Ислам ғұламалары Қияметтің кіші белгілерін үшке бөлген:
а) болып өткен белгілер;
ә) болып өткен және қазір де болып жатқан белгілер немесе
бір рет болып өтіп, сосын қайталанатын белгілер;
б) әлі күнге дейін болмаған белгілер.
Осы үшіншінің кейбірі үлкен белгілердің алдында келсе,
кейбірі олармен араласып келеді.
а) Болып өткен белгілер
1-белгі: Соңғы пайғамбарлықтың басталуы
Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзінің ең соңғы, ақырзаман
пайғамбары екенін айтқан. Одан кейін пайғамбар келмейді. Әнәс
ибн Мәлик (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Мен және Қиямет мына екеуі сияқты болып жіберілдік» , – деп сұқ саусағы мен ортаңғы саусағын
біріктіріп көрсеткен
1
.