Барлық көшіп-қонушы еңбекшілердің және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы конвенция негізгі құқық қорғау шарттарының санатына жатады, олар бойынша конвенциялық бақылау органдары құрылған. Конвенция көшіп-қонушы еңбекшілер балаларының мүдделерін қамтамасыз етуге қатысты нормаларды қамтыған, атап айтқанда көшіп-қонушы еңбекшілер отбасын қауыштыру, көшіп-қонушы еңбекшілердің балаларын жергілікті білім беру жүйесіне, әсіресе оларға жергілікті тілді үйрету тұрғысында тарту, көшіп-қонушы еңбекшілердің балаларына олардың ана тілін үйрету мәселелерін реттейді, сондай-ақ көшіп-қонушы еңбекші бас бостандығынан айрылған жағдайда, балаларының құқықтарын қорғау тетіктерін көздейді.