«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
101
– Ал мынау, – деп жалғастырды Матон, – түйін-
делген жіңішке арқанды алып жатып, – түйе сау-
дагері Небатурға тиесілі. Ол көп түйе
сатып алуға
ақшасы жетпегенде осылайша түйін түйеді, ал оған
қанша керек болса, сонша алтын беремін. Ол қабі-
летті саудагер. Оның ақыл-есіне сенемін, сондықтан
да оның меселін қайтармаймын.
Вавилондағы басқа
да саудагерлер сеніміме толық кіріп алған, өйткені
олар әрқашан адамдықтан ауытқымайды. Олардың
кепілзаты сандығымда көп жатпайды. Жақсы сау-
дагерлерді қаламыздың дәулеті десе, артық емес.
Оларға көмектесу маған тиімді, ал менің ақшамды
пайдалану оларға тиімді.
Матон сандықтан көгілдір ақық тастан ойыл-
ған қоңыз бейнесін шығарды да, еденге лақтырып
жіберді.
– Мына қоңыз Мысырдан. Бұны қалдырған адам
қарызын қайтару туралы тіпті ойламайды да. Есіне
салғанымда ылғи да: «Зұлым тағдыр аяғымнан ша-
луын қоймаса, қарызды қалай қайтарамын. Сенде
онсыз да ақша көп қой», – дейді. Не істейін? Кепілзат
оның абыройлы әкесіне тиесілі, ол
баласының ісін
қолдау үшін жерін де, малын да кепілдікке қойды.
Алғашқыда оған сәттілік жолдас болды, кейіннен
оның сараңдығы мен тәжірибесіздігі түбіне жетті.
Бастаған ісі жарты жолда аяқсыз қалды.
Жастық шақта адам тәуекелшіл келеді. Байлық-
қа, сол байлық алға тартатын игіліктерге барар же-
ңіл жол іздейді. Жас адамдар тезірек баю үшін алды-
артын ойламай қарыз ала береді. Өмірден әлі жапа
шекпегендіктен, олар негізсіз қарыздың бір түссең