Vi-viii ғасырларда басталған. Атақты араб қолбасшысы Қутайба ибн Муслим



бет1/4
Дата11.10.2022
өлшемі48,14 Mb.
#152553
  1   2   3   4
Байланысты:
дәріссс
Ғұндар с, жіберу, Этикет презентация.





ДӘРІСТІҢ ТАҚЫРЫБЫ



Қазіргі Қазақстан жері мен Орта Азияға Ислам дінінің таралуы VI-VIII ғасырларда басталған. Атақты араб қолбасшысы Қутайба ибн Муслим 709 жылы Бұхараны соғыссыз алып, 710-712 жылдары Самарқанды, 714-жылы Шаш (Ташкент) пен Фараб қалаларын да Умәуи халифатының қол астына қаратты. Сол кездегі Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың Ислам дінін қабылдай бастауы да осы жылдарға сәйкес келеді. Алайда, осы аймақта өмір сүретін соғдылар мен түркілер Умәуилерден саяси тұрғыдан жеңіліс тапқанымен, рухани тұрғыдан Исламға бірден мойынсұна қоймады. 720-740 жылдары Түркеш қағанаты Умәуилерге ұдайы қарсы тұрды. Себебі, түркештердің бір бөлігі будда сенімінде болса, Орталық Азияның көптеген қалалық аумақтарында зорастризм мен манихейлік сенім басым болатын. Осы ескі сенімдер мен жаңа Ислам дінінің арасындағы күрес ондаған жылдарға созылды.
Һ


ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ


IX ғасырда Қарлұқ қағанаты ыдырап, тарих сахнасына Қарахан мемлекеті (IX

ғ.аяғы –XIII ғ.басы) келді. Аумағы – Жетісу мен Шығыс Түркістан аймағын қамтыды. Бұл мемлекет екі ғасырдан астам өмір сүрді. 942 жылы Сатұқ Боғра хан өзін жоғары қаған деп жариялауынан кейін Қарахандар мемлекетінің тарихы басталды. Сатұқ Боғра хан 955 жылдан бастап Ислам дінін қабылдап, өзіне «Әбулкәрім» деп мұсылманша есім алғандығын жариялады. «Қарахандар шежіресінде» Боғра ханның діншілдігі, білім сүйгіштігі және әр жұма білімділерді жинайтындығы жайлы деректер келген. Сондайақ ол өзіне «Тәңірі жіберген құлы» деп айтылуын және солай жазылу керектігін құптайтын.
960 жылы Харун Мұса қаған (Боғра ханнан кейін) Ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады. Бұл шешімнен соң, тарихшы З.Китапчы, В. Кляшторний,
С.Сұлтановтардың деректерінде бір күнде он мың отбасы Ислам дінін қабылдаған кездер де болғаны айтылған. Ал «Тарихи рашиди» кітабында бір күнде 360 мың адамның мұсылман аталғандығы айтылады. Қорыта айтқанда, Қарахан түркілерінің исламдануы дін таратушылардың белгілі бір күштеуімен емес, бірыңғай мемлекеттік діннің ықпалы негізіндегі экономикалық және саяси пайда күшімен дами түсті. Ал Қарахандықтардың саяси және әскери жеңістері Орталық Азия аумағына Ислам дінінің кеңінен таралып қана қоймай, тұрғылықты халықтың бұқаралық идеологиясы ретінде ресми мәртебеге ие болуына өз әсерін тигізді.









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет