2017 жылдың І жартыжылдық жұмыс есебі Қысқаша түйіндеме



бет16/29
Дата30.04.2018
өлшемі5,39 Mb.
#40330
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29

А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында жас жеткіншектің бойына патриоттық сезімін ояту, отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу мақсатында Мәншүк Мәметованың туғанына 95 жыл толуына байланысты «Қаһарман қызы қазақтың» атты тарихи сағат өтті. Аты аңызға айналған қазақтың батыр қызы Мәншүк Маметова өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істері жайында мәліметтер айтылып, «Қаһарман қызы қазақтың» атты көрмеге шолу жасалынды.Соғыс туралы бейне фильм назарларына ұсынылып, балалар соғыс жайында өлеңдер оқыды. Еліміздің өткен тарихын құрметтеу, Отанға деген жауапкершілік және мақтанышын  сезімін ояту мақсатында, А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында «Этих дней не смолкнет слава» атты әдеби сағат-реквием болып өтті. Кітапханашы көрмеге қойылған соғыс туралы кітаптармен жан-жақты таныстырды. Шара барысында біздің жерлесіміз, ардагер, ҰОС қатысушысы Х.Т. Тотаев туралы бейне-сұхбат көрсетілді. Онда ардагер атамыз соғыс жыладырындағы қатал да қиын-қыстау кездерін еске түсіріп, қандай медаль және ордендармен марапатталғандығы жайында айта кетті. Іс-шара соңында Хаден Тотаевич өскелең ұрпаққа өзінің жылы лебіздерін білдіріп,  сабақтарын жақсы оқып, елінің қалаулы азаматтары болуға шақырды. 6- мамыр Жеңіс күні қарсаңында Мәншүк Мәметованың - 95 жылдық мерейтойына арнап «Аңызға айналған қыз» атты патриоттық сағат болып өтті. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың ерліктерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту мақсатында залда 1 минут үнсіздік жарияланды. Іс - шара барысында Мәншүк Мәметова жайлы «Батырлар елі» атты фильм көрсетілді. 9- сынып оқушысы Нұржанова Айзат Мәншүктің анасына жазған хатынан үзінді оқып берді. 2- сынып оқушысы Тілеуғабылов Бауыржан Соғыс туралы тақпақ айтып, 9-сынып оқушысы Қамбар Жаннұр «Әлі есімде» атты әнін орындап берді. Кітапханашы  «Бабалар рухына тағзым» атты  кітап  көрмесіне  шолу  жасады. Көрмеге жерлестеріміздің фотосуретімен өмірбаяны жазылған альбом және аты аңызға айналған Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының, Әбіш Кекілбаевтың  патриоттық тақырыпта айтқан жалынды сөздері қойылды.(ф№4) «Еңсесі биік –Ұлы Жеңіс!" атты кітап көрмесі кітапхана терезесіне шығарылды. Жарқын көрме өтіп бара жатқан адамдардың назарын өзіне аударып, көпшіліктің көңілінен шықты. Көрмені көшеден тамашалап, ұнаған кітапты оқуға кітапханадан алуға болатынын оқырмандарға жеткізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет