Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы


МОНШАҚТАРДАН ӘР ТҮРЛІ БҰЙЫМ ТОҚУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет66/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#193831
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

МОНШАҚТАРДАН ӘР ТҮРЛІ БҰЙЫМ ТОҚУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТЕРІН ДАМЫТУ
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы «Осакаровка кентінің
 №1 орта мектебі» КММ Технология пәнінің мұғалімі Тусупхан Манар

Оқушылардың моншақпен жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып,білімін жүйелеу.Моншақпен тоқудағы шеберлік деңгейін 
арттыру арқылы әсемдікпен сұлулықты бағалай білуге үйрету. Қолөнер– халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте 
қайнасып келе жатқан қолөнер. Ата бабамыз айтқандай «Өнер көзі – халықта», «Халықсыз өнер - өнерсіз халық жоқ», оны 
жаңғыртып іске асыру біздің перзенттік парызымыз. 
Қазақ халқы талғампаз халық. Ұрпағына қалдырған бай мұрасы – тұнған ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан өнеге. Сондықтан әр 
түрлі қолөнер бұйымдарының әсемдігі, өрнегі, тұрмысқа сән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Өресі биік, өрісі кең
өнер атауларының қай саласында болсын, жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да өзінің көне замандардан
бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір ғана өзіне тән қайталанбас ерекшелігімен көзге түседі. 
Қазақ ұлтты – кең байтақ республикамыздың жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол
дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Оның ішінде ұрпаққа деген өсиетін таңғажайып қолөнер туындыларымен
жеткізе білген бабаларымыздан мирас болып келе жатқан халықтық сәндік-қолданбалы қолөнерінің бірі - әр түрлі
бұйымдарды моншақпен өрнектеп безендіру, әр түрлі бұйымдар тоқып шығару өнерінің орны ерекше зор. Өйткені моншақ
қайта сәнге айналуда. 
Қазіргі заманға сай моншақтар да әр түрлі көлемде, түрлі-түсті реңдерімен адамзатты таңғалдырады. Раушан, лала
гүлдер, әр түрлі жануарлар, қуыршақтар, мойынға тағатын әшекейлер, тышқан, қояндар, кәмпитсалғыштар, гүл салатын 
құтылар, нан салғыштар, әшекейленген той көйлектері, сәукеле, камзол өзінің әдемілігімен көз тартады. Осы тақырып
бойынша іздену-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде өте көп деректер, орындалу әдістер әр түрлі жұмыстарымен танысып,
жалпы халықтық қолданбалы өнерін, әсіресе моншақ жұмыстарын терең меңгеріп, іздену-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, 
оның ішінде ең тиімді әдісін меңгеріп, оны оқушыларға үйретіп, жақсы әдемі өнер туындыларын жасап шығаруды алдыма
басты мақсат етіп қойдым. Өйткені моншақтан жасалған бұйымдар өте әдемі, эстетикалық талғамы жағынан жоғары,
сезімталдықпен жасалған тамаша туындылар болып табылады. Сол себептен де оқушылар арасында моншақпен жұмыс
олардың қызығушылығын арттырып, оларға эстетикалық тәрбие берудің бір амалы.
Моншақ бұйымдарының жасалу жолдарын үйрену арқылы өзін әдемі етіп, өз қолдарынан шыққан тамаша
туындыларының әдемілігін көріп, оны өз қолымен жасай білуге және осы арқылы өмірді жақсы жаққа қарай қайта құрып, өз 
еңбегімізге деген сүйіспеншілігін арттыру – маңызды бағыттың бірі. Себебі, ол өзінің әсемділігімен, нәзіктігімен көз тартып 
отырады. Бұл оқушылардың сезімдері мен шығармашылық қабілетін үнемі дамытып, әсемдікке ризашылық мүмкіндіктерін 
ұлғайтып, оны өздері жасай білуді үйренуге ұмтылғанын көрсетеді. Осы әдіспен неше түрлі бұйымдарды тоқуға болады. 
41


Осы әдіс-тәсіл технология пәні мұғалімдерге көмек берер деп үміттенемін. Өз мектебімде оқушыларымның шығармашылық 
шеберліктерін дамытып, бұдан да күрделі бұйымдарды тоқып үйретемін
Сіздерге ірі моншақтан әр түрлі бұйымдар тоқу әдісін ұсынып отырмын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   285




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет