84
қалыптастыруды атаған. Ресейдің Ярославль қаласы мысалында қалалардың
экологиялық
каркасын
құрастырудың
ландшафтылық-географиялық
ұстанымдарын арнайы зерттеген И.М. Георгица [130] қаланың табиғи каркасын
қалыптастыру үшін урбоэкожүйелердің құрылымы мен антропогендік
динамикасын талдау қажет деп есептейді. Д.В. Бобрышевтің [131]
зерттеулерінде агломерациялардың табиғи каркасы және орталық қаланың
дамуының ландшафтылық әлеуеті өте тығыз байланыста қарастырылған.
Ғалымның пікірінше, қалалардың дамуына оның табиғи каркасының жоспарлы
сипатта болуы, осы арқылы тұрғындардың өмір сапасының жақсаруы маңызды
рөл атқарады.
Табиғи-экологиялық каркастың функционалдық құрылымы, негізгі және
жанама элементтер тобы, осы топтағы әрбір элементтердің функциялық ролі
Д.З. Гридневтің
132-133
зерттеу жұмыстарында жүйелі талданған. Автордың
пікірінше, негізгі элементтер тобы аумақтың біртұтас табиғи-экологиялық
құрылымын түзеді. Олар табиғи кешендердің тепе-теңдігін, биологиялық
алуантүрлілігін қамтамасыз етіп, аумақтағы ағындардың қызметін реттеп
тұрады. Жанама элементтер тобы негізгі элементтердің функцияларын қолдау
арқылы жергілікті жерде белгілі бір экологиялық функция атқарады, бірақ
физикалық-географиялық каркастың біртұтас жүйе ретіндегі қызметін
қамтамасыз ете алмайды.
Каркас құрылымындағы әрбір элементтің ролі жіті
зерделенген автордың әдістемелік үлгісін
132
өз жұмысымызды орындауда
негіз ретінде пайдаландық. Себебі, автор келтірген каркас элементтерінің
құрамын (су қоймасы, өзен ағыны, жасыл желектер, антропогендік өзгерген
аумақтар т.т.) біздің зерттеу нысанымыз аумағынан кездестіруге болады.
Сонымен қатар, Жезқазған және Текелі қалаларының табиғи-экологиялық
каркасын қалыптастыруда жергілікті жердің ерекшеліктерін де ескеру өте
маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: