постнумерандоның болашақ құны факторын 1қосылған пайыздық ставкаға
(1+
пайыздық ставка) көбейту арқылы анықталады. 12% жылдық күрделi
пайыздық ставкамен 5 кезеңге аннуитет пренумерандоның болашақ құны
факторын анықтау үшiн, әдетте, 5 кезеңге есептелген 1долларлық аннуитет
постнумерандоның болашақ құн факторын (6,35285) 1 қосылған процентiк
ставкаға (1+0,12) көбейтемiз 6,35285*(1+0,12)=7,11519
Мысалы келтiрейiк: Арманның әкесi жыл сайын оның туылған күнiне 12%
жылдқ күрделi пайызбен (он жасқа толғаннан бастап) 800 доллардан
депозитке салып отыруды жоспарлады. Арман он сегiз жасқа толғанда
депозитте қандай сома жинақталады. Егер бiрiншi депозит Арманның 10-
шы туылған күнiнде жасалынса аннуитетiң мерзiмi бiткенге дейiн 8 салым
жасалынады (18 жасқа толғанда салым жасалынбайды делiк).
Салымдар
кезеңдердiң басында салынатын болғандықтан олар аннуитет пренумерандо
болып саналады.
1 долларлық аннуитеттiң болашақ құнын анықтау кестесiндегi 12% бағана
мен 8 кезеңге сәйкес келетiн қатардың қиылысынан факторды табамыз –
12,29969. Содан кейiн аннуитет пренумерандоның болашақ құны факторын
анықтау үшiн анықталған факторды (1+0,12) ге көбейтемiз. Нәтижесiнде
Арманның 18 жасқа толған туылған күнiне жинақталған сома былайша
анықталады:
Аннуитет пренумерандоның жинақталған болашақ құнын есептеу :
1.
1долларлық аннуитет постнумерандоның 8 кезеңге 12% жылдық күрделi
пайызбен есептелген болашақ құны: 12,29969
*
2.
фактор (1+0,12) 1,12000
=
3.
1 долларлық аннуитет пренумерандоның 8 кезеңге 12% жылдық күрделi
пайызбен есептелiнген болашақ құны: 13,77565
*
4. Кезең сайын салынған салым 800,00
=
5.
Арман 18 жасқа толғанда жинақталған сома 11020,52
Достарыңызбен бөлісу: