Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет12/85
Дата13.09.2023
өлшемі6,68 Mb.
#180904
түріМазмұндама
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   85
Байланысты:
2 5355048207715931999

«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
32
Аркад өз әңгімесін бітірген сәтте достарының бірі 
былай деді:
– Жолың болды, Альгамиш сені өзінің мұрагері 
етті.
– Жолымның болғаны сол – онымен кездескенге 
дейін де байлыққа ұмтылдым. Оған төрт жыл бойы 
өзімнің мұратыма жететінімді дәлелдедім емес пе? 
Төрт жыл бойы балықтың қабу тәсілін зерделеп, жел 
бағытының құбылуына қарамастан, ауды тиісті жер-
ге құра алатын адамды қалай жолы болғыш жан деп 
есептейсің? Сәттілік – тәкаппар құдай. Ол дайынды-
ғы шикі адамға уақыт жұмсамайды.
– Сенің ерік-жігерің мықты. Алғашқы жиған-тер-
геніңді желге ұшырған соң, сен бәрін басынан қайта 
бастай алдың.
– Күшті ерік-жігер дейсің бе? Бос сөз. Түйе де кө-
тере алмас жүкті көтеруге, яки өгіз тарта алмас ар-
баны тартуға жетерлік ерік-қуатты адамға бере ме? 
Ерік-күш дегеніміз – бар болғаны айдаушы ғана, 
ол алдыма қойған міндетті орындауға итермелейді. 
Алдыма түкке тұрғысыз мақсат қойсам да, соған же-
темін. Әйтпесе өзімді мұндай маңызды істерге сал-
мас едім. Егер өзіме-өзім: «Жүз күн бойы сен қалаға 
бара жатып, көпірден өтерде жолдағы тастарды жи-
нап алып, өзенге лақтыруың керек», – десем, солай 
етер едім. Егер де жетінші күні көпірден өтерде тас 
лақтыруды ұмытып кетсем, онда өзіме: «Ертең бір-
ден екі тас лақтыруың керек», – демей, кері бұры-
лып, ойдағыны іске асырар едім. Ал жиырмасыншы 
күні кенет өзіме-өзім: «Аркад, жетер, пайдасыз іс 
қой. Күн сайын тас лақтырғаннан не бітеді? Одан да 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
33
бірден жинап алып, лақтырып тынсайшы», – дегім 
келсе, жоқ, олай айтпас та, істемес те едім. Егер ал-
дыма міндет қойсам, оны орындаймын. Сол себепті 
күрделі, орындалмайтын мақсатқа ұмтылмаймын.
Сонда екінші бір досы орнынан тұрып былай деді:
– Сенің айтқандарың рас және бәрі сондай жеңіл 
болса, неге айналаңда кедей-кепшік толып жүр?
– Адамдар еңбегін жұмсаса ғана байлық еселене тү-
седі, – деді Аркад. – Егер бай өзіне жаңа сарай салса, 
құрылыс үшін төленген барлық алтын жойылып кете 
ме? Жоқ. Қыш құюшы мен қалаушы да, суретші де 
өз үлестерін алады. Құрылыста еңбек еткен әр адам-
ның өз үлесі бар. Сарай пайдалануға берілгенде оның 
құны жұмсалған барлық қаржыдан артық болмай 
ма? Сондай-ақ сарай тұрғызылған жер мен оның ай-
наласындағы жер телімдерінің бағасы қымбаттамай 
ма? Байлық сиқырлы жолдармен еселенеді, ал бұл 
жолдар ешкімнің рұқсатын, келісімін қажет етпейді. 
Финикийліктер өздерінің ірі қалаларын сауда кеме-
лерімен теңіздің арғы жағынан әкелінген байлықтың 
есебінен құнарсыз жерге салып алды емес пе?
– Ал енді біздің де баюымыз үшін сен қандай ке-
ңес берер едің? – деп сұрады үшінші дос. – Жылдар 
жылжып, біз қартайып барамыз, күтуге уақыт жоқ.
– Альгамиштің даналығын пайдаланыңдар да, өз-
деріңе мынаны айтыңдар: «Мен тапқан барлық ақ-
шаның бір бөлігі өзіме тиесілі». Содан соң барлық 
табыстарыңның жұмсамауға болатын бір бөлігін жи-
нап, сақтауға тырысыңдар. Ол табыстың кемінде он-
нан бір бөлігі болсын. Бұл үшін қажетті барлық шы-
ғыстың есеп-қисабын жасаңдар. Бірақ алдымен өз 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет