Валюталық жүйе және оның түрлері



бет6/6
Дата04.01.2022
өлшемі36,87 Kb.
#109429
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
макро семинар 12

Дисконттық (есепке алу) саясаты — бір жағынан, валюталық бағам мен төлем балансын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер динамикасын, ақша массасын, бағаны, жиынтық сұранысты реттеуге бағытталатын орталық банктің есепке алу мөлшерін өзгертуі.

Мысалға: пассивтік төлем балансы кезінде капиталдың еркін орын ауыстыруы жағдайында есепке алу мөлшерінің кетерілуі, ең төменгі пайыз мөлшерлемесі бар елдерден, капиталдың келуін ынталандырып, төлем балансының жағдайын жақсартады және валюталық бағамды арттыра түседі. Ал, егер орталық банк есепке алу ресми мөлшерін төмендететін болса, отандық және шетелдік капитал сыртқа ағылып, төлем балансының, активтік қалдығы азаяды және валютаның бағамы төмендейді.

Қазіргі жағдайда дисконттық саясаттың тиімділігі төмендеген. Себебі, егерде төлем балансын жақсарту мақсатында есепке алу мөлшерін арттыратын болса, оның экономика үшін теріс әсері болады. Ал оның төмендеуі, төлем балансына кері әсер етіп, яғни капиталдың сыртқа ағылуына жол береді.

Девиздік саясат -мемлекеттік ұйымдардың немесе орталық банктің шетел валюталық сату және сатып алу жолымен ұлттық валюта бағамына әсер ету әдісі.

Ұлттық валюталық бағамын көтеру мақсатында орталық банк шетел валютасын сатады, ал бағамын түсіру үшін, шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау арқылы сатып алады.

Девиздік саясат көбіне валюталық интервенция нысанында жүзеге асырылады. Валюталық интервенция XIX ғасырдан бастап қолданыла бастаған. Алтын монометализмі алынып тасталғаннан кейін валюталық интервенция кеңінен қанат жайды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, жаңа құбылыс ретінде мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымдары — ХВҚ, сондай-ақ аймақтық — Еуропалық валюталық институт құрылды (1994 жылы)



Валюталық резервтерді диверсифкациялау - бұл халықаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ету, валюталық интервенция жүргізу және валюталық шығындардан сақтау мақсатында әр турлі валюталарды қосу жолымен валюталық резервтердің қурылымынреттеуге бағытталған мемлекеттің және банктердің саясаты.

Бұл саясат қарапайым түрде түрақсыз валюталарды сату және халықаралық есеп айырысулар үшін қажетті тұрақты валюталарды сатып алу жолымен жүзеге асырылады.

Валюталық паритет және валюталық бағам режимі Ұлттық және мемлекетаралық реттеу объектісі болып табылады.

Девальвация мен ревальвация — валюталық саясаттың дәстүрлі әдістеріне жатады.

Девальвация — ұлттық валютаның бағамын, шетел валюталарына қатынасын төмендету.

Ревальвация — ұлттық валюта бағамын, шетел валюталарына қатынасы бойынша жоғарылату.

Девальвация пайызын есептеу формуласы мынадай:

мұнда,

Б е — ескі бағам;



Бж — жаңа бағам.

Ревальвация пайызын есептеу формуласы:

Мысалға: фунт стерлинг бағамы арнайы түрде 2.8 ден 2.4 долларға дейін төмендетілді. Мұндағы девальвациялау пайызын есептейік:

Сол сияқты, фунт стерлингтегі 1 доллардың бағамын анықтайық, 1 фунт ст.=2.8 доллар. X = 1 доллар.

Демек, девальвациялауға дейін фунт стерлингі бағамы 1 доллар = 0.35 фунт стерлинг тұрса, ал, девальвациялаудан кейін, ол, 0.41 фунт стерлингті құрады. Доллардың ревальвациялану мөлшері мынадай жағдайда анықталады:

Валюталық саясаттың келесі бір формасы ретінде валюталық шектеу үздіксіз пайдаланылады.



Валюталық шектеу — резиденттер мен бейрезиденттердің, валюталар және басқа валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларын заңды түрде немесе әкімшілік түрде тыйым салуы немесе шектеуі.

Валюталық шектеу, валюталық бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады.

Валюталық шектеу валюталық заңдылықтармен бекітіледі.

Валюталықшектеудің мақсаттары келесідей:



  • телем балансын теңестіру;

  • валюталық бағамды қолдау;

  • ағымдағы және стратегиялық міндеттерді шешу үшін мемлекеттің қолында валюталық бағалылықтардың шоғырлануы.

Валюталық шектеу келесідей қағидаларға сүйенеді:

  • Валюталық операцияларды орталық және өкілетгі (девиздік) банктерде орталықтандырылуы;

  • Валюталық операция жасау ушін рұқсат қағазының (лицензия) берілуі;

  • Валюталық шоттарды толық немесе жартылай жабу;

  • Валюталардың қайтарымдылығын шектеу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет