Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет41/85
Дата13.09.2023
өлшемі6,68 Mb.
#180904
түріМазмұндама
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   85
Байланысты:
2 5355048207715931999

АЛТЫННЫҢ БІРІНШІ ЗАҢЫ
Табысының кемінде оннан бір бөлігін 
өзі мен отбасының болашағына арнап 
жинайтын адамның қолына алтын 
келеді және молаяды.
Табысының оннан бір бөлігін тұрақты түрде жи-
нап, оны іске ақылмен, күдіксіз салған адам өз бо-
лашағына жететіндей әрі құдайлар шақырғанда 
артында қалған отбасының қиналмай күн кешуіне 
кепілдік беретіндей лайықты байлыққа қол жет-
кізеді. Бұл заң алтынның әрқашан осындай іскер 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
88
адамның қолына жиналатынын айтып тұр. Бұған 
куә ретінде өз өмірімді мысал етіп келтіре аламын. 
Алтыным көбейген үстіне көбейе берді, яғни алтын 
алтынды шақырды. Жиналған алтын болжағаным-
нан да артық табыс әкелді. Өз кезегінде, жиналған 
қор еселене түседі екен. Бірінші заңның осындай ке-
ремет күші бар.
АЛТЫННЫҢ ЕКІНШІ ЗАҢЫ
Өзіне табысты кәсіп тапқан адамның 
алтыны ынталы әрі қалтқысыз жұмыс істеп, 
өрістегі мал сияқты көбейеді.
Асылында, алтыннан асқан еңбекқор жоқ. Қажет-
ті мүмкіндік туғанда ол құлшыныспен молаяды. 
Алтын жиған әр адам осындай тиімді мүмкіндікке 
ие болады. Жыл өткен сайын оның саны артып, қай-
ран қалдырар мөлшерге жетеді.
АЛТЫННЫҢ ҮШІНШІ ЗАҢЫ
Білікті адамдардың кеңесіне құлақ асып, 
ақылмен іске жаратқан парасатты 
жанның алтыны таусылмайды.
Алтын шынында да қамқор қожайынға жұғысты 
болып, осыған керісінше аңғалдардан аулақ жүре-
ді. Алтынның қадірін білетін адамдардың кеңесіне 
ден қойғандар қор жинағын тәуекелге салмауды үй-
ренеді, оны қол тигізбей сақтап, көбею қуанышына 
бөленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет