Витаминдік препараттар


Эргокальциферол /Ergocalciferolum/



бет4/5
Дата05.12.2022
өлшемі52 Kb.
#161358
1   2   3   4   5
Байланысты:
№9 Витамин

Эргокальциферол /Ergocalciferolum/ витамин Д2. Шығарылатын түрі: драже 500 МЕ, флакон 0,5% 5мл спирттік ертінді, флакон 0,125%, 0,0625% 10мл майлы ертінді. Витамин Д2 организмде фосфор және кальций алмасуын реттейді, олардың ішекте сіңуін және сүйектерде жинақталуын қамтамасыз етеді. Д2 витаминнің жетіспеуі балаларда мешел /рахит/ ауруын туғызады.
Қолданылуы: эргокальциферол препараттары (драже, спирттік ертінді, майлы ертінді) рахит ауруын болдырмау және емдеу үшін және тетанияда, остеопорозда, остеомаляцияда, тері ауруларында, сынықтарда қолданылады.
Жағымсыз әсері: артық дозада қолданғанда асқа тәбеті болмайды, жүрек айныйды, әлсіздік басады, дене қалтырайды, бүйректе, қан тамырларында кальций жинақталады.
Балық майы /Oleum jecoris/. Шығарылатын түрі: флакон 50 және 100 мл. Ішке тамшымен, шәй және ас қасықпен ішеді.
Құрамында А және Д витаминдері бар.
Қолданылуы: рахитте, сүйек сынғанда жылдам жетілдіруге. Жараларда, күйіктерде сыртқа қолданылады.
Токоферол ацетат / Tocopheroli acetas/. Витамин Е. Шығарылатын түрі: флакон 5%, 10%, 30% 20 мл майлы ертінді – ішке тамшымен , капсула 0,1г –ішке; ампула 5%, 10%, 30% 1мл – бұлшық етке.
Витамин Е антиоксиданттық әсер етеді, әртүрлі заттарды тотығудан сақтайды. Организмде токоферол жетіспегенде жыныс безінің қызметі бұзылады, скелеттік бұлшық еттің, миокардтың дистрофиясы болуы мүмкін.
Қолданылуы: жүйке-бұлшық ет жүйесінің ауруларында, миокардиодистрофияда, сперматогенез және потенция бұзылуында, түсік қауіпінде.
Жағымсыз әсері: токоферолды үлкен дозада қолданғанда жүрек айныйды, құстырады, іш ауыртады, бүйрек қызметі бұзылады, диарея, миалгия, артралгия, депрессия, атаксия, гиперкальциемиялар болуы мүмкін.
Викасол /Vikasolum/ витамина К –ның аналогы. Шығарылатын түрі: таблетка 0,015г; ампула 1% 1мл; бұлшық етке.
Викасол протромбиннің түзілуіне қатысып, қанның ұюын реттейді. Оның жетіспеушілігінде қан кетулер болады, жарақаттарда қан кету қаупі туады. Қолданылуы: қан кетулердің барлық түрінде: паренхиматоздық, капиллярлық, операциядан кейінгі, жатырдан, геморроидалді, мұрыннан, өкпеден, ойық жарадан, басқа да қан кетулерде және жанама антикоагулянттарды көп дозада қолданғанда (витамин К-нің антагонисі: фенилин, дикумарин, т.б.).
Қолдануға болмайды: қанның ұюы жоғарлағанда, тромбоэмболияда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет