Қола дәуірі Қола дәуірінің хронологиясы: Б.з.б. 2800 – 900 жж.
F Қола дәуірінің кезеңдері:
I. Ерте қола дәуірі: Б.з.б. XVIII – XVI ғғ.
II. Орта қола дәуірі: Б.з.б. XV – XII ғғ.
III. Кейінгі қола дәуірі: Б.з.б. XII – VIII ғғ.
Қола дәуірі кен өндіру мен металл өңдеу алғаш дамыған кезең.
Қола дәуірі: тастан және мыстан жасалған еңбек құралдарын ығыстырған кезең.
Қоланың алыну қосындысы: Мыс пен қалайы.
v Қалайы + Мыс = Қола Қола дәуірінде негізінен қалайы игерілген өңір: Атасу, Қалба және Нарым жоталары.
Қола дәуірінде негізінен мыс игерілген өңір: Зыряновск, Жезқазған маңайы.
Көне заманда Жезқазғаннан 1 млн тонна кен өндіргені туралы мәлімдеген қазақтың белгілі ғалымы: Қ.И.Сәтбаев.
Қола дәуірінде 1100 тонна қалайы шығарылған кен орны: Шығыс Қазақстандағы Нарым мен Қалба кен орнындары.
R Жұмсақ кен өндірілген: Қайламен омыру арқылы.
R Тығыз (қатты) кен өндірілген: Отпен уату арқылы.
v Еңбек құралдары тас немесе саз балшық қалыптарға құйылып, өңделген.
Қола дәуірінде кенді қорыту үшін салынған күрделі құрылыстар: Қазандықтар
Ø Андрон мәдениеті Қола дәуірінің ең алғашқы ескерткіштері табылған жер: Сібірдегі Ачинск қаласы жанындағы Андроново елдімекенінің маңы.
v Андрон мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін тапқан А.Я.Тугаринов 1914 жылы. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С.А.Теплоухов енгізген.
R Қазақстан аумағындағы Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін тапқан: 1927 жылы М.П.Грязнов.
Еуразия даласындағы қола дәуірінің мәдениеті: Андрон мәдениеті.
Андрон мәдениетінің тараған аумағы: Орал (Жайық) өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейін, Батыс Сібір орманды алқабынан, Памир тауларына дейін.