Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет75/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#193831
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

1.
Дисплей дегеніміз не?
2.
Маустың неше түрі бар?
3.
Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы.
3-кесте. ЭЕМ Буындары
51


Жаңа түсінікті
 
«Ол кім? Бұл не?» ойыны арқылы тексердім. Тақтада 8 ұяшық беріледі. Ұяшықтар астында суреттер 
жасырылған, ұяшықтардағы суреттерге жауап бергеннен соң оның астарында жасырынған суреттерге анықтамалар беріледі. 
Сұрақтар:
1. Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан» деп атаған, ал 
жапондықтар не деп атаған? 
2. 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым.
3. XVII ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландиялық математик. 
4. Ада Лавлейс Бэббидж машинасына бағдарламасын қай жылы жазды? 
5. Екінші буындағы ЭЕМ-дердің элементтік базасы не болды?
 
6. Төртінші буындағы ЭЕМ-дердің элементтік базасы не болды? 
7. ЭЕМ буындарын атаңдар.
8. Бірінші буындағы ЭЕМ-дердің элементтік базасы не? 
Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығуға
 
«Сыңарын тап» ойынын алдым. Бұл сәйкестендіру тесті негізінде алынған. ЭЕМ 
түрлері мен олардың атқаратын қызметтері беріледі. Оқушылар ЭЕМ түрі мен қызметін сәйкестендіреді.
Сабақты қорытындылау «Саңырауқұлақ терейік!» ойынымен жүзеге асады. Тақтада тиін, тиіннің шелегі және 6
саңырауқұлақ берілген. Саңырауқұлақтарды тиіннің шелегіне жинау керек. Ол үшін саңырауқұлақтар қоятын сұрақтарға 
оқушылар жауап берулері тиіс. Дұрыс жауап алған саңырауқұлақтар өздігінен шелекке келіп түседі.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында білім беру 
ұйымдары «E-learning» электрондық оқыту жүйесіне 2015 жылы - 50%, 2020 жылы - 90% көшуі жоспарланған. Электрондық 
оқыту жүйесінің міндеті оқу процесіне автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау. Ал бұл дегеніміз мұғалімнен 
ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне
лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.
АКТ құралдарын қолданудың пайдасы:

Түрлі әдістерді пайдалану арқылы сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

Әр оқушының білім деңгейін анықтауға мүмкіндік береді;

Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді;

Оқушылардың барлығын бағалауға мүмкіндік аламыз.
Сонымен бірге АКТ-ның мүмкіндіктерін пайдалану білім берудің төмендегідей жаңа түрлерін кеңінен пайдалануға
мүмкіншіліктер тудырады:

Интерактивтік-сұхбат – ол қолданушының компьютермен қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл арада 
сұхбат мәтіндік бұйрықтар мен жауаптар арқылы қарқынды түрде жүзеге асып отырады;

Нақты обьектілерді басқару;

Экранда көрініс тапқан түрлі объектілердің, құбылыстардың процестерін, үлгілерін басқару;

Оқу процесінің нәтижелеріне автоматтық бақылау, өзіндік бақылау жасау және бақылаудың нәтижелері бойынша 
тестілеу, түзетулер енгізу.
Қорыта келгенде сабақтарды АКТ-ны пайдалана отырып, түрлендіріп өткізу арқылы сабақтың тиімділігін арттыруға және
жан-жақты дамыған терең білімі бар, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға болады. Қазіргі заманның талабы
осы. Сондықтан ұстаздар үнемі ізденіп, шығармашылық жұмыс істеп білім деңгейін үнемі жоғарылатып отыруы қажет. 
Сонда ған оқушылар әрбір пәннің мазмұныны жүйелі меңгеріп, олардың пәнге деген қызығушылығы арта түседі, өз бетінше
оқып үйренуге дағдыланады.
52




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   285




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет