Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет103/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#193831
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

Ы.Алтынсарин 
атамыз
<<Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар>>
деп алдағыны көрегендікпен болжаған. 
Мұндағы
<<шамы>>
тұңғиық терең білім ,ғылым болса керек.
Осынау білім деген шамның жарқырай түсуі үшін
кітаптың, сол кітаптың жинақталар жері- кітапхананың қашанда тұғыры биік болуы тиіс.

* * * * *

ЖАҢАША ОҚЫТУ- ЖЕТІСТІК КӨЗІ
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққұм бекеті
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Төлекова Гүлзира Аятбекқызы
Еліміздің экономикалық, әлеуметтік-мәдени саласы өскен сайын, қоғам дамуының барлық 
саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласы да өзгеріп, жаңару үстінде. Осы 
орайда, білім ордасының табалдырығын жаңа ғана аттаған жас бүлдіршіндердің 
дүниетанымын қалыптастыру, жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін шыңдап, тәрбиелеу барысында 
бастауыш білім сатысының орны ерекше екенін айтпасақ та белгілі. Бұрынғы қолданыста
жүрген оқу бағдарламалары оқытудың негізгі мәні адам тәрбиесі, жеке тұлғаның қалыптасуы 
екеніне жете көңіл бөлмегенін де енді аңғарып отырмыз. Себебі, дәл қазіргі уақыт, ең алдымен, адамның ақыл-ойы мен
қабілетіне қойылар талапты өте күшейтіп жіберді.
Ендеше, бұдан шығар қорытынды мектепте оқушының жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы
тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізу қажет болды. 
Ерте заманнан бері адам баласы барлық өмір құбылыстарын, өздерін қоршаған ортаны тануға талпынған. Үйрену мен
үйтетуден тұратын жердің бәрінде ұстаз бен шәкірт болған.Заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Осыған орай ортамызда орын алып жатқан оқытудың жаңашыл жобалары осындай философиялық негізді басшылыққа 
алған. 
Олардың бірі Қазақстанда 1997 жылдан бастап етек жая бастаған «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы,
(RWCT жобасы). Оқушылардың ойлау, қабылдау қабілетін аңғаруға топтық жұмыс өте тиімді, яғни сабақты деңгейлеп оқыту 
арқылы іске асыру және оқушыға тиянақты білім беру, оның сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ізденіштігін, 
байқампаздығын дамытып, жеке тұлға болып дамудың биіктігіне шығуына әкелер жолдың бірі- RWCT бағдарламасы деген 
болар едім.
RWCT бұл:-жеке, жұпта, топта, бірлесіп жұмыс істей білу;
-оқуда білімді өз бетінше іздеу;
-білімді терең ұғыну;
-теория мен практиканы біріктіру;
-бір-біріне құрметпен қарау, мәдениетті қарым-қатынаста болу; 
-өз пікірін жақтай, дәлелдей білу;
-ізденіс, еркін таңдау, жеке пікір, топпен талқылау;
-қажет жағдайда көзқарасын өзгерту т.б.
Өйткені сын тұрғысынан ойлау –ең алдымен шығармашылық ойлау. Шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық 
ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді (Л.С.Выготский).
Аталмыш жобаның негізгі идеялары мен қағидаларына тоқтала кетсек: оқушы өзіне керекті, өз өміріне жарата алатын
ақпаратты таңдай біліп, оны өздігінше игеруге көмек болатын әмбебап тәсілдерді үйренуі керек.
«Сыни ойлауды дамыту» жобасы авторларының бірі Ч. Темпл төмендегідей әдістерді ұсынды:
-күтілетін нәтижелерді нақты айқындау;
73


-жазба жұмыстарын жиі орындау;
-оқушылардың ой-өрісін белсендіретін сұрақтар қою;
-бірлесе оқу тәсілдерін қолдану;
-оқыту пәндерінің әлеммен, күнделікті өмірмен байланысын орнықтыру.
«Сыни ойау» жобасы әр шәкірттің өзіндік түсінік қалыптасуына мүдделі, осылай олар өзінің теңдесі жоқ ерекшелігін
айқындап, соған иланады.
Мұндай жағдайда ақпарат оқытудың нәтижесі емес, оның бастапқы кезеңіне айналады: оқушы осы мәліметті түсініп,
талдап, оны өзінің әлеуметтік тәжірбиесі тұрғысынан бағалай отырып, соның негізінде өзінің түсінігі мен түйсінуімен
байланысты жаңа білім құрастыруға дағдыланады, оны керегіне жарата алады.
Оқу мен Жазу арқылы Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы біздің көптеген тұйыққа тіреліп қалған көптеген 
оқыту мәселелеріне көмектесе алды.. Сын тұрғысынан ойлау – өте күрделі, маңызды құбылыс. Мұғалім осы әрекетті
ұйымдастырушы, бағыттаушы. Оқушы әр түрлі ақпарат көздерінен сусындап, өз түйінін айта білуі керек. Кез -келген 
мазмұнды талдау барысында өз тобымен ұйымдасып, пікірлесіп, ең ұтымды жауапты іздеуі керек. « Сын тұрғысынан ойлау»
бағдарламасының стратегияларын пайдалана отырып өткен сабақтардың әсері мол. 
Бұл бағдарлама негізінен мұғалімдердің де оқушылардың да алдына міндеттер қояды. Соның бірі өзінің оқыту жүйесінде
сын тұрғысынан ойлауды және өз бетімен білім алуға көмектесетін кестені қолдану. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы
қызығушылықты ояту, мағнаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі (кезеңдердің мақсат-міндеттері).
1.Қызығушылықты ояту ( сұрақтар қою). Зерттелетін мәселені түсіндірумен шектеледі. 
2.Мағынаны тану. ( жауаптар іздеу, мәселені зерттеу). Оқушылар жұмысты талдайды, берілген сұрақтар бойынша өзіндегі 
білімдерді еске түсіреді, белсенді түрде жаңа мағлұматтарды іздеуге кіріседі. 
3.Ой толғаныс.(ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау ). Шешімі табылған мәселені жалпылау, 
алынған білімдерді пысықтау, жаңа материалды қайталау жүзеге асырылады. 
Енді « Сын тұрғысынан ойлау » бағдарламасының стратегияларын Ана тілі сабақтарында қолданғаным жөнінде тоқталып 
өтейін.
2-сыныпта Сағи Жиенбаевтың « Әлия», Сәду Машақовтың « Мәншүк» өлеңдерін оқыған кезде, сабақтың ой толғау
кезеңінде Вен диаграммасы стратегиясын қолдандым.
Әлия
Мергендер мектебін бітірген, 
Балалар үйінде тәрбиеленген,
Әлия туралы әнді Роза Рымбаева 
шырқайды
Ұқсастығы
Жас, соғысқа сұранып барған, қаза 
тапқан, кейіннен Кеңес Одағының 
Батыры болған, атында көше бар, олар 
туралы көркем шығарма бар, ескерткіш 
қойылған.
Мәншүк
Шын аты Мәнсия, медицина 
институтында оқыған, Қызылордада 
Мәншүк атында педагогикалық училищесі 
бар
Вен диаграммасы – ақпаратты есте сақтау, таңдау және оқушының деңгейін көрсетеді. Ұқсастығы мен ерекшеліктерін табу 
кезінде тақырыпқа тереңірек үңілуге мүмкіндік береді.
Кубизм – тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы. Бұл стратегия бойынша ойлау мен жазуға 
көмектесу үшін кубикті және оның жан-жағындағы сөздерді қолданады. 1-сыныпта Ы.Алтынсариннің « бір уыс мақта » 
әңгімесін оқыған кезде мақтаны тереңірек түсіндіру мақсатында осы стратегияны қолдандым.
Суреттеңіз: Мақтаның түсі ақ, жұмсақ, сабағы жасыл.
Салыстырыңыз: Мақта ақ қарға,гүлге ұқсайды.
Байланыстырыңыз: Бір алқапта өскен мақта көз алдыңа қарды елестетеді. 
Қолданыңыз: Жіп жасайды,киім тігеді,көрпе,көрпеше жасайды. 
Саралаңыз: Бір уыс мақта ертегісіндегі торғайдың мақтаның керексіз қиқымын қалай пайдаланғанын айтып береді.
Талқылаңыз:Қолдануы туралы айтқан топқа қосарымыз мақтадан май өндіріледі. 
Оқушы бұл сабақта аз ғана нәрсені айта отырып, өзіне көп нәрсе ала алады деп ойлаймын.
3- сыныпта Әуелбек Қоңыратбаевтың « Киіктің айласы », Сәкен Сейфуллиннің « Ақсақ киік » шығармаларын оқыған кезде
Білгенім, үйренгенім, үйренгім келеді стратегиясын қолдандым.
Білгенім
Үйренгенім
Үйренгім келеді
Киік қой сияқты момын жануар,адамға 
еш залалы жоқ, шөппен қоректенеді.
Киікті ақбөкен деп те атайды, оның 
қаруы – аяғы, жауынан қашып 
құтылады, қажет кезде айла да 
қолданады, сұлу аң, адамдар мүйізі 
үшін аулайды, жаңа туған лағын 
құралай деп атайды
Мүйізінен қандай дәрілер жасалады?
Қанша жыл өмір сүреді? 
Қолға үйретуге бола ма?
Неліктен киікті қорғау керек?
Үйренгім келеді бөлімінде пайда болған сұрақтарға оқушылар өздері ізденіп шығармашылықпен айналысады.
Сабақты қорытындылаған кезде Бес жол өлең стратегиясын қолдану да өз нәтижесін береді.
Киік.
Жуас, ақылды.
Суға келді, ,жылдам жүгірді, шөп жеді.
Бір киік бірнеше қасқырды алдап кетті.
Сахараның жануары.
Бұл мәтінді қысқа ғана түсіндіретін немесе тақырыпты толғандыратын 5 жолдан тұратын өлең жолдары. Ақпаратты
түйіндеп айту, терең ойды, сезімді және сенімді қысқа сөзбен қамту маңызды өнер. 
3-сыныпта «Құстар айтысы» ертегісін оқыған кезде ой қорыту кезеңінде Қарама-қарсы элементтер стратегиясын қолдану 
арқылы мәтіндегі оқиға желісін түсінуге мүмкіндік туды.
74


Құсбегі 
Орманға барады, 
тор құрады
тордың артынан жүріп отырады, 
ойлайды.
Ойы рас болады.
Торды ұстап алады.
Үйіне апарып қамап қояды.
Құстар
Торға түсіп қалады,
ақылдасады, бірлесіп қимылдайды,торды 
көтеріп әкетеді
Жанжалдасады, қанаттарын ақырын 
қағады.
Ұсталып қалады.
Оқиға желісі
Торға түскен құстар.
Бірлесу.
Жанжалдасу.
Қолға түсу.
Қай жастағы бала болмасын, табиғатынан сұраққа толы. Олардың сұрақтары білім алуда ең күшті жетекші болып табылады.
Бұл бағдарламаны өз тәжірибеме енгізгеннен бері жаңа бір күш, жаңаша серпіліс пайда болғандай. Осындайда ойыма ұлы 
орыс педагогы К.Д.Ушинскийдің « Кімде-кім оқытамын десе, ол оқушы талабына, оның ішкі сырына көз салуы керек »,-
деген сөзі оралады.
« Сын тұрғысынан ойлауды дамыту » бағдарламасын қолдана отырып өткен сабақтарда оқушы сын тұрғысынан ойлап,
дәлелдеуге тырысады, ой-өрісін кеңейтеді, еркін ойлай отырып, келе-келе мұғалімнің түсіндіргеніне қарағанда өз 
ізденісімен сабаққа қызығушылық танытады. Сонымен қатар, жекелей жұмыстар, жұптық және топтық жұмыстар жүргізу 
арқылы өз ойларын ашық айта білу, пікір айтуға үйрену, ойланып жауап беру, жолдастарының ойын тыңдау, жауаптарын 
бағалау білу, сыйластық, ұйымшылдыққа, білім деңгейлерінің жоғары болуына көп әсерлерін тигізеді. Оның ішінде ерекше 
бір жағдай: сынып бойынша көп сөйлемейтін, ойлау дәрежесі төмен оқушылардың да қызығушылығы туып, олардың өз
мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша сабаққа қатысуға тырысуы байқалады. 
Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкірттеріне 
нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Бұл лайықты тұлғаға жету үшін үнемі ізденісте
жүру қажет деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   285




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет