Егер торлар мен блоктардағы мәліметтерді (сандар, текстер) өшіру керек блоса, оларды белгілеп алып Del пернесін басса болғаны. Бұрын енгізілген мәліметтерден блоктарды, ұяларды арылту үшін оларды белгілеп алып, Түзету=>Тазалау (Правка=>Очистить)командасын орындау керек. Сол сәтте шығатын ішкі менюде нақты нендей затты: мәліметті, безендіру элементін, ескертуді немесе бәрін бірдей өшіргіңіз келетінін көрсету керек.
Бағаналарды, қатарларды және блоктарды өшіру үшін, алдымен оларды белгілеп аламыз да, сонан кейін Түзету=>Өшіру (Правка=>Удалить) командасын орындаймыз. Өшірілген объектілер орны бос қалмай, төменгі қатардағы немесе оң жақтағы бағаналар мәліметтері жоғары не солға жылжып, сол орындарды толтырады.
Ал, егер мәліметі өшірілген орындар бос тұрғанын қаласаңыз (мәліметтен тазалап орын сақталады), Түзету=>Тазалау (Правка=>Удалить) командасын орындауға тиіссіз.
Электрондық кестені толық өшіріп тастау үшін, Файл=>Жабу (Файл=>Закрыть) командасын орындап, шыққан сұқбат терезесіне "Жоқ" деп жауап беру қажет.