Vi-ix ғасырдағы түркі әдебиет ескерткіштері


Тарихи шындық пен аңызға айналған бейнелер



бет8/23
Дата21.05.2022
өлшемі302,5 Kb.
#144403
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
ежелги лекция 2
ТАПСЫРМА 13
Тарихи шындық пен аңызға айналған бейнелер. Қорқыт – жыр мен күйдің атасы, ерте кезде оғыз, қыпышақ және қаңылы тайпаларын басқарған данышпан кісі бейнесінде VIII-Ixғ аңыз кейіпкер болған жан. Қорқыт ата жөніндегі жыр-дастан алғашта ОртаАзия мен Сыр бойында туып, халық эпосының дәстүрі бойынша сан ғасырлар бойы ауызша айтылып келген.
Оғыздар Кавказ өңіріне қоныс аудармай тұрған кезде олардың түбегейлі мекені Қаратау өңірі, Бөген, Шаян және Арыс маңайы болған. Сондай-ақ сырдарияның төменгі ағысында мекен еткен. Тарихи деректер бойынша оғыз тайпаларының ең маңызды қалалары Янги-Кент,Жент, Үзкент, Баршын-кент, Сүткент, Отырар т.б. болған.
Өте ерте заманнан Сыр суының төменгі ағысында тұрған Жанкент қаласы – ұзақ жылдар бойы оғыз мемлекетінің астанасы болған. «Су аяғы Қорқыт» деген мақал осыдан шыққан.
Қорқыт ата туралы аңыз-аңгіме қазақ арасында ерте кезден-ақ кеңінен тараған. Солардың бірі Қорқыттың тууылуына байланысты. Аңыз бойынша Қорқытты анасы үш жыл бойы құрсағында көтоеріп жүріпті. Оны жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт туылар алдында күллі әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басып тұрыпты.
Қорқыт атаның өсиет-нақыл сөздері. «Қорқыт ата кітабында» автордың ой-пікірін философиялық тұрғыдан тұжырымдайтын ғақлия сөздер, өсиет-нақылдар, мақал-мәтелдер, қанатты сөз тіркестері жиі ұшырайды.
«Қорқыт ата сөйлейді: Ажал уақыты жетпейінше, ешкім де өлмес. Өлген адам тірілмес, шықан жан кері келмес. Гүрілдей-шұбыра сулар тасыса, теңіз толмас. Тәкапарлықты тәңірі сүймес. Көңілі пасық ерде дәулет болмас. Күл – төбе болмас, күйеу бала – ұл болмас. Қара есек басына жүген кигізсенде – тұлпар болмас. Жапалақтап қар жауса – жазға қалмас. Ескі қамыс – біз болмас. Ежелгі дұшпан – дос болмас».


5– лекция. Оғыз - Наме
«Оғыз-Наме» - түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде көркем тілімен баяндайтын эпостық шығарма. Соның өзінде шығарманың сюжеттік желісі жеке ру тайпалар шежіресіне негізделген емес. «Оғыз-Наме» әрі көркем, әрі тарихи туынды деуге болады. Ол көркем қара сөз, яғни проза түрінде жазылған шығарма екені даусыз. Әйтседе оның әдеттегі прозалық шығармалардан өзіндік ерекшеліктері бар.
«Оғыз-намеде» негізінен Оғыз қағанның әскери жорықтары, батырдың қан майдан соғыстан ерлік істері мадақталды. Шығарманың негізгі идеиясы – елді ауыз бірлікке, ерлікке, адамгершілікке үндеу, халықты сыртқы жауға қарсы күреске шақыру.
Оғыздар – ертедегі тайпаларының бірі. Олар көбінесе Сырдарияның төменгі ағысы мен Қаратау бөктерін мекендеген.Ұзақ жылдар бойы көршілес тайпалармен соғысып, Арал теңізінің батысы мен Каспий теңізінің солтүстік жағалауын өздеріне қаратып алады. Кенгер-печенек бірлестіктеріне қарсы IX-X ғасырларда жүргізілген осы соғыстың оқиғалары «Оғызнаменің » сюжеттік желісіне негіз болған. Астанасы – Жаңакент немесе Жаңа Гузия деп аталатын қала болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет