сымның отыз маркасы өндіріледі.
Жоғары легирленген сымның
отыз тоғыз маркасы өндіріледі.
Мақсатына байланысты, болат пісіру сымды пісіруге (балқытып
қаптауға) арналған сым және электродтарды өндіруге (шартты
белгіленуі – Э) арналған сым деп бөлінеді. Сымды пайдалану
мақсатына қарай бөлу электродтарды өндіруге арналған сым
диаметрі бойынша шекті ауытқуларының одан да қатаң
талаптарымен шартталған.
Үстіңгі бетінің түрі бойынша төмен көмiртектi және
легирленген сымдар мысталмаған және мысталған (М) деп бөлінеді.
Сым бетінің мысталуына (мыстың жиынтық мөлшерін қоса
алғанда) қойылатын арнайы талаптар
техникалық шарттармен
белгіленеді.
Тұтынушының талабы бойынша сым электрқожды (Қ) немесе
вакуум доғалы (ВД) қайта балқыту арқылы немесе вакуумдық-
индукциялық пештерде (ВИ) қорытылған болаттан өндірілуі тиіс.
Бұл жағдайда сым металына қойылатын қосымша талаптар (зиянды
және бөгде қосындылардың мөлшері бойынша нормалардың
күшеюі, газдардың, металл емес кірінділер бойынша шектеулердің
енгізілуі және т.б.) тараптардың келісуі бойынша белгіленеді.
Пісіру сымның шартты белгіленуінде
оның диаметрі мен
маркасы; болатты қорытып шығару тәсілін сипаттайтын индекстері;
мақсаты; сым бетінің түрі; стандарттың белгіленуі көрсетіледі.
Төмен көмiртектi және легирленгенн сымда күшәланың
мөлшері 0,08%-дан артық болмау тиіс. Тұтынушының келісуімен
Св-08 және Св-08А маркалы сымда алюминийдің 0,05%-ға дейінгі
қалдықты мөлшеріне рұқсат етіледі. Св-08ГА, Св-ЮГА және Св-
10Г2 маркалы төмен көмiртектi сымда және легирленген сымда
(алюминиймен легирленбеген) алюминийдің қалдықты мөлшері
0,05%-дан аспауы тиіс.
Мысталмаған беті бар сымды орамдарға оралған күйде
жеткізеді. Орамдардың өлшемі мен массасы 3.6-кестесінде
келтірілген деректерге сәйкес келу керек.
Мысталған беті бар сымды тікбұрышты
қималы бар орамдарда
жеткізіледі. 1,6-3,0 мм диаметрлі сымдарға қатысты, орамдардың
талап етілетін өлшемдері тапсырыста келісіледі.
Жоғары легирленген сым өңделген және ағартылған күйде
немесе майлау материалының ешбір іздерінсіз, ақшыл, ақшыл-
күңгірт немесе сұр беті бар инерттік атмосферада термиялық
өңдеуден кейін жеткізілу тиіс.
94