Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №814 қаулысы «Ветеринария туралы»


Қойлардың инфекциялық катаральды қызбасы



бет8/18
Дата17.06.2018
өлшемі457,14 Kb.
#43043
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

23. Қойлардың инфекциялық катаральды қызбасы
(«көк тiл», блютанг)
Қойлардың инфекциялық катаральды қызбасы
ауруының профилактикалық
іс-шаралары
      289. Шаруашылық жүргізуші субъектілерге жаңадан әкелінген жануарларға профилактикалық карантиндеуді күнтізбелік 30 күн ішінде жүргізу.
      290. Қора-жайларда дезинфекцияны, дезинсекцияны, сондай-ақ дератизацияны жүйелі жүргізу.
      291. Ойпаң жердегi шөптердi шабу және жануарларды жоғары учаскелерге көшіру.
      292. Қансорғыш жәндіктерге қарсы репеллентермен жануарларды өңдеу.
      293. Жаңадан сатып алынған жануарларға белсенді және белсенді емес клиникалық, вирусологиялық және серологиялық қадағалауды жүргізу.
      294. Жануарлардың кіргізілуін соңғы 24 ай ішінде осы инфекциядан бос елдерден жүзеге асыру.
24. Қойлардың инфекциялық маститі
Қойлардың инфекциялық маститiн
профилактикалау және жою
іс-шаралары
      295. Жүйелi түрде аналық қойларға клиникалық қарау жүргiзiледi. Ауру аналық қойды қозыларымен бiрге оқшаулайды және емдейдi. Ауру аналық қойдың қозысын жекелейді және, ауыз қуысын антисептикалық ерiтiндiлермен мұқият түрде өңдегеннен кейiн сиыр сүтiмен азықтандырады немесе сау аналық қойларға қосады. Ауырып жазылған қойларды оқшаулап ұстайды.
      296. Қой қораларды мұқият тазалайды және дезинфекциялайды. Ауру қойлардың сүтiн жеке ыдысқа жинап жояды. Қиды биотермиялық әдiспен зарарсыздандырады.
      297. Аналық қой отарын инфекциялық мастит бойынша қолайлы бастарымен қалыптастырады.
      298. Емiзулi аналық қойларды құнарлы азықпен қамтамасыз етедi және ұстауға қажетті жағдай жасайды. Олардың сүт безiнiң жағдайына назар аударады және жүйелi түрде қарайды.
      299. Маститке күдiктенген кезде сауылатын қойлардың сүтiн экспресс әдiспен зерттейдi, ал аурулардың сынамаларын және өлген жануарлар желiнiнiң бөлiгiн бактериологиялық зерттеу үшін зертханаға жiбередi.
      300. Ауруларды бөлгеннен кейін қора-жайларды тазалайды және дезинфекциялайды.
      301. Инфекциялық маститпен ауыратын қойларды оқшаулайды, құнарлы азықпен қамтамасыз етедi.
      302. Емдеу үшiн Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген осы ауру үшiн тиiмдi антибиотиктердi, сульфаниламидтердi және тағы басқа препараттарды пайдаланады.
      303. Шектеу ауруды жойғаннан және қорытынды дезинфекция жүргізгеннен кейiн алынады.
25. Қойлар мен ешкiлердiң контагиозды эктимасы
(контагиозды пустулезді стоматиты және дерматиты)
Қойлар мен ешкiлердiң контагиозды эктимасына (контагиозды пустулезді
стоматиты және дерматиты) қарсы күрес және профилактика
іс-шаралары
      304. Қойлар мен ешкiлердiң контагиозды эктимасының профилактикасы мыналарды:
      1) жануарлардың контагиозды пустулезді дерматиты ауруына уақытылы диагностикалауды;
      2) қойлар мен ешкiлердiң контагиозды пустулезді дерматитіне қарсы вакцинаны барлық бейiм бастарға вакцина егуді қамтиды.
      305. Шаруашылық жүргізуші субъектілерге қойлар мен ешкiлердiң контагиозды эктимасының әкелінуінен қорғау мақсатында жануарлар иелерi мен Ветеринар мамандарға мыналарды:
      1) ауыл шаруашылығы жануарлардың сәйкестендіруін жүргізу;
      2) Ветеринар мамандарға жаңадан сатып алынған жануарлар, алынған төлдер, оларды сойылуы мен сатылуы туралы хабарлау;
      3) Ветеринар мамандарға олардың талап етуi бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егудi жүзеге асыру үшiн жануарларды беру;
      4) бір уақытта бiрнеше жануар ауырған, өлген немесе олардың ерсі қылықтардың жағдайлары туралы Ветеринар мамандарға хабарлауды және Ветеринар мамандар келгенге дейiн ауруға күдiкті жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шаралар қабылдауы қажет.
      306. Қойлар мен ешкiлердiң контагиозды пустулезді дерматиты ауруы қойылған кезде шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағын қолайсыз деп жариялайды және шектеу қояды.
      307. Шектеудiң шарттары бойынша мыналарға:
      1) қойлар мен ешкiлердi ет комбинатына клиникалық сау ұсақ мал басын союға автокөлікпен шығаруды қоспағанда, әкелуге (кіргізуге) және шығаруға (әкетуге);
      2) қолайсыз топтардың жануарларына қызмет көрсетумен байланысты емес адамдардың қора-жайларға және осы жануарларды ұстайтын басқа орындарға кiруге;
      3) ветеринариялық маманның рұқсатынсыз шаруашылықтың iшiнде жануарларды қайта топтастыруға;
      4) ауру жануарлар жанасқан жем-шөптерді (шөп, сабан) шығаруға жол берілмейді. Осы жем-шөппен сол жерде қойлар мен ешкілердің контагиозды пустулезді дерматиты ауруына бейім емес жануарларға, сондай-ақ ауру және осы аурумен ауырып жазылған қойлар мен ешкiлердi азықтандырады.
      308. Қолайсыз жерлердің қойлар мен ешкiлердiң сүтiн тамаққа қайнатқаннан кейiн немесе сүт өнiмдерiн тікелей шаруашылық жүргізуші субъектіде қайта өңдегеннен кейiн, және кейіннен шаруашылық жүргізуші субъектіде ғана пайдалануға рұқсат етедi.
      309. Қойлар мен ешкілердің контагиозды эктимасы ауруымен ауыратын жануарларды оқшаулайды және емдеу жүргiзедi.
      310. Өлген және контагиозды эктимасы ауруының клиникалық белгiлерi бар, жануарларды шарасыздан өлтірген өлекселерiн жояды.
      311. Әкімшілік-аумақтық бірліктің қойлар мен ешкiлердiң контагиозды эктимасы бойынша қолайсыз жануарларын қырқу қолайлы отарларды қырққаннан кейін соңғы кезекте жүргізеді. Қырқу орындарын, сондай-ақ қырқу құралдарын жұмыс аяқтағаннан кейiн механикалық тазартудан және дезинфекциядан өткiзеді. Алынған жүн тығыз материалдан жасалған ыдыста шаруашылық жүргізуші субъектіден тек қайта өңдеу кәсiпорынға шығарады.
      312. Қолайсыз пункттен шектеуді соңғы ауру жануарды анықтаған немесе сауыққан жағдайынан кейін күнтізбелік 30 күннен соң және қорытынды дезинфекциялау жүргізілгеннен кейiн алады.
26. Қойлар мен ешкiлердiң тұяғының шіруі
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге асырылатын
қойлар мен ешкiлер тұяғының шіруінің профилактикасы бойынша
іс-шаралар
      313. Аурудың алдын алу мақсатында жеке және заңды тұлғалар тұқымдық және пайдалану мақсаттары үшін жануарларды ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтан тыс шығару (әкету) кезінде жөнелтуге дейін күнтізбелік 30 күн ішінде және жаңадан сатып алынған жануарларды профилактикалық карантиндеу кезеңiнде жалпы ветеринариялық тексеруден өткізеді.
      314. Жануарларды сатуға, сондай-ақ оларды осы пункттен әкетуге (шығаруға) жануарларды тексеру нәтижелері теріс болған және ветеринариялық паспортта тиісті белгі болған кезде жол беріледі.
      315. Шаруашылық жүргізуші субъектiлерде отарларды жинақтауды қойлар мен ешкiлердiң тұяғының шіруі бойынша қолайлы пункттерден шығатын жануарлармен жүргізу қажет.
      316. Импортталатын жануарлар күнтізбелік 30 күн ішінде профилактикалық карантиндеуге жатады.
      317. Экспортталатын жануарларды импорттаушы елдiң ветеринариялық талаптарына және әдiстерiне сәйкес зерттейдi.
Эпизоотиялық ошақтарында және қойлар мен ешкiлердiң тұяғының
шіруі бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
      318. Жануарлардың қойлар мен ешкiлердiң тұяғының шіруі ауыру анықталған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектіге шектеу қойылады.
      319. Қойлар мен ешкiлердiң тұяғының шіруі бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiде (елді-мекенде):
      1) шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағына қойлар мен ешкiлердi әкелуге (кіргізуге) және одан тыс әкетуге (шығаруға);
      2) қойлар мен ешкiлердi шаруашылық жүргізуші субъектiнің (елді-мекеннің) iшiнде қайта топтастыруға, сондай-ақ, ауру қойлар мен ешкiлердi сау қойлармен және ешкiлермен бірге бағуға, суғаруға және ұстауға жол берілмейді.
      320. Шаруашылық жүргізуші субъектіге қызмет көрсететiн ветеринариялық маманы қойлар мен ешкiлердiң тұяғының шіруін жою жоспарын жасайды және оны тиісті әкімшілік-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келіседі, тұяқтың шіруін қойлардың некробактериозынан, эктимасынан, шешектен және ауысылдан саралау үшін ауру жануарлардан алынған патологиялық материалды іріктейді және зертханаға жібереді.
      321. Қойлар мен ешкiлердiң тұяғының шіруі пайда болған шаруашылық жүргізуші субъектiде барлық жануарлар әрбiр күнтізбелік 10 күн сайын зерттейді, анықталған ауру жануарларды оқшаулайды.
      322. Шартты түрде сау қойлар мен ешкiлердiң сүті қайнатылғаннан кейін тамаққа қолданылады, ал ауру жануарлардан алынған сүт жойылады.
      323. Қолайсыз пунктте тұяқтың шіруінің жұғуын болдырмау мақсатында қойлар мен ешкiлер аяқ ваннасынан өткiзіледi.
      324. Оқшауланған ауру қойлар мен ешкiлерді емдейді.
      325. Шаруашылық жүргізуші субъектіден шектеу соңғы ауру қойдың немесе ешкiнің сауығу сәтінен бастап немесе ауру қой немесе ешкi сойылғаннан кейін 1 ай өткен соң алынады. Шектеу алынар алдында барлық қойлар мен ешкiлердің тұяқшаларына ветеринариялық тексеру жүргізіліп, аяқ ваннасынан өткiзедi.
27. Қойлардың баяу инфекциялары
(скрепи, висна-маеди, аденоматоз)
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы
аумақтарда жүзеге асырылатын
іс-шаралар
      326. Отарды қолайлы өңірлердегі жануарлармен жинақтау.
      327. Жаңадан әкелінген жануарларды профилактикалық карантинін күнтізбелік 30 күн ішінде жүргізу.
      328. Баяу инфекцияларға жол бермеу бойынша қой мен ешкі иелерi жүргiзетiн ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар мыналарды қамтиды:
      1) қойлар мен ешкiлерді орналастыру, азықтандыру және пайдалану кезінде ветеринариялық-санитариялық қағидалардың орындалуын қамтамасыз ету;
      2) жайылымдар және суат орындарын тиісті ветеринариялық-санитариялық жағдайда ұстау;
      3) қиды және өлген жануарлардың өлекселерін уақытында залалсыздандыру;
      4) профилактикалық дезинфекция, дератизация, дезинсекция, дезакаризацияны тұрақты жүргiзу;
      5) мал шаруашылығы фермаларын, қора-жайларын дезинфекциялық кедергілермен қамтамасыз ету;
      6) мал шаруашылығы объектiлерiнiң аумақтарына қоршауды қамтамасыз ету;
      7) Ветеринар мамандарға жаңадан сатып алынған жануарлар, алынған төлі, олардың сойылуы мен сатылуы туралы хабарлау;
      8) барлық жануарлардың сәйкестендіруін қамтамасыз ету;
      9) жаңадан әкелiнген жануарларды диагностикалық зерттеу және ветеринариялық өңдеу жүргiзу мақсатында күнтізбелік 30 күн ішінде оқшаулап ұстау;
      10) инфекциялық ауруларға қолайлы аумақтарда азықтардың дайындығын жүргізу;
      11) асхана және сою қалдықтарына термикалық залалсыздандыру жүргізу;
      12) қолайлы және қолайсыз аймақтардың жануарлары арасында байланысқа жол бермеу.
      329. Ветеринар мамандар жүргізетін арнайы iс-шаралар:
      1) жануарлардың жыл сайын клиникалық қарауды жүргiзу;
      2) жануарларды емдеу-профилактикалық тазалауды жүргiзу;
      3) жануарларды жоспарлы диагностикалық зерттеуді жүргiзу.
Қойлар мен ешкiлер арасында баяу инфекция
пайда болған жағдайда жүргізілетін
iс-шаралар
      330. Жануарлар иелерi мыналарды жүзеге асырады:
      1) бір уақытта бiрнеше жануар ауырған, өлген немесе олардың ерсі қылықтардың жағдайлары туралы Ветеринар мамандарға хабарлауды және Ветеринар мамандар келгенге дейiн ауруға күдiкті жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шаралар қабылдауды;
      2) ветеринариялық маманды ескермей ауруы бар деп анықталған жануарға кез келген қозғалуға тыйым салу;
      3) союдың алдында ветеринариялық қарауды жүргiзбей және сойылғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай сатуға арналған жануарларды союға жол бермеу;
      4) қолайсыз пункттің аумағына жануарлардың, бөгде адамдар мен көлiктердiң кіруіне тыйым салынады;
      5) жануарлардың қиын, өлексесiн және ауру жануарлардың басқа да қалдықтарын зарарсыздандыру.
      331. Ветеринар мамандар мыналарды:
      1) жануарлардың клиникалық қарауын жүргізуді;
      2) барлық ауру және жұғу күдігі бар жануарларды жоюды;
      3) шарасыз дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргiзуді жүзеге асырады.
      332. Барлық ауру, ауруға күдiгi бар жануарларды сойған соң және қорытынды іс-шараларды жүргізгеннен кейін карантин алынады.
28. Қой шешегi
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда
жүргізілетін профилактикалық
іс-шаралар
      333. Қойлардың шешек ауруының пайда болуы мен оның таралуын алдын алу үшiн мыналар:
      1) шаруашылық жүргізуші субъектiге қойдың шешегі бойынша қолайсыз өңірлерден келген қойларды, азық пен құрал-саймандарды әкелуге (кiргiзуге) жол бермеу;
      2) шаруашылық жүргізуші субъектiлерге келген барлық қойларды күнтізбелік 30 күн ішінде оқшаулап ұстау;
      3) қойлардың жай-күйiне жүйелi түрде ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру;
      4) отарларға, сондай-ақ жайылым учаскелерге, суару жерлерi мен айдау жолдарына тұрақты түрде қызмет көрсететiн персоналды бекiту қажет.
      334. көрсетілген ауру бойынша қолайсыз шектес елдермен тікелей шекаралас аудандардың аумақтарында орналасқан бастарды қоса алғанда, қойдың шешек ауруы бойынша қауiптi шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлық қойларына жылына 2 рет шешекке қарсы профилактикалық вакцина егу қажет.
      335. Қойдың шешек ауруы жойылған кейiнгi үш жыл ішінде бұрынғы қолайсыз пункттердегі қой бастарына вакцина егуге жатады.
Қойдың шешегі бойынша қолайсыз пункттерде
жүргізілетін профилактикалық
іс-шаралары
      336. Түпкілікті диагнозды қойған кезде шаруашылық жүргізуші субъектiсiнiң аумағына карантин қойылады.
      337. Карантиннiң шарттары бойынша мыналарға:
      1) жануарлардың барлық түрлерiн қолайсыз пункттерге әкелуге (кіргізуге) және олардан әкетуге (шығаруға);
      2) қолайсыз пунктте дайындауға және жануарлардан бұрын дайындалған өнімді және шикiзатты шығаруға;
      3) шаруашылық жүргізуші субъектiсiнiң iшiнде жануарларды қайта топтастыруға, сондай-ақ ауру қойларды сау жануарлардың барлық түрлерiмен бiрге жаюға, суаруға және ұстауға;
      4) қолайсыз топтардағы жануарларға қызмет көрсетумен байланысты емес адамдарға қора-жайларға және осындай жануарлары бар басқа орындарға кіруге;
      5) карантин қойылған аймақта малдар мен мал өнiмдерiн сатуға, көрмелер, жәрмеңке, базар, сондай-ақ жануарлардың, адамдардың және көлiктердiң жиналуымен байланысты басқа да іс-шаралар жүргiзуге;
      6) қойдың шешек ауруымен ауыратын жануарлармен жанасқан жем-шөпті (пiшен, сабан және тағы да басқа) шығаруға. Ол жем-шөптi сол жерде (шаруашылықта) шешек ауруына бейiм емес жануарларға немесе ауру және қойдың шешегімен ауырып жазылған қойларды азықтандырады;
      7) қойдан алынған сүттi және одан алынатын өнiмдердi залалсыздандырылмаған күйiнде пайдалануға. Қолайсыз пункттегі қойдан алынған сүт сол жерде 850С температурада 30 минут пастерлеу жолымен немесе 5 минут қайнату арқылы залалсыздандыруға жатады;
      8) қойдың шешек ауруына қолайсыз пункттiң аумағы арқылы автокөлiктiң жүруiне. Бұндай жағдайда көлiктiң белгiленген жерiне жету үшiн айналма жолдары көрсетiлуі қажет;
      9) карантин алынғанға дейiн шешек ауруына қолайсыз қойларды қырқуға жол берілмейді.
      338. Шешекпен ауру қойлар мен қозыларды оқшаулайды және емдейдi, клиникалық сау малдарға шешекке қарсы вакцина егедi.
      339. Шешектiң клиникалық белгiлерiмен өлген қойлардың өлекселерiн өртеу арқылы жояды. Ондай өлекселердiң терiлерiн сылып алуға және пайдалануға тыйым салынады.
      340. Қолайсыз пункттегі мал шаруашылығының қора-жайларын, жабдықтарды, серуендету алаңдарын, қоршауларды және ауру қойлар болған басқа да орындарды барлық карантиннiң мерзiмi кезiнде қорытынды дезинфекция жүргiзiлгенге дейiн әр күнтізбелік 5 күн сайын дезинфекциялайды.
      341. Қиды биотермиялық әдiспен зарарсыздандырады.
      342. Қолайсыз пунктте соңғы шешек ауруымен ауырып сауыққан, өлген немесе сойылғаннан кейiн күнтізбелік 20 күн өткен соң карантин алынады.
29. Қойлар мен ешкiлердiң энзоотиялық (хламидиоздық) түсік
тастауы
Қойлар мен ешкiлердiң энзоотиялық (хламидиоздық)
түсік тастауын профилактикалау жөніндегі
іс-шаралар
      343. Қойлар мен ешкiлердiң энзоотиялық (хламидиоздық) түсік тастау ауруының алдын алу үшін мыналар:
      1) шаруашылық жүргізуші субъектiге жаңа әкелінген жануарларды күнтізбелік 30 күн ішінде оқшаулап ұстау;
      2) қора-жайларды, жайылымдарды, суару орындарын тиісті ветеринариялық-санитариялық жағдайда ұстау;
      3) оларды құнарлы азықпен қамтамасыз ету;
      4) отарларға жайылымдарды және суару орындарын бекіту қажет.
      344. Жануарларды қолдан ұрықтандыру пункттері мен кәсіпорындардағы асыл тұқымды қошқарларды әр 6 ай сайын серологиялық зерттеуден өткізу.
      345. Төлдетуді жеке қора-жайларда, оқшауланған секцияларда жүргізеді.
      346. Қойлар мен ешкiлердiң энзоотиялық (хламидиоздық) түсік тастауын профилактикалау мақсатында осы ауруға қарсы вакцинамен иммундайды.
Қойдың энзоотиялық (хламидиоздық)
iш тастауларын жою жөніндегі
іс-шаралар
      347. Қойдың энзоотиялық (хламидиоздық) iш тастауы анықталған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъекті қолайсыз деп танылады және оған шектеу қойылады.
      348. Шектеу шарттары бойынша мыналарға:
      1) шаруашылық жүргізуші субъектінің ветеринар маманының рұқсатынсыз қой мен ешкілер басын қолайсыз пунктке кіргізуге және шығаруға, жануарларды қайта топтастыруға;
      2) қой шаруашылығының, ешкі шаруашылығының шикі өнімін және ауру жануарлар жанасқан азықтың барлық түрін шығаруға;
      3) қой мен ешкілерді еркін шағылыстыруға;
      4) ауру жануарлардан алынған етқоректі және талғаусыз қоректі шикі өнімдермен азықтандыруға тыйым салынады.
      349. Ауру және ауруға күдікті жануарларды союды пункттері мен алаңдарында жүргізеді.
      350. Қолайсыз пункттерде өсірілетін қошқарларды (текелерді) вакцинациялау алдында хламидиозға тексереді. Ауруға теріс реакция берген жануарларды хламидиоздық іш тастауға қарсы вакцина егеді, ал оң немесе күдікті нәтиже бергендерді оқшаулайды және күнтізбелік 30 күннен кейін қайтадан тексереді. Егер қайтадан тексеру барысында оң немесе күдікті нәтиже берсе, ол малдарды сояды, ал теріс реакция бергендерге вакцина егеді. Егілген қошқарларды (текелерді) мақсатқа лайықты пайдаланады.
      351. Қолайсыз отарларда төлдеген қойлардан (ешкілерден) алынған сүтті қайнатып немесе сүт қышқыл өнімдері ретінде қолданады.
      352. Қоражайларды, керек-жарақтарды, күтіп-бағу заттарын, киім-кешектерді, аяқ киімдерді дезинфекциялайды.
      353. Түсік тасталған төлді, төлдік қабықшалар, қойлардың, ешкілердің, қозылардың, лақтардың жолдастары және өлекселері жойылады.
      354. Энзоотиялық (хламидиоздық) iш тастау бойынша қолайсыз отарлардың (топтардың) жануарларды, аурудан қолайлы отарлардың қойлары мен ешкілерін қырққаннан кейін соңғы кезекте қырқады.
      355. Қырықтық орны, керек-жарақтары, сондай-ақ, қырықтық құралдары жұмыс аяқталғаннан кейін тазартылады және дезинфекцияланады. Шаруашылық жүргізуші субъектісінен алынған жүнді қайта өңдеу кәсіпорындарына жібереді.
      356. Қойлардың энзоотиялық (хламидиоздық) іш тастауы бойынша қолайсыз пункттен шектеу соңғы жануарлар сойылғаннан және қорытынды іс-шаралар өткізілгеннен кейiн күнтізбелік 30 күннен соң алынады.
30. Жылқы тұмауы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге асырылатын
жылқылардың тұмау ауруының профилактикасы бойынша
іс-шаралар
      357. Жылқы тұмауының алдын алу мақсатында меншігінде жылқылары бар жеке және заңды тұлғалар мынандай іс-шараларды өткізеді:
      1) тұмауға қарсы профилактикалық екпелер жасау үшін оларды жыл сайын ветеринария мамандарына көрсетеді;
      2) қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектiге жылқы тұмауымен ауыратын және ауру күдігі бар жануарларды кіргізуге (әкелуге) тыйым салады;
      3) барлық жаңа әкелінген жылқыларды күнтізбелік 30 күн бойы карантинде ұстайды.
      358. Импортталатын жылқыларға жөнелтуге дейін ең көбі сегіз және ең азы екі апта ішінде жылқы тұмауына қарсы вакцина егілуге тиіс.
Эпизоотия ошақтарында және жылқы тұмауы
бойынша қолайсыз пункттерде өткізілетін
іс-шаралар
      359. Жануарлардың жылқы тұмауымен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке карантин белгіленеді.
      360. Карантин шарттары бойынша:
      1) шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағына жылқыларды кіргізуге (әкелуге) және оның шеңберінен тыс шығаруға (әкетуге);
      2) жылқыларды шаруашылық жүргізуші субъектiнің iшiнде қайта топтастыруға (ауру жануарларды оқшауланған жерге шығаруды қоспағанда), сондай-ақ, ауру жануарларды сау жануарлармен бірге бағуға, суғаруға және ұстауға рұқсат етілмейді.
      361. Жылқы тұмауымен ауыратын және ауру күдігі бар жануарлар оқшауланып, симптомдық емдеуге түседі.
      362. Ауру және ауру күдігі бар жануарлар ұсталған қоражайлар карантин тоқтатылғанға дейін әрбір күнтізбелік 10 күн сайын дезинфекцияланады.
      363. Қи және төсем биотермиялық әдіспен зарарсыздандырылады. Өлген жануарлардың өлекселері өртеледі.
      364. Клиникалық сау жылқыларға вакцина егіледі.
      365. Қолайсыз пункттен карантин жануарлардың жылқы тұмауымен соңғы ауыру жағдайынан және қорытынды іс-шаралар өткізілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң алынады.
31. Жылқылардың жұқпалы анемиясы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге асырылатын
жылқылардың жұқпалы анемиясын сауықтыру жөніндегі
іс-шаралар
      366. Тақ тұяқты жануарлардың инфекциялық анемиямен ауруының алдын алу мақсатында, меншігінде жануарлары бар жеке және заңды тұлғалар инфекциялық анемияға диагностикалық тексеру үшін жануарларды ветеринария мамандарына көрсетеді. Жануарларды тексеру мынадай жағдайларда жүргізіледі:
      1) асыл тұқымдық және пайдалану мақсаттары үшін әкімшілік-аумақтық бірліктің шеңберінен тыс шығару (әкету) (жөнелтуге дейін күнтізбелік 30 күннен аспайды);
      2) жаңадан сатып алынған жануарларды профилактикалық карантиндеу;
      3) жануарлардың биологиялық өнеркәсіп кәсіпорындарына продуцент ретінде түсуі (арасына күнтізбелік 30 күн салып екі мәрте, одан әрі жылына 2 рет).
      367. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жануарларын жинақтауды жылқылардың жұқпалы анемиясы бойынша қолайлы пункттердегі жануарлармен жүргізу қажет.
Эпизоотия ошақтарында және жылқылардың жұқпалы
анемиясы бойынша қолайсыз пункттерде өткізілетін
іс-шаралар
      368. Жануарлардың жылқылардың жұқпалы анемиясымен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке карантин белгіленеді.
      369. Карантиннің шарттары бойынша:
      1) шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағына жануарларды кіргізуге (әкелуге) және оның шеңберінен тыс шығаруға (әкетуге);
      2) сезімтал жануарларды шаруашылық жүргізуші субъектiнің iшiнде қайта топтастыруға, сондай-ақ, ауру жануарларды сау жануарлармен бірге бағуға, суғаруға және ұстауға;
      3) оларды жылқылардың жұқпалы анемиясы вирусынан зарарсыздандырмай жануарлардан алынатын қан-сарысу дәрі-дәрмектерін сатуға;
      4) жеке және заңды тұлғаларға тиесілі жануарлардан алынған қымызды карантиндегі пункттен шығаруға және сатуға рұқсат етілмейді.
      370. Қолайсыз пункт жануарларының барлық мал басы клиникалық тексеруге түседі және диффузиялық преципитациялау реакциясы әдісімен инфекциялық анемияға тексеріледі.
      371. Инфекциялық анемиямен клиникалық ауыратын жануарлар оқшауланып, техникалық кәдеге жаратуға жіберіледі.
      372. Ауру жануарлар ұсталған қоражайлар карантин тоқтатылғанға дейін әрбір күнтізбелік 15 күн сайын дезинфекцияланады.
      373. Қи биотермиялық әдіспен зарарсыздандырылады.
      374. Инфекциялық анемияға серологиялық тексеру кезінде араға күнтізбелік 7-10 күн салып екі мәрте оң немесе күдікті сезінетін және клиникалық ауру белгілері (дене температурасының көтерілуі, ісінуі, жүдеуі) жоқ жануарлар санитарлық қасапханада сойылады. Тамаққа жарамды ет пісіріліп зарарсыздандыруға немесе консервілер дайындау үшін жіберіледі. Басы, сүйектері, ішек-қарындары, терісі кәдеге жаратылады.
      375. Қолайсыз пунктте диффузиялық преципитациялау реакциясы әдісімен инфекциялық анемияға тексеру кезінде теріс реакция берген жануарлар топ бойынша екі мәрте теріс реакция алуға дейін араға күнтізбелік 30 күн салып осы әдіспен қайта тексеріледі.
      376. Серологиялық тексеру кезінде оң нәтиже берген биелерден туған құлындар диффузиялық преципитациялау реакциясымен араға күнтізбелік 30 күн салып екі мәрте инфекциялық анемияға тексеріледі. Екі мәрте тексерудің нәтижелері теріс болған кезде олар сау деп есептеледі.
      377. Бірінші немесе екінші тексеру кезінде күмәнді нәтиже берген жануарлар күнтізбелік 7-10 күннен кейін қайтадан тексерілуге тиіс. Оң және екі мәрте күмәнді нәтиже берген жануарлар союға жатады.
      378. Қолайсыз пункттен карантин ауру және оң нәтиже берген жануарлар сойылғаннан кейін, сондай-ақ, араға күнтізбелік 30 күн салып қалған тақ тұяқты жануарлардың мал басын cерологиялық тексерулердің теріс реакцияларын екі мәрте алғаннан және қорытынды іс-шаралар өткізілгеннен кейін 3 ай өткен соң алынады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет