Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет378/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

 
 


315
УДК: 372.854 
 
ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖОБАЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ 
 
Ж.Б.Тұрғанбек, Ж.А. Ибатаев
Астана халықаралық университеті, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан, 
zhanerkeeeturganbekova@gmail.com
 
Аннотация:
PBL (проектное обучение) - одна из наиболее широко используемых сегодня технологий в 
образовании. В данной статье дается краткое описание применения метода PBL в преподавании химии в 
учебном процессе. 
Түйін сөздер:
жобалық оқыту, білім беру, қолдану, дамыту, күнделікті өмірлік жағдайлар. 
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында: «Қазіргі жаһандық өзгерістер 
кезеңінде түлектің білімі еңбек нарығына шыққанға дейін-ақ жеткіліксіз болып қалуы әбден мүмкін. 
Сондықтан, құзырлы министрліктің алдында оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу міндеті 
тұр» - деген байламы ұлттық ерекшеліктерді еске алып, өскелең ұрпаққа тәрбие беру ісін дамыту 
және жетілдіруді басты мақсат етуіміз керек деген ұғыммен айтылғаны сөзсіз. [1] Бұл – кезек 
күттірмейтін шаруа. Білім мен тәрбие берудің негізгі жалпы білім беретін мектептердің 
педогогикалық процесін жақсарту кезек күттірмейтін мәселе десек, - мектеп соның бастауы. 
Қазіргі кезде Қазақстанда әлемдік ақпараттық-білім беру кеңістігіне енуге бағытталған жаңа 
білім беру жүйесі қалыптасып келе жатыр. Жаңа ұрпақтың мемлекеттік білім беру стандарты 
аясында мектептің басты міндеті - оқушының жеке тұлғасын дамыту. Осыған байланысты оқытудың 
әдіс-тәсілдері мен технологияларында сөзсіз өзгерістер орын алуда, ақпаратты жинау мен талдаудың 
практикалық дағдыларын қалыптастыруға, өз бетінше жұмыс жасауға, оқушылардың өзіндік 
жұмысын ынталандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Білім беруде жалпы сауаттылықпен қатар 
түлектердің, мысалы, гипотезаларды құрастыру және тексеру, жобалық режимде жұмыс істеу, шешім 
қабылдауда бастамашылық қабілеті алдыңғы қатарда тұр. 
Бүгінгі таңда мектептердегі оқытудың дәстүрлі әдістері оқушылардың жаңа идеяларды, 
білімдер мен технологияларды қабылдауға дайындығын көрсететін интеллектуалдық дамуы үшін 
қажетті әлеуетті толық қамтамасыз ете алмайды. Заман талабына тән технологиялардың жылдам 
өзгеруіне байланысты оқушыларды оқытуда жаңа әдістерді іздеу қажет. 
Химия – күрделі ғылымдардың бірі. Мектепте химияны оқыту оқушылардың дүниетанымын 
қалыптастыруға ықпал етеді. Бірақ химияны оқуға берілетін уақыттың аздығы, кітап мазмұнының 
көлемін сақтай отырып қысқартуоқушылардың пәнге деген қызығушылығын төмендетеді.[2, б. 2] 
Жобалық оқыту әдісін қолдану оқу-тәрбие процесін оқушының фактілер, есептер, гипотеза, модель, 
эксперимент және қорытындылар секілді танымдық циклдерге қатысатындай етіп ұйымдастыруға 
мүмкіндік береді және алынған білімді болашақта күнделікті өмірде де қолдана алады. Оқытудың 
бұл тәсілі оқушылардың химияны оқуға деген ынтасын оятып, білім деңгейін арттырады. 
Өзектілігі:
жобалап оқыту мұғалім бен оқушының бірлесіп жұмыс жасауына бағытталған, ол 
үздіксіз білім беру үрдісінде бағалау түрі болып саналады, сонымен қатар оқушының химия пәніне 
деген қызығушылығын арттырып олардың жүйелі ойлауын дамытуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет