Важность патриотического воспитания Балаларда патриоттық сезім тәрбиелеудің маңызы



Дата21.07.2020
өлшемі21,58 Kb.
#63574

Важность патриотического воспитания
Балаларда патриоттық сезім тәрбиелеудің маңызы

Қазіргі таңда балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселесі көкейтесті мәселелердің бірі болып тұрғаны баршамызға мәлім. Бұл мәселе әлеуметтік оңалту үдерісінде, тұлғаның әлеуметтік ортада өз орнын табуына және өмір жолын таңдауына жаңа сипатқа ие болып, өзінің шешу  жолдарын табу үшін жаңа әдістерді таңдауына тура әкеледі. Тұлғаның адамгершілік қасиеттері мектепке дейінгі жаста қалыптаса бастайды. Бала тәрбиесіне халқымыз аса зор көңіл бөлген. Болашақта өзіне сенімді әрі білімді де тәрбиелі азамат қалыптасуы үшін балаларды кішкене күнінен тек жақсылыққа тәрбиелеп, отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа баулуымыз керек.

Осыған байланысты қазіргі балабақшаларда жұмыс істейтін мамандардарға балаларды тәрбиелеуде азаматтық сезімге, өз Отанын мақтан тұту сезімін қалыптастыру міндеттері қойылады. Аталмыш міндеттерді шешу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларда азаматтық-отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тиімді педагогикалық мақсат қою қажет.

Бірақ балаларды азаматтық-отансүйгіштік тәрбиелеу бойынша жұмыстарды тиімді ұйымдастыруда кедергі жасайтын бірқатар проблемалар орын алып жатыр, олардың ішінде:

-оқыту үдерісінің жеткіліксіз бағдарламалық-әдістемелік қамтылуы;

-қазіргі уақытқа дейін сақталған білім беру мекемесінің материалдық-техникалық базасының толық қамтылмауы;

-балаларды азаматтық-отансүйгіштікке тәрбиелеуді насихаттауда бұқара-ақпарат құралдарының қызығушылығының болмауы және т.б.

Әдістемелік әдебиеттерде көбінесе отансүйгіштікке  тәрбиелеу мәселесінің нақты жұмыс түрлеріндегі тек жеке жақтары ашылып, осы мәселенің барлық жақтарын көрсететін жүйесі қалыптасқан жоқ.

«Отанды сүю отбасынан басталады», сондықтан отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Баланың өзінің тіліне, дініне, ұлтына деген сүйіспеншілік әкенің көзқарасымен, анасының сүтімен беріледі. Бала туғаннан өзінің тілінде әлдилеген  ән тыңдаса, тілі шыққаннан мақал-мәтелдер естіп өссе баланың ұлтжандылық сезімі оянады. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм» ұғымдары. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темір қазығы – «қазақстандық-патриотизм» болып табылады.  «Қазақстандық-патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін білдіреді.

«Отансыз адам болмас, ормансыз бұлбұл болмас» деген халық нақылы тегіннен айтыла салмаған. Өйткені, Отан деген киелі ұғымды түсіну әр адамның туған жерінен, өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алады. Отансүйгіштік пен патриотизм бір-бірімен егіз ұғымдар. Ұрпақ тәрбиесі қашаннан өз мәнін биік ұстайды. Сондықтан қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған  ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу-білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың ғана емес, әр жанұяның бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Толық жетіліп қалыптасқан ұлттың сана- қабілетінде, түсінік-талғамында, мінез-құлқында өзіне тән ерекшелік менталитеті болатынын ғылым дәлелдеген.

Қазіргі таңда қоғамды қайта қалыптастыру кезеңінде халқымыздың ең үздік рухани дәстүрлеріне бет бұру қажеттілігі орын алып отыр. Олардың қатарына туыстық, отан мәңгілік түбегелі ұғымдары жатады. Мектепке дейінгі жастан бастап балалардың жоғары рухани және моралдық-психологиялық қасиеттерін тәрбиелеу керек, олардың ішінде отансүйгіштік ерекше орын алады.

Отансүйгіштік ұғымы жан-жақты. Мұнда басым орынды отанға деген сүйіспеншілік алады. «Отан» ұғымына өмір сүру жағдайы кіреді, атап кеткенде аумақ, климат, табиғат, қоғамдық өмірдің ұйымдастырылуы, тіл және тұрмыс ерекшеліктері деген ұғымдардан құралады. Патриот болу-өзін Отанының ажырамас бөлігі ретінде сезіну. Осы күрделі сезім балалық шақта қоршаған орта әлеміне деген құндылығын бағалау негіздерін қалау арқылы қалыптасады.

Әр мектепке дейінгі мекемеде отансүйгіштікке тәрбиелеу келесі бағыттарда жүзеге асырылады: рухани - адамгершілік, әлеуметтік, эстетикалық, өлкетану, еңбек, интеллектуалдық, отбасымен бірге жұмыс істеу. 

Осы жұмысты жүзеге асыру үшін  отансүйгіштікке тәрбиелеу  бағдарламасы шеңберінде жүйелі жұмысты тәрбиеші ата-аналармен бірге ұйымдастыруы қажет. Осыған орай келесі міндеттер кешенін орындау керек:

- балаларды өз отбасын, балабақшаны, көшені, қаланы сүюге, табиғатты  аялауға тәрбиелеу;

- балаларды мемлекеттік рәміздермен таныстыру (елтаңба, ту, әнұран);

- елінің, халқының, қаласының жетістіктерін мақтан тұту, жауапкершілік сезімін дамыту;

- басқа ұлт өкілдерін сыйлау, олардың дәстүрлерін дәріптеу сезімін қалыптастыру;

- еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу;

- ұлттық қолөнер шеберлігін білуге қызығушылықты қалыптастыру;

- адам құқықтары жөніндегі алғашқы білімдерін кеңейту;

- Қазақстанның қалалары туралы білімдерін тереңдету.

Осы міндеттердің барлығы балалармен қарым-қатынас түрлерінде шешіледі, яғни ойындар, еңбек ету, тұрмыстық жағдаяттар кезінде.

Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу қоғамның қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерін Отанға деген сүйіспеншілік сезімін, Отанның тарихи-мәдениет рухани мұрасына тану қызығушылығын дамытуға міндеттейді. Өз тарихын білмеген, болашағы жоқ адам, дегендей, өз шығу тегін, халқының дәстүрін білмеген адамды отбасын, елін, халқын сүйетіндей, басқа халықтарды құрметтейтіндей тәрбиелеуге болмайды.

Азаматтықты тәрбиелеу оның кіші еліне деген құрметтеуден басталады. Мектепке дейінгі жастағы бала отансүйгіштікке жолды туыстарға, айналасына, балабақшаға, қаласына деген сезімдері арқылы бастайды. Бүлдіршін өзін ел азаматы ретінде сезіну үшін айналасындағы жақсы үлгілерді көру керек. Осыған орай балабақшадан бастап мемлекеттік рәміздерге, халықтық салт-дәстүрлерге көзқарасы қалыптасады. Әрине осы мәселені шешуде халық ертегілері өзінің орнын алады. Бүлдіршін ертегілердің кейіпкерлерін үлгі ретінде қабылдап, өз жүрегінен өткізіп, эмоция арқылы сезімін білдіреді. Нәтижесінде олар өздерін кейіпкерге ұқсатып, бүлдіршін жасынан бастап адамгершілікке, отансүйгіштікке, әдептілікке бағытталып, балалар өздері жақсы қасиеттерге тартылады.

Қазақ халқының ерекше өз ертегілер әлемі қалыптасқан. Халықтық салт-дәстүрлерге үйрету, фольклор арқылы халықтың жанын білуге, рухани байлық құндылықтарды бағалауын көруге болады.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде кеңінен халық ауыз әдебиетінің материалдары қолданылады. Бірақ осы әдісті бір жүйеге келтірген жөн. Мысалы, мақал-мәтелдерді жай жаттаумен қатар оларды түсіндіріп, белгілі жағдайда орынды болуын көрсету керек.

Бүлдіршіндерді отансүйгіштікке тәрбиелеуде өлкетану негіздерін қолдануға болады. Балалар арасында «Менің көшем», «Менің қалам» атты көркем сурет көрмесін  ұйымдастыруға болады. Осында жіберілетін бір қателік балалардың жұмыстарын іріктеуге болмайды, себебі баланың суреті оның ішкі сезімін білдіреді.

Балабақшадағы тәжірибеге келсек, бүлдіршіндерді адамгершілік отансүйгіштікке тәрбиелеу жұмыстарын олардың өз туған қаласының тарихы, оның көркем жерлері, мәдениеті, қаһармандары туралы білімдерін диагностикалап отыру керек.

Отансүйгіштікке тәрбиелеуде қойылған міндеттерді шешу мақсатында топта пәндік-дамыту орта қалыптастырылған. Қалыптастырылған орта арқылы туған өлке тарихын және дәстүрлерін тереңінен білуге жағдай жасалған. Мұнда: балаларға аталған тақырыпта жазылған әдебиеттер кітіпханасы, балалармен жұмыс істеуге арналған «Көкшетау қаласы бойынша саяхат», «Көкшетау қаласының тарихынан», «Көкшетау қаласының қаһармандары» атты альбомдар. Ойын бұрыштарында аталмыш тақырыптарда рольдік ойындарды ойнатуға қажетті кұралдар жиналған. Мысалы, ұл балалар үшін әскери ойын құралдары, қыз балалар үшін әскери санитарлар құралдары.

Жалпы әр дамыту бағыты бойынша жұмыс мазмұнын ашатын перспективтік жоспар құрастырылған.

Жұмыс мазмұнын жүзеге асыру түрлі нысандар бойынша өтеді: балалармен әңгіме құрастыруда, кітаптарды оқып, талқылау, Ұлы Отан соғысы туралы әңгіме құрастыру, қаланың көріністеріне жаяу саяхат жасау, әскери- патриоттық ойындарды ұйымдастыру. Сонымен қатар жоспарға Ұлы Отан соғыс ардагерлерімен кездесулердің, тақырыптық көрмелердің, мерекелік шаралардың  ұйымдастырылуы енгізілген. Мысалы, Жетінші мамыр — Отан қорғаушылар күні. Осындай түрлі жұмыстарды қолдану арқылы балаларға білім беру үрдісінің тиімділігіне әсер етіп, отансүйгіштік сезімге тәрбиелеуге жағымды әсер етіледі.

«Отансүйгіштікке тәрбиелеу отбасынан басталады» деп жоғарыда айтып кеттік. Бүлдіршін өз отбасының да тарихын білу керек. Бала өз отбасын мақтан тұтса, өзін де сыйлай бастайды, жоғары бағалайды. Арнайы отансүйгіштікке мәжбүрлеуге болмайды, нәтиже болмайды.

Сондықтан бүлдіршіндерді туған өлкесімен таныстыруда ата-аналармен тығыз қарым-қатынас арқылы жұмысты ұйымдастыру керек. Осы бағытга да перспективтік жоспар құралған. Жоспарға ата-аналар жиналыстарының, әңгімелердін, кеңес берулердің, түрлі шығармашылық сайыстардың  және көрмелердің ұйымдастырылуы енгізілген. Топта ата-аналарға арналған әдістемелік кітапхана жиналған.

Жастайынан  туған өлкесіне деген  сүйіспеншілік сезімі  адам есінде  өмір бойы қала береді.

Мектепке дейінгі білім мекемелерінде рет-ретімен, жүйелі түрде ұйымдастырылған жұмыс нәтижесінде бүлдіршіндерді болашақта жауапкершілігі жоғары, белсенді азаматтық ұстанымы бар, туған өлкесіне қатыстығын сезінетін, халқын, Отаның, отбасын, сүйетін, өз азаматтық парызын әрдайым өтеуге дайын болатын тұлға ретінде тәрбиелеуге әкеледі.



Сонымен, қорытындылай келе, Отанның гүлденуіне және оны қорғауға деген патриоттық сезім адам жүрегінде өмір сүрген, өмір сүре бермек. Бірақ патриоттық сезім адамда өзінен өзі, не болмаса туа пайда болмайды. Ол ерте жастан адамға әсер ететін, ұзақ мақсатты түрде бағытталған тәрбиенің қорытындысы. Патриотизм ортаның, отбасындағы тәрбиенің, мектептің, мектепке дейінгі мекеменің және түрлі коғамдық ой-пікірлердің әсер етуімен қалыптасады. «Патриотизм, — дейді ұлтымыздың батыры Б.Момышұлы, — Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік кауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екенін мойындау, яғни патриотизм дегеніміз — мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан өткені мен бүгінгі куні және болашағымен қарым-қатынасын білдіреді». Қазақ халқының өткені мен бүгінін таразыға сала отырып, келешегіне отаншылдық туын арқау еткен асқақ, жандары таза жас ұрпақты тәрбиелеу мен қасиетті Отанның қадірін ұғындыру, ар, намыс, ождан сөздерін ұлт, атамекен, халық сияқты киелі түсініктермен байланыстыру арқылы болашаққа бағыт сілтеу әрбір педагогтің міндеті.
Жунусова Жанар Жунысбековна

Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы

9 «Қарлығаш» балабақшасының меңгерушісі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет