Әңгімелесу: Бала құқығын қорғау Конвенциясы қашан және кім қабылдады? 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ Бас ассамблеясында бала құқығын қорғау Конвенциясы бір ауыздан қабылданды. Ассамблеяға осында бабалар хұқығаудың халықаралық стандарты мен өлшемі болып қызмет ететін маңызды құжатты қабылдауға екі минут қана жеткілікті болды. Осы маңызды құжатты кеңірек қарастыралық. 1993 жылға дейін Конвенцияны 174 мемлекет ратификациялап үлгерді. Еуропада бұл құжатты қабылдамаған бір де бір мемлекет жоқ.
Конвенция балалардың адамдық ар-намысын жөніндегі азаматтық, экономикалық,әлеуметті және мәдени мәселелердің бәрін қамтиды. 54 бапта Конвенция балалардың құқықтарын көрсетеді. Бұлар: өктемдік көрсетуден қорғау, отбасы өмірінің тыныштығын сақтау, пікірін еркін білдеру құқықтары. Конвенция балаларға олардың нәсіліне, ұлтына, әлеуметтік жағдайына, мәртебесіне, қызмет түріне, ата-аналарының жағдайына қарамай бірдей құқықтар береді.
Конвенцияда жарым-жан балалар, жетім балалар, жер аударылушы балалар, сотталушы балалардың да құқықтары белгіленген. Балаларды экономикалық бопсалауға салудан қорғауға, оларды денсаулығына зиян ауыр жұмыска салудан қорғауға аса мныз берілген. Бірнеше баптарда балалардың білім алу мәселелері, оның ішінде білім алуға бірдей бастапқы жағдай жасалу қажеттілігі белгіленге. Конвенцияда бала өз құқықтары бар толықққанды субъект есебінде көрсетілген. Сондыктан бұл Конвенцияны ратификациялау кез-келген мем лекетке көптеген жауапкершіліктер жүктейді.
Талқылау балалардың сұрақтарға беру түрінде өтеді.
Балалар құқыға жөніндегі Конвенция қашан қабылданды?
Еуропа елдерінің бұл Конвенцияны түгел қабылдауы нені көрсетеді?
Конвенцияда балалардың қандай негізгі құқықтары белгіленген?
Конвенцияға қосылған елдер өздеріне қандай міндеттемелер қабылдайды?