6-тәжірбиелік сабақ: Жұрнақтардың құрамы
Сабақ мазмұны:
1.Жұрнақтар туралы түсінік
2. Жұрнақтардың құрамы
Сабақтың мақсаты: Жұрнақтардың құрамы мен құрылымы туралы түсіндіру.
Әдістемелік нұсқау: Құрылымы мен құрамы жағынан жұрнақтар жалаң және құранды болып бөлінеді. Жалаң жұрнақ деп мағына жағынан да, форма жағынан да бөлшектенбейтінбір бүтінжұрнақты айтамыз. Мағына жағынан бір бүтін бола тұрса да, құрамы жағынан кемі екі я одан да көп жалаң жұрнақтардан құралып жасалған жұрнақтар құранды жұрнақ болады. Жұрнақтар мынандай топтарға бөлінеді:
1.Тілдің өз төл материалынан я басқа тілден енген материалдан шыққандығына қарай, олар төл және кірме жұрнақтар болып бөлінеді.
2.Ерте я кеш шығып қалыптасуына қарай көне және жаңа жұрнақтар болып бөлінеді.
3.Қазіргі кезде сөз тудыру қабілеттерінің бар я жоқтығына қарай, олар тірі және өлі жұрнақтар болып саналады.
4.Құрамдарындағы морфемалардың дара я күрделі болуына қарай, жалаң және құранды жұрнақтар болып бөлінеді.
5.Мағыналық жағынан бір я бірнеше мағынаны білдіруіне қарағанда, олар дара мағыналы (моносемиялық) және көпмағыналы (полисемиялық) болып бөлінеді.
6.Формасы (айтылуы мен жазылуы) басқа-басқа бола тұра мағыналары бір-біріне жақын я мағыналас синоним жұрнақтар; сондай-ақ, формасы бірдей (айтылуы мен жазылуы) бола тұра, мағыналары бір-бірінен алшақ омоним жұрнақтар болады.
№6 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
1.Жұрнақтар туралы түсінік
2. Жұрнақтардың құрамы
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.
2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1991
3 Ысқақов А. Грамматикалық мағына және граммаатикалық форма. //Қазақстан мектебі. 1961. №4. 60-66.
4 Ысқақов А. Грамматикалық категория туралы.// Қазақстан мектебі. 1961. №8. 39-45.
5 Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. //Қазақстан мектебі. 1962. №7.
6 Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. Кітап: Сөз өнері. Алматы, 1978. 21-18.
7-тәжірбиелік сабақ: Зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтар
Сабақ мазмұны:
1. Рең мәнін тудыратын жұрнақтың өнімдері немесе сипаттары
2. Конкреті зат есімдерден кішілік мәнін тудыратын зат жұрнақтары
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтың өнімдері немесе сипаттары туралы, нақты зат есімдерден кішілік мәнін тудыратын зат жұрнақтары жайлы түсіндіру.
Әдістемелік нұсқау: Лексикалық мағаналық жағынан жаңа сөз тудырмай сөздерге әр қилы эмоциялық әсер экспрецивті рең беретін қосымша семантикалық мағаналар ғана жамайтын жұрнақтар бар. Олар зат есімнің ішкі категориялық формалары. Демек зат есім ренк мәнін тудыратын жұрнақтар. Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтары жалпы есімдері де, жалқы есімдері де қамтиды.
Бұл жұрнақтардың өнімдерінің сипаттары төмендегідей.
1.-Еке – қа-ке. Жалпы ин жалқы есімдерге жалғанып сылау, құрметтеу, үлкен тұту сияқты мағыналық ренттерді үстейді. Өзі жалғанатын кейбір сөздердің толық түрлеріне тікелей тіркеспей соңғы дыбысы соңғы бір және бірнеше буыны түсіріліп барып жалғанады. Мысал: ағ-еке, шеш-еке, әпке, жездеке.
2.-тай қосымшасы туыс атауларына жалғанып, оларға кішірейту, еркелету, ізет көрсету сияқты қосымша мағына үстейді. Мыс: ағатай, әкетай, жеңгетай.
3.-жан жұрнағы көбіне адамзатқа қатысты бір алуан сөздерге және кісі аттарына жалғанады да оларға әрі еркелету әрі кішірейтіп ренкін жамайды.
4.-Қан, - ақан жұрнағы өнімсіз болғанымен еркелету кішірейту ренкін білдіру үшін бір сыпыра сөздерде қолданылады. Мыс: ботақан, қошақан т.б.
№7 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
1. Зат дегеніміз не?
2. Зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтарға қайсысы жатады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.
2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1991
3 Ысқақов А. Грамматикалық мағына және граммаатикалық форма. //Қазақстан мектебі. 1961. №4. 60-66.
4 Ысқақов А. Грамматикалық категория туралы.// Қазақстан мектебі. 1961. №8. 39-45.
5 Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. //Қазақстан мектебі. 1962. №7.
6 Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. Кітап: Сөз өнері. Алматы, 1978. 21-18.
8-тәжірбиелік сабақ: Сын есімнің шырай категориясын жасайтын жұрнақтар
Сабақ мазмұны:
І. «Сын есімнің шырай категориясының теориялық сипаты
2.Сын есімнің шырай категориясының зерттелуіне шолу
3. Шырай категориясының жасалу тәсілдері және морфемдік көрсеткіштері
Сабақтың мақсаты: Сын есімнің шырай категориясының теориялық сипаты жайлы, сын есімнің шырай категориясының жасалу тәсілдері және морфемдік көрсеткіштері жайлы түсіндіру.
Әдістемелік нұсқау: Сын есімнің шырайлары – сын есімнің біртектес сапалық сынның бір-бірінен айырмашылығын анықтайтын категориясы.
Ғылыми еңбектерде шырай түрлері түрліше беріліп жүр: мектеп оқулықтарында 3 (жай, салыстырмалы, күшейтпелі), ал жоғары оқу орны оқулықтарында 4 түрі (асырмалы) беріледі. Бұлайша жіктеу олардың мағыналық реңктеріне байланысты: аппақ пен керемет ақ немесе тым аппақ деп айту оның ерекше аппақтығын білдіру, бір ғана түстің түрлі дәрежесі мен сапасын жеткізу мақсатынан туындаған.
№8 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
1. Сын есімнің шырай категориясының теориялық сипаты
2.Сын есімнің шырай категориясының зерттелуіне шолу
3. Шырай категориясының жасалу тәсілдері және морфемдік көрсеткіштері
1 Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.
2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1991
Ысқақов А. Грамматикалық мағына және граммаатикалық форма. //Қазақстан мектебі. 1961. №4. 60-66.
Ысқақов А. Грамматикалық категория туралы.// Қазақстан мектебі. 1961. №8. 39-45.
Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. //Қазақстан мектебі. 1962. №7.
Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. Кітап: Сөз өнері. Алматы, 1978. 21-18.
9-тәжірбиелік сабақ: Жалғаулар және олардың қызметі және мағыналары
Сабақ мазмұны:
1. Жалғаулар қызметі және мағыналары
2. Жалғаулар және оның түрлері
Сабақтың мақсаты: Жалғаулар қызметі және мағыналары, жалғаулар және оның түрлері жайлы түсіндіру.
Әдістемелік нұсқау: Жалғау— сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік (к.). Жалғаулар бірінен соң бірі жалғана береді. Мұндай жағдайда көбінесе алдымен көптік, онан соң тәуелдік, сөз соңында септік жалғаулары жалғанады, жіктік жалғауы да сөз соңында жалғанады: оқушы-лар-ымыз-ға, бала-мыз, келе-сіз. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша түрі жалғау деп аталады. Қазақ тілінде жалғаудың төрт түрі бар. Жалғау өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертпейді.
№9 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
1. Жалғаулар қызметі және мағыналары
2. Жалғаулар және оның түрлері
Әдебиеттер тізімі
1. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. Етістік.
2. Исаев С.М. Қазақ тілі. Алматы. Оқу құралы. 1993. – 170б
3. Мещанинов И. И. Члены предложения и части речи. Л., 1945
4. Шақаман Ы.Б. Қазақ тілі сөздерінің түрленім жүйесі мен қызметі, - Павлодар: ЭКО, 2008. – 172б
5. Исаев С.М. Қазақ тілі жайында ойлар. Алматы. 1997. – 202б
6. Кекілбаев Ә. Повестер мен әңгімелер. Алматы. Жазушы. 1978. – 348б
7. Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мәселері. Алматы. Арыс. 2007.- 488б
8. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998. – 509б.
10-тәжірбиелік сабақ: Нөлдік тұлға ұғымы, сипаты мен қолданылу ерекшеліктері
Сабақ мазмұны:
1. Нөлдік морфема туралы түсінік. Нольдік форма.
2. Нөлдік тұлға ұғымы, сипаты мен қолданылу ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: Нөлдік тұлға ұғымы, сипаты мен қолданылу ерекшеліктері жайлы түсіндіру.
Әдістемелік нұсқау: Қазақ тілінде нөлдік тұлға туралы нақты ғылыми пікір қалыптастырып, жүйелі түрде зерттеп, пікірталас тудырып, ғылыми теориялық көзқарасты орнықтырған ғалымдар - Ы.Е. Маманов, С.М. Исаев. Нөлдік тұлғаның қазақ тіліндегі алғаш ғылыми негізін салушы Ы.Е. Маманов[1] десек, С.М. Исаев [2] бұл ғалымның пікірін ары қарай жетілдірді. Нөлдік тұлға дегеніміз – бірден көзге танылмайтын, яғни арнайы грамматикалық көрсеткіші, нақты тұлғасы болмайтын, сөйте тұра сөйлемде белгілі бір сөзді екінші сөзбен грамматикалық жағынан байланыстырып, таза грамматикалық мағына білдіретін, қолданыс ішінде ғана қызмет атқарып, дерексіз (абстракциялық) танылатын тұлға[4]. Нөлдік көрсеткішті сөз қолданыс ішінде түбір сөзбен тұлғасы жағынан сәйкес көрінеді, бірақ олар бір деңгейде бола алмайды, олардың қызметі екі түрлі.
№10 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
1. Нөлдік морфема туралы түсінік. Нольдік форма.
2. Нөлдік тұлға ұғымы, сипаты мен қолданылу ерекшеліктері
Әдебиеттер тізімі
1. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. Етістік.
2. Исаев С.М. Қазақ тілі. Алматы. Оқу құралы. 1993. – 170б
3. Мещанинов И. И. Члены предложения и части речи. Л., 1945
4. Шақаман Ы.Б. Қазақ тілі сөздерінің түрленім жүйесі мен қызметі, - Павлодар: ЭКО, 2008. – 172б
5. Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мәселері. Алматы. Арыс. 2007.- 488б
11-тәжірбиелік сабақ: Нөльдік морфема және мағыналық оппозиция.
Сабақтың мазмұны:
1.Тәуелдік категориясының нөльдік формасы.
2. Сан категориясының нөльдік формасы.
3. Жіктеу жүйесіндегі нөльдік форма.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2
Сабақтың мақсаты: Нөльдік форманың мәнін түсініп, қазақ тілінің грамматикалық түрлену жүйесінен алатын орнын, түрлерін анықтап меңгеру.
Әдістемелік нұсқау: Нөльдік форманың мәні және ол туралы көзқарастарға шолу. Сөздікпен жұмыс. Талдаулар жасау.
№11 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
1.Нөльдік форманың парадигмалық сипаты мен сөз байланыстырушы тұлғаларға қатысты болуы.
2. Нөльдік форманың мәні және ол туралы көзқарастар.
3.Бұйрық райдың нөльдік формаға қатысы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.
2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1991
Ысқақов А. Грамматикалық мағына және граммаатикалық форма. //Қазақстан мектебі. 1961. №4. 60-66.
Ысқақов А. Грамматикалық категория туралы.// Қазақстан мектебі. 1961. №8. 39-45.
Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. //Қазақстан мектебі. 1962. №7.
12-тәжірбиелік сабақ. Қазақ тіліндегі көмекшілердің категорияларға қатысы.
Сабақтың мазмұны:
1.Дербестігі жоқ лексика-грамматикалық морфемалар.
2.Дербес сөздің тұлғасын таңдайтын көмекшілер.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3
Сабақтың мақсаты: Қазақ тіліндегі көмекшілердің категорияларға қатысы. Дербестігі жоқ лексика-грамматикалық морфемалар мен дербес сөздің тұлғасын таңдайтын көмекшілерге жайлы түсінгендерін толықтыру.
Әдістемелік нұсқау: Қазақ тіліндегі көмекшілердің рөлі мен маңызы. Конспект. Терминдерге түсініктеме беру.
№12 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
1.Сөздің анықтамасы қандай?
2.Сөздің дыбыстық жағы мен мағынасы арасындағы байланыс қандай деп аталады?
3.Сөз формалары.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.
2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1991
Ысқақов А. Грамматикалық мағына және граммаатикалық форма. //Қазақстан мектебі. 1961. №4. 60-66.
3 Ысқақов А. Грамматикалық категория туралы.// Қазақстан мектебі. 1961. №8. 39-45.
4 Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. //Қазақстан мектебі. 1962. №7.
5 Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. Кітап: Сөз өнері. Алматы, 1978. 21-18.
13-тәжірбиелік сабақ. Морфонологияның қарастыратын мәселелері
Сабақтың мазмұны:
1. Морфонология туралы түсінік
2. Морфонологияның зерттеу нысаны
Сабақтың мақсаты: Морфонология туралы түсінік және морфонологияның зерттеу нысаны жайлы түсінгендерін толықтыру.
Әдістемелікнұсқау:
Морфонология – морфеманың фонологиялық құрылымын және фонеманың морфологиялық қызметін зерттейтін тіл білімі саласы. Морфонологияның зерттеу нысаны ретінде морфемалар жігіндегі дыбыстық алмасулар (сеп-сеуіп) мен дыбысталудың түрлі нұсқалары (мұнда-бұнда) танылады. Зерттеушілер морфонологияны фонетика мен морфологияны жалғастырушы буын ретінде қарастырады кейде морфологияның бір саласы деп таниды. Қазақ тілбілімінде морфема жігінде болатын дыбыстық өзгерістерді дыбыстық алмасу, қыстырма дыбыс қосу, ықшамдау деп үшке бөледі. Дауысты дыбыс редукциясы, дауыссыз дыбыстардың түсіріліп айтылуы, апакопа, гаплологияқұбылыстары морфонологияға жатады.
№13 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
1. Морфонология туралы түсінік
2. Морфонологияның зерттеу нысаны
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.
2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1991
3 Ысқақов А. Грамматикалық мағына және граммаатикалық форма. //Қазақстан мектебі. 1961. №4. 60-66.
4 Ысқақов А. Грамматикалық категория туралы.// Қазақстан мектебі. 1961. №8. 39-45.
5 Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. //Қазақстан мектебі. 1962. №7.
Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. Кітап: Сөз өнері. Алматы, 1978. 21-18.
14-тәжірбиелік сабақ. Қазақ тіліндегі фонетикалық құбылыс пен морфонологиялық құбылыстар
Сабақтың мазмұны:
1. Қазақ тіліндегі фонетикалық құбылыстар
2. Морфонологиялық құбылыстар
Сабақтың мақсаты: Қазақ тіліндегі фонетикалық құбылыс пен морфонологиялық құбылыстар жайлы түсінгендерін толықтыру.
Әдістемелік нұсқау: Тіл білімінде фонологиялық және морфонологиялық алмасулардың арасында қандай айырмашылық бар екендігін нақты көрсетудің маңызы зор. Фонологиялық алмасу негізінен қай тілде болмасын сөйлеуші ұлттың артикуляциялық мүмкіндігіне байланысты қалыптасады да, басқаша ауытқу болмайды. Морфонологиялық құбылыстар болса, артикуляцияның мүмкіндігіне бағынбайды. Сондықтан морфонологиялық құбылыстар бірыңғай қалыпта кездесе бермейді. Фонетикалық құбылыстар көрші дыбыстардың ілгерінді, кейінді ықпалы нәтижесіндегі өзгерістерге тәуелді болса, морфонологиялық құбылыстар - сөйлеу кезіндегі әртүрлі айтылу дағдысымен нормаға түскен, артикуляциялық жағынан бағынышты болмайтын өзгерістер.
№14 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
1. Қазақ тіліндегі фонетикалық құбылыстар
2. Морфонологиялық құбылыстар
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Айғабылұлы А. Қазақ тілінің морфонологиясы. – Алматы: Санат, 1995. – 136 б.
2. Жанабаева С.Б. Сингармонизм и слова во фразе (экспериментально – фонетическок исследование на материале казахского языка) АКД. – Ленинград, 1985. – 26 с.
3. Жүсіпұлы М. Ахмет Байтұрсынов және қазіргі қазақ тілі фонологиясы. – Алматы, 1998. – 216 б.
4. Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы, 2001.
5. Қалиев Б. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың редукциясы. – Алматы: Ғылым, 1984. – 116 б.
6. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. – Алматы: Ғылым, 1986. – 192 б.
7. Қазақ грамматикасы. – Астана: Елорда, 2002. –784 б.
15-тәжірбиелік сабақ. Қазақ морфонологиясының зерттелуі
Сабақтың мазмұны:
1. Қазақ морфонологиясының зерттелуі
2. Морфонологиялық құбылыстар мен фонетика арасындағы өзгерістердің ара жігі
Сабақтың мақсаты: Қазақ морфонологиясының зерттелуі жайлы түсінгендерін толықтыру.
Әдістемелік нұсқау: Қазақ тіліндегі морфонологиялық құбылыстардың зерттелуі нәтижелері бойынша фонетика саласындағы түсіндірілуі қиын бірқатар мәселелердің шешімі табылды. Морфонология саласындағы зерттеулер фонетика-фонологиялық заңдылықтарды дұрыс тани білуге де ықпал етті. Фонетика саласын қарастыру барысында әлі де кейбір алмасуларды нақтылап, оның қай саладағы өзгерістерге жататындығына ерекше мән беру керек. Бұрынғы оқулықтардағы деректерге зер сала қарап, морфонологиялық құбылыстар мен фонетика арасындағы өзгерістердің ара жігін зерделей түсу қажет. Ғылым дамуының соңғы жетістіктері қазақ тіл білімінің жан-жақты зерттеулермен толыға түсіп жаңа бағытта ізденістер жүргізуіне жол ашты. Фонетика мәселелерін қарастыру барысында морфонология саланың қазақ тіл білімінде зерттелуіне ерекше үлес қосқан, морфонология жөнінде артына құнды ғылыми мұра қалдырған ғалым А.Айғабылұлы зерттеулерін басшылыққа алып отырамыз. Морфонологияның зерттеу нысаны мен бірліктері, оның пайда болу жолдары т.б. жан-жақты зерттелуі фонетика мен морфология саласының да алға басуына игі ықпал етті, себебі бұл саладағы кейбір түсіндірілуі қиын құбылыстардың сыры ашыла түсті.
№15 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
1. Қазақ морфонологиясының зерттелуіне қай ғалымдар үлес қосты ?
2. Морфонологиялық құбылыстар мен фонетика арасындағы өзгерістердің ара жігі неден көрінеді ?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.
2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1991
Ысқақов А. Грамматикалық мағына және граммаатикалық форма. //Қазақстан мектебі. 1961. №4. 60-66.
3. Ысқақов А. Грамматикалық категория туралы.// Қазақстан мектебі. 1961. №8. 39-45.
4. Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. //Қазақстан мектебі. 1962. №7.
5. Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. Кітап: Сөз өнері. Алматы, 1978. 21-18.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
5.1 Студенттің өздік жұмысының ұйымдастырылуына әдістемелік нұсқаулық
№
|
Тақырып
|
Тапсырма мазмұны
|
Бақылау түрі
|
Жоғары ұпай
|
Тапсыру уақыты
|
1
| Морфемика туралы түсінік.
|
Тіл білімінің морфемика саласы жайлы түсінік, зерттеу нысаны.
|
Конспект
|
5
|
2 апта
|
2
|
Түбір морфема.
|
Түбір морфеманың өзіндік белгілері, түрлері.
|
реферат
|
5
|
3 апта
|
3
|
Аффикстік морфемалардың түрлері.
|
Аффикстік морфемаларға тән белгілер, түрлері, қызметі.
|
Конспект
|
5
|
4 апта
|
4
|
Синтетикалық жасалымды сөзформалар.
|
Синтетикалық жасалымды сөзформалардың өзіндік ерекшелігі, құрылымы.
|
ауызша
|
5
|
7 апта
|
5
|
Аналитикалық жасалымды сөзформалар.
|
Аналитикалық жасалымды сөзформалардың өзіндік ерекшелігі, құрылымы.
|
конспект
|
5
|
8 апта
|
6
|
Морфонология жайлы түсінік.
|
Морфонологияға жалпы сипаттама. Морфонолгияның фонологиядан, фонетикадан айырмашылығы.
|
ауызша
|
5
|
9 апта
|
7
|
Қазақ морфонологиясы.
|
Қазақ морфонологиясының зерттеу обьектілері мен міндеттері.
|
ауызша
|
5
|
11 апта
|
8
|
Нольдік морфема және мағыналық оппозиция.
|
Нольдік морфема және мағыналық оппозиция жайлы түсінік.
|
реферат
|
5
|
12 апта
|
9
|
Тәуелдік категориясының нольдік формасы.
|
Тәуелдік категориясының нольдік формасы
|
жазбаша
|
5
|
13 апта
|
10
|
Сан категориясының нольдік формасы.
|
Сан категориясының нольдік формасы.
|
Конспект
|
5
|
14 апта
|
11
|
Жіктеу жүйесіндегі нольдік форма.
|
Жіктеу жүйесіндегі нольдік форманың ерекшеліктері.
|
Конспект
|
5
|
15 апта
|
12
|
Қазақ тіліндегі көмекшілердің категорияларға қатысы.
|
Қазақ тіліндегі көмекшілердің категорияларға қатысы.
|
конспект
|
5
|
15 апта
|
Реферат тақырыптары:
Морфемалардың жіктелуі туралы пікірлер
Түбір морфемалар туралы ғалымдар көзқарастары
Қосымша морфемалардың белгілері, іштей жіктелуі
Морфонологиялық құбылыстардың пайда болу жолдары.
Сөз құрамының ұлғаюы мен сөз құрамының ықшамдалу жолдары мен принциптері
Достарыңызбен бөлісу: |