74
байтақ құрылым болып табылады. Урбандалған зона бірнеше урбандалған
аймақтарды қамтиды және урбандалудың жоғары деңгейі бар елдер мен
аймақтарға ғана тән.
Экономикалық өсу орталықтары
- елдің немесе өңірдің экономикасында
инновация мен прогресс көздерінің функциясын орындайтын, "ауқым
әсерінің"
арқасында
өндіріс
факторларының
тартылыс
полюстері
(шоғырлануы) болып табылатын, сондай-ақ жаңа тауарлар шығаратын және
қызметтер көрсететін қарқынды дамып жатқан салалардың кәсіпорындары
орналасқан нақты аумақтар (елді-мекендер).
Хаб-қалалар
– ұлттық және өңірлік өзара іс-қимыл орталықтары: сауда-
логистика және көлік, қаржы және кадр орталықтары, ақпарат пен
технологияларды жеткізушілер. Қазіргі таңда елімізде Алматы, Астана,
Шымкент және т.б. қалаларды хаб-қала ретінде дамыту жұмыстары
жүргізілуде.
Smart
City
(ақылды
қала)
тұжырымдамасы
-
ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы барлық қалалық
қызметтердің тиімділігін арттыру және тұрғындардың қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін өмір сапасын жақсарту болып табылады. Әлемде смарт-
индикаторлар негізінде «смарт-қалалар» рейтінгісі жарияланып тұрады. Ең
ақылды қалалар көшін Колумбус (АҚШ), Оулу (Финляндия), Таллин (Эстония)
бастап тұр. Елімізде бірнеше қаланы (Алматы, Астана, Қарағанды т.б.) «ақылды
қала» ретінде дамыту тұжырымдамасы жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: