162
маңызды және қажет деп ойлаймын сондықтан осы мамандықты игеруге деген құлшыныстарын ашу
мақсатында да бірнеше сабақтар дайындадым. Мысалы, "оксидтер" тақырыбын қайталаған кезде
білім алушылар келесі сұрақтарға жауап береді: Неліктен көміртегі (II) (СО), азот және күкірт
оксидтері ауаны ластайды? Қандай қасиеттері оларды ауа ластағыштар қатарына қосады? (Жауап -
бұл заттардың улылығы). Автокөліктерді шығаратын улы заттарға мысалдар келтіріңіздер: (Қорғасын
қосылыстары, күкірт оксидтері, СО, азот оксидтері, альдегидтер және т. б.) студенттер проблемалық
жағдайға тап болады: автомобильдердің пайдаланылған газдарындағы улы заттардың құрамын қалай
азайтуға болады, ол үшін не істеу керек? – деген сияқты сұрақтар топтамасына жауап беру арқылы
біршама жауаптар ала алады деп ойлаймын. Мұнайды айдау арқылы электр оқшаулағыш
материалдарды (минералды майларды) алу технологиясын түсіндіру кезінде білім алушылар физика
курсынан алған білімі қолданылады және олармен мұнайдың химиялық құрамы мен өңдеу әдістері
туралы сабақ жүргізіледі.Сол сияқты полимерлерді (полиэтилен, полистирол, поливинилхлорид және
т.б.) зерттеу сабақтары жүргізілуде, оқушыларға полимеризация және поликонденсациялық
органикалық диэлектриктер, олардың сипаттамалары, құрылыста және электротехникада қолдану
салалары туралы таныс материалдар байланыстырылды. Мамандыққа байланысты тақырыптарды
оқу кезінде білім алушыларға баяндамалар, рефераттар, жеке жобаларын дайындау, ғылыми-
практикалық конференциялар өткізу сияқты жұмыс түрлерінің тиімділігін ескере отырып, білім
алушыларға тақырыптар алдын ала ұсынылатын тақырыптарым төмендегідей болды:
Химия және құрылыс
Оксидтер мен тұздар құрылыс материалдары ретінде қолданысы
Суспензиялар мен эмульсияларды құрылыста қолданылуы;
Құрылыстағы силикат өнеркәсібі;
Цемент өндірісі;
Керамика;
Құрылыстағы кальций қосылыстары;
Көп қырлы кальций карбонаты: табиғатта, өнеркәсіпте, тұрмыста;
Құрылыста полимерлердің қолданылуы;
Көмірсутек шикізатының химиясы және менің болашақ мамандығым және т. б.
Осындай біршама тақырыптарды қамтыған қосымша курсымның мазмұнын ашу үшін
қазіргі жаңа технологияларды сабақ барысында қолданудамын әсіресе топтық жұмыстардың алар
орны ерекше.
Өз тәжірибе жұмыстарымды қорытындылай келе химиялық білімнің кәсіби мамандыққа
бағытталуы дағды мен іс әрекет негізінде өздігінен ізденетін,өздігінен шешім қабылдайтын,нарық
заманында өмір сүріп,адал еңбектенетін,бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға
септігін тигізеді деп сенемін.
Достарыңызбен бөлісу: