медицина қызметкерлерінің жарақаттануында тері жамылғылары мен кілегей қабықтар бүтіндігінің бұзылу деңгейі;
жарақатты өңдеу;
жарақаттан соң антиретровирусты препараттармен химиопро-филактиканы жүргізу уақыты.
Жеке қорғаныс заттары:
резеңке және латекс қолғаптары;
бетперде, көзәйнек;
халат, алжапқыш;
- жабық аяқ-киім.
ЕПҰ-дағы АИТВ инфекциясының алдын алудағы жан-жақты шаралар І. Иненің енген жерін және кескен жерін ағынды сумен жуу, содан кейін
70% спиртпен сүрту.
ІІ. Егер қан, басқа да сұйықтықтар пациенттен кілегей қабыққа түсетін болса, онда жуу керек:
көзді 1% -бор қышқылы ерітіндісімен;
мұрынды 2% проторгол ерітіндісімен;
ауыз қуысын калий перманганаты ерітіндісімен 1:1000
Жарақат алған кезде 12 сағат ішінде ЕПҰ-жеткізу керек. Жарақат алған науқас 6-12 айға дейін дәрігер бақылауында болады және дәрігерлік алдын алу емін міндетті түрде қабылдауы қажет.
Еңбектің қауіпсіздігін ұйымдастыру
ыңғайлы және қорғаныс құрылғылары бар медициналық құрал-жабдықтарды пайдалану;
қауіпті медициналық құрал-саймандарды қолданудан қашу, егер оларды қауіпсіз және тиімді құрал-сайманға ауыстыруға мүмкіндік болса;
қолданғаннан кейін шприц инесіне қақпағын кигізбей, арнайы контейнерлерге тастау;
қолданылған инелерді арнайы контейнерлерде сақтау және тасымалдау.