Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет66/85
Дата13.09.2023
өлшемі6,68 Mb.
#180904
түріМазмұндама
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   85
Байланысты:
2 5355048207715931999

«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
138
еттік. Қарызымыздың тізімін жасап, мен оны қо-
лыма ұстап, қарыз берушілерді аралап шықтым.
Қарызды бұрынғыдай төлеудің мүмкін еместігін 
жеткіздім, олар есеп-қисабымды қарап, амалсыз ке-
лісті. Оларға қарыз төлеудің барынша тиімді жолы 
табысымның жиырма пайызын ғана бөліп алып, 
соны бәріне бөліп беру екенін айттым. Осылай жа-
сағанда бәрімен де екі жылдан сәл көп уақытта 
есептесуіме мүмкіндік береді. Бұған қоса, біз олар-
мен несиеге емес, тек қана қолма-қол ақшаға сауда 
жасауға келістік.
Олардың бәрі де қайырымды жандар болып шық-
ты. Біздің азық-түлік сатушы қартымыз ақыл-
ды кісі екен, өз ойын былай білдіргенде, өзгесі оны 
бірден ұқты: «Егер сендер қолма-қол ақшаға сауда 
жасаумен қатар қарыздарыңды қоса төлеп отыр-
саңдар, бұл бұрынғы жағдайдан әлдеқайда артық 
қой. Өйткені қарыздарың соңғы үш жылда мүлде 
кемімеген».
Ақырында барлығымен табысымның жиырма па-
йызын бөліп алып, содан тұрақты түрде қарызым-
ды өтеу барысында олардың мені мазаламаулары 
туралы жазбаша ресми келісімге отырудың сәті 
түсті.
Содан соң табыстың жетпіс пайызына күн көру 
жайын ойластырдық. Түрлі шығыстардан қала-
тын он пайызды қор ретінде өзімізге жинауды да 
қолға алдық.
Бұл шынында да тиімді әрекет. Бұл есеп-қисап 
бізге ұнады, қарап отырсақ, жетпіс пайызбен де күн 
көруге болады екен.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
139
Біз пәтерақыны төлеуден бастадық және қожа-
йын бізге біршама жеңілдік жасады. Келесі кезекте 
өзіміз ұнататын шай сұрпынан бас тарттық та, 
арзан бағаға да сапалы азық-түлік алуға болатыны-
на таңдана көз жеткіздік.
Хатқа түсіруге бұл хикая соншама ұзақ, деген-
мен жүзеге асыру соншалықты күрделі іс емес екен. 
Біз оны жүзеге асырып, өзімізге-өзіміз риза күй кеш-
тік. Ісіміз оңға басып, бізді бұрынғы қарыздық мін-
деттемелер мазаламайтын халге жеткенде кере-
мет жеңілдікті сезіндік, оны сөзбен айтып жеткізу 
мүмкін емес.
Табысымыздың қор жинағына бағытталған он 
пайызы турасында ерекше айтып өткен жөн. Иә, 
жинағымыз біршама уақыт молайды. Бірақ алдын 
ала күлмей тұра тұрыңыз. Ақшаны жұмсағаннан 
гөрі, оны жинау әсерлі әрекет екен. Оны қайта- 
қайта санаудың өзі неге тұрады!
Сыңғырлаған ақша дыбысымен жанымызды ра-
қатқа бөлеген соң, біз оған барынша тиімді қолда-
ным таптық. Бізге ай сайын сол он пайызды жинақ-
тап отыратын салым түрін таптық. Бұл біздің 
қалыпты өмірге оралуымыздың ең сәтті кезеңі бо-
лып шықты.
Салымымыз тұрақты түрде өсетінін білгендік-
тен, біз қазір ерекше қауіпсіздік сезімін бастан ке-
шудеміз. Оқытушылық қызметімді аяқтағанымда, 
біздің қолымызда ғұмырға толығымен жетерлік қы-
руар қаржы болады.
Мұның бәрі бұрынғы табыс мөлшерінің өзінен 
құралып отыр. Бұған сену де қиын, бірақ шындық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет