16
25 мамырдағы №683 қаулысы негізінде «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020
жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданды
33
. Бағдарламаға еліміздің әр
өңірінен Текелі мен Жезқазған секілді мономаманданған 27 қала
қатыстырылды. Бағдарламаның басты мақсаты – моноқалаларды орта және
ұзақ мерзімді перспективада орнықты әлеуметтік-экономикалық дамыту.
Бағдарламада алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді
орындау қарастырылған:
1. Моноқалаларды тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың
өндірістік сыйымдылығына байланысты оңтайландыру.
2. Моноқалалар халқының жұмыспен қамтылуының оңтайлы құрылымын
қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыру әрі шағын және орта
бизнесті дамыту.
3. Моноқалалардың еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, жоғары
әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерге және
экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуді ынталандыру.
4. Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын
халықтың оңтайлы санына сәйкес дамыту.
ҚР Өңірлік даму министрлігі дайындаған бұл құжатта моноқаланың негізгі
белгілері ретінде келесідей сипаттама берілген:
Моноқала – бұл бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы кәсіпорыны
бар, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы қала. Яғни, экономикалық және
әлеуметтік жағдайын айқындайтын кәсіпорындарда еңбекке жарамды
халықтың және өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігі (20%-дан астамы)
шоғырландырылған қала.
Қала түзуші кәсіпорын қызметіне тәуелді шағын қалалар елімізде және
ТМД елдерінің басым көпшілігінде
Достарыңызбен бөлісу: