3.2.3.1 (МК;Ө;Т;Қ) Өлеңді түсініп оқып, сұраққа жауап беру. 18-жаттығу. Өлеңді түсініп оқиды. Сұраққа жауап береді.
(МК; Ұ) Түсіндірме сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау. Оқулықтағы түсіндірме сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Көжек, өжет сөздерінің мағынасына назар аудартылады. Талдау жасалады.
(МК;Ұ) Мұғалім сыйы. 1 сəуір – Халықаралық құстар күні. Халықаралық құстар күні 1906 жылы Құстарды қорғау бойынша конвецияның бекітілуінен кейін атап өтіле бастады. беруге бағытталған. Құстар – табиғат, өмір көркі. Халық шебер əншісін бұлбұлға, ардақты азаматын сұңқарға, қас сұлуын аққуға теңеген. Құс барлық пен байлықтың, əсемдік пен сұлулықтың белгісі болған.
Оқушылар кез келген бір құстың суретін салып, сол құс туралы
əңгімелейді. Мысалы, Қарлығаш – сүйкiмдi, еңбекқор құс. Қарлығаш
туралы аңыз-ертегi, мақал-мəтел, жұмбақтар бар т.с.с
Дескриптор: • Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді. Жаңа білімді меңгереді. Сауатты, көркем жазады.
• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.
• Берілген тапсырмалар бойынша ой қорыту жасай алады.
Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.
(Ө;Ж; Қ) Өздік диктант.
Жақшадағы сөздерді сөйлем мағынасына қарай өзгертіп жазады.
Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсетеді. Арнұр (өзен) барды. Ол (өзен) балық аулады. (Өзен) балық көп екен. Шелекті (балық) толтырды. Түске жақын (үй) қайтты.
Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты мұғалімнің басшылығымен бағалайды.
3.1.2.1 мəтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша оның мазмұнын болжау;
3.2.1.1 тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мəтін түрлерін (əңгімелеу, сипаттау, пайымдау) жəне оның құрылымдық бөліктерін анықтау;
3.3.1.1 жоспар/сызбаны қолдана отырып тірек сөздер арқылы əңгімелеу мəтінін, салыстыра сипаттау мəтінін, көмекші сөздер арқылы пайымдау мəтінін құрап жазу
Сабақтың мақсаты
Тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мəтін түрлерін жəне оның құрылымдық бөліктерін анықтайды.