі аз әсер 
ететін. 
Электродтағы кернеудің өзгерісі металл астауының еніне зор 
ықпал етеді, және бұл тәуелділік тікелей сипатқа ие. Тәжірибеде 
астау және жіктің енін талап етілетін шектерде электродтардағы 
кернеуді реттеу арқылы өзгертеді. Кернеудің өсімен металл 
ваннасының тереңдігі де артады. 
Пісіру жылдамдығын үрдістің тұрақтылығын қамтамасыз ету 
үшін өзгерту оның басқа параметрлерін өзгертуді де талап теледі, 
әсіресе, пісіру тоғын. Пісіру жылдамдығын өсіру кезінде астау 
тереңдігінің артуы байқалады. Пісіру астауының ені күрделі 
максимумы бар тәуелділік бойынша өзгереді. 
Электрқожды пісірудің қосымша параметрлеріне саңылау 
көлемі, электродың беріс жылдамдығы, электродтардың саны және 
олардың көлденең қимасы, қож астауының тереңдігі, қосынды 
құрамы және т.б. жатады. Осы параметрлердің пісіру астауы және 
жігінің еніне әсері негізгі параметрлердің ықпалынан төмен.
Пісіру астауының жеткіліксіз тереңдігінде оның ішінде не оның 
бетінде доғалық қуатсыздандыру пайда болуының ықтималдығы 
бар. Пісіру астауының тереңдігін 30...90 мм аралығында сақтайды. 
ЭҚП үшін балқымалы флюстар қолданады. Көміртекті және 
төмен легирленген болатты пісіру кезінде ең жақсы технологиялық 
қасиеттерге
270


АН-8, АН-8М және АН-22 ие флюстарын қолданады 
Электрқожды үрдістің басында АН-25 флюсты қолданады, ол 
қатты және балқыған күйлерінде жоғары тоқ өткізгіштігіне ие. 
Қолданыс алдында флюсты паспорт және технологиялық 
талаптарға 
сай 
электр 
пешінде 
1-2 
сағат 
300-700°С 
температурасында қатты қыздырады. Флюс қабатының қалыңдығы 
80-100 мм. 
ЭҚП кезінде электродты металл ретінде сым, тілімше, құбыр 
және таспа қолданылады. Әдетте, диаметрі 3 мм тұтас қималы 
сымды қолданады, бірақ басқа диаметрлі сымдарды (1,2 немесе 5,6 
мм) қолдануға мүмкін. Электродты металлдың химиялық құрамы 
негізгі металлдың құрамының сипатына жақын және де пісіру 
металының пайдалану көрсеткіштеріне сай болуы тиіс (10.2-кесте). 
Электрқожды үрдісті қоздыру екі әдіспен жүзеге асырылады: 
пісіру флюсты алдымен электр доғасы кіру қалтасында еритін 
«қатты старт» тәсілі арқылы, ал содан соң доға себілетін және 
балқымалы флюс арқылы шунтталады немесе кіру қалтасына бөлек 
пеште алдын ала балқытылған сұйық флюсты құйылатын «сұйық 
старт» арқылы.
10.2 -кесте. Электрқожды пісіруде қолданылатын 
сымдар
Пісірілетін болаттың маркасы
Электродты сымның 
маркасы
Ст3, 20, 22К, М16С, 25, 10Г2С1, 15К
Св-10Г2, Св-10Г2С
12ХМ
Св-04Х2М
16ГС, 20К, 09Г2С
Св-10Г2С
20ГС, 25ГС, 20ГСФ, Ст5, 35, 40
Св-08ХГ2СМ
25ДГСФА, 34ХМ1А, 08ГДНФ, 10ХСНД, 16ГНМА, 20Х2МА, 
20ХНМФ
Св-08ХН2М
25Х2ГМТ
Св-20ХН3МФ
35Н3МФА
Св-20ХН3МФА


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет