Вице-президент Анар Базаровна Мырзагалиева



бет2/4
Дата08.02.2023
өлшемі24,52 Kb.
#167885
1   2   3   4
Байланысты:
13 Кенжебек Ахмарал Договор 3х.стр

2.2. Мекемелер міндеттенеді:
2.2.1. Білім алушыны жұмыс орнында қауіпсіз жұмыс жағдайымен қамтамасыз ету (қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамаларды өткізумен) және қажет болған жағдайларда білім алушыны Еңбектің қауіпсіз әдістеріне оқытуды жүргізу;
2.2.2. Білім беру ұйымдарына академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушының кәсіптік практикасын өткізу үшін жұмыс орындарын ұсыну;
2.2.3. Осы Шарттың талаптарына сәйкес білім алушының тиісті мамандықтары бойынша кәсіптік практикаға жіберу бойынша қабылдансын;
2.2.4. Білім алушыны практика бағдарламасында көзделмеген және білім алушының мамандығына қатысы жоқ лауазымдарда пайдалануға жол бермеу;
2.2.5. Бөлімшелерде (бөлімдерде, цехтарда, зертханаларда және т.б.) білім алушының кәсіптік практикасына басшылық жасау үшін білікті мамандар беруді қамтамасыз ету;
2.2.6. Білім беру ұйымдарына білім алушының еңбек тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерін бұзған барлық жағдайлары туралы хабарлау;
2.2.7. Білім алушының кәсіптік практика бағдарламасын табысты игеруі және олардың жеке тапсырмаларды орындауы үшін қажетті зертханаларды, кабинеттерді, шеберханаларды, кітапхананы, сызбаларды, техникалық және басқа да құжаттаманы пайдалану мүмкіндігін бере отырып, білім алушының жұмыс орындарында кәсіптік практика бағдарламасын орындауы үшін қажетті жағдайлар жасау;
2.2.8. Кәсіптік практика аяқталғаннан кейін білім алушының жұмысы туралы мінездеме беру және практикадан өту сапасына баға қою;
2.3. Білім алушы міндетті:
2.3.1. Мекеме қызметкерлері үшін міндетті кәсіптік практика орнында еңбек тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін, қауіпсіздік техникасы ережелерін және өндірістік тәртіптемелерді сақтау;
2.3.2. Мекеменің жабдықтарына, құралдарына, құжаттамаларына және басқа мүліктеріне ұқыпты қарау;
2.3.3 Практика бағдарламасының талаптарын қатаң сақтау және орындау;
2.3.4 Практикадан өтуге белгіленген мерзімде мекеменің қарамағына келу;
2.3.5 Практикадан өту барысында және ол аяқталғаннан кейін мекеме туралы құпия ақпаратты жарияламау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет