В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет135/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

276


10.7.
ЭЛЕКТРҚОЖДЫ ПІСІРУ ҮШІН ЖАБДЫҚТАР
Электрқожды пісіру жабдықтары доғалы пісіруге арналған 
автоматтарға қарағанда қож және металл астауларды ұстап қалу, 
жікті мәжбүрлі қалыптастыру, металл астауының деңгейін 
автоматты өңдеу және пісіру жабдықтарын тік көшу
механизмдерінің құрылғыларымен жабдықталған.
Астауды ұстау әдістеріне қарай және көшу сипатына қарай 
ЭҚП арналған рельсті, рельссіз және аспалы аппараттары 
ажыратылады. 
Рельсті аппаратта 
жік бойымен тік орнатылған рельс 
бойынша немесе пісірілетін бұйымда жікке қарама-қайшы 
бекемделген бағыттаушылар арқылы жылжиды. Рельстер немесе 
арнайы бағыттауыштар қозғаушының тісті доңғалақтары жүретін 
тісті тіреумен жабдықталған. Рельсті жол қатты (тіксызықты 
тігістерді пісіру үшін) немесе иілгіш (қисықсызықты тігістерді 
пісіру үшін) болуы мүмкін. 
а
10.16- сурет. Электрқожды пісіруге арналған құрылғы сұлбасы
а, б
— рельсті (сымды 
және пластинкалы электродпен пісіру үшін); 
в
— рельссіз; 
г
— аспалы (балқымалы 
мүштікпен пісіру үшін)
277


Осындай құрылғылармен орындалатын пісіретін тігістердің 
максималды ұзындығы салыстырмалы түрде көп емес және рельс 
және тісті тіреудің ұзындығыменанқыталады. 
Рельсті болып табылатын құралдар А-372Р, А-433Р, Д-535 және 
т.б.
Салыстырмалы түрде қалыңдығы үлкен емес (100 мм-ге дейін) 
бөлшектерді пісіру барысында қолданылатын
рельссіз аппараттар
екі түрлі болады:

Механикалық қыспақтағышпен;

Электрмагнитті қыспақтағышпен.
Механикалық қыспақтағышы бар құралдар А-306М, А-612 және 
340М бұйым бойынша қозғалады және оның бетін пісіру кезінде 
қайталайды. Осындай құралдардың қозғалысы жүру механизмі 
және бөлшек жиектері арасындағы үйкеліс күші арқасында 
пісірілетін жіктің екі жағында орналасқан екі арбаның
жинақталған бөлшектерінің саңылаулары арқылы өткізілген және
серіппемен тартылған күші арқылы жүзеге асырылады (10.17-сурет)
10.17-сурет. Электрқожды пісіруге арналған А-612 рельссіз аппараттың сұлбасы
278


Электрмагнитті 
қыспақтағыштығы 
бар 
аппараттар 
тік 
жазықтықта бірнеше электромагниттер арқылы жүреді. Бұл 
аппараттардың негізгі кемшіліктері тартым күшінің төмендігі, 
бөгеттерге 
сезімталдығы 
және 
жұмыстағы 
қауіпсздігінің 
жеткіліксіздігі. Пісіру бір немесе екі электродпен жүзеге 
асырылады. Электродты сым иілгіш түтіктерімен бөлек жеткізу 
механизмі арқылы жеткізіледі.
Аспалы аппараттардың жүру механизмі жоқ. Олардың құрамына
электродтарды жеткізу мехнизмі және пісіру тоғын мүштікке 
жеткізу құрылғысы кіреді.
Аспалы түрдегі пісіру аппараттарын үш негізгі топқа бөледі.
Пластиналы 
және 
білікті 
электродтары 
бар 
пісіру 
аппараттарында сымды электродтардың орнына көлемі 20х250 мм 
пластиналар немесе 30 мм аспайтын біліктер және де төртбұрышты 
қиысыты біліктер қолданылады. Осындай аппараттардың негізгі 
кемшілігі пісіру тігісінің максималды биіктігінің электродтардың 
шектеулі ұзындығына тәуелділігі. Бұл топқа А-550 және А-1517 
аппараттары жатады. 
Балқымалы мүштігі бар аппараттарда пісіру тоғы қож астауына 
мүштік арқылы жеткізіледі, оның ішкі жағында қосымша көмекші
сым беріледі. Бұл топқа А-645 және А-741 аппараттары енеді.
Сақиналы жікті орындауға арналған сымды электродтар арқылы 
сымды жеткізу мехнизмі нық орнатылған, ал пісірілетін бұйым 
кәдімгі доңғалақты стенд арқылы айналады. Бұл топқа А-356 және 
А-401 аппараттары жатады.
Пластиналы және таспалы электродмен пісіру аппараттарында 
пластиналарды жеткізу механизмі бір немесе бірнеше электродтарға 
арналған қысқыш құрылғылар мен төрткілдеш,бұрандамалы және 
қысқыш құрылғылар қондырылатын басқа да жетегілер арқылы 
рельс бойымен қозғалатын суппорттардан құралады.
Электрқожды пісіру аппараттары доғаның кернеуінен тәуелсіз 
жеткізудің тұрақты жылдамдылығына ие, бұл электродың еру
жылдамдығын өзі реттеуімен шартталған. Олардағы нәрлендіру көзі 
болып қатал вольт-амперлі сипаттамасы және бос жүрістің төмен 
кернеуі бар трансформаторлар табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет