47
Елде осы келеңсіз құбылыстарды зерттеу, қалаларды қалпына келтіруді
ғылыми-қолданбалы тұрғыда зерттеу мақсатында «The Restoring Prosperity
Initiative» (Жаңғырту мен гүлдендіру бастамасы) бағдарламасы жасалды. 2006
жылы Вашингтондағы Брукинг (Brooking) институты жариялаған кешенді
Есепте дамуы тежеліп және құлдырау жағдайында тұрған ескі өнеркәсіптік
қалаларға қатысты ұзақ жылғы зерттеу нәтижелері талданған болатын [83].
Брукинг институты зерттеген 302 қала арасынан экономикалық және
әлеуметтік жағдайы ең төмен 65 қала таңдалып алынды, олардың басым бөлігі
АҚШ-тың солтүстік-шығысы мен Орта Батыста орналасқан. 6 штатты
қамтитын, «стагнациялық қалалар» деп аталатын бұл ескі өнеркәсіптік
қалаларда 16 млн адам тұрады, еңбек ресурстары шамамен 8,6 млн адамды
құрайды. Брукинг институты стагнациялық қалаларға мынадай көрсеткіштер
бойынша баға берген (14 - сурет).
Сурет 14 - АҚШ-тағы стагнациялық қалаларды бағалау көрсеткіштері
«The Restoring Prosperity Initiative» бағдарламасы кезінде экономикалық,
саяси және мәдени орталықтар болған осы қалалардың дамуы, олардың
инновация ошақтарына айналуы және қаламаңы аумақтарының қоршаған
ортамен үйлесімде дамуы бүкіл АҚШ-тың тұрақты экономикалық дамуына
ықпал ететін алға қойып отыр. Бұл қалаларда ғылымға негізделген, бәсекеге
қабілетті жаңа өндірістің болмауы олардың құлдырауына себеп болды деп
есептеледі. 65 қаланың жалпыға ортақ мәселелері болғанымен, олардың
географиялық орнына
және
т.б.
факторларға байланысты
өзіндік
қиыншылықтары бар. «The Restoring Prosperity Initiative» бағдарламасы
бойынша, ескі өнеркәсіптік қалаларды жаңғыртудың 5 негізгі бағыты
анықталған (15-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: