Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларга тиеп жіберілген тауарлар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, материалдар, көрсетілген қызметтер: - өз бағасына
- қосылган құнға салынған салық сомасына
Есептелген дивидент және пайыз (процент) ретіндегі борыш сомасы есеп
1040
1220
2.2. Кредиторлық қарыздың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталымен қатар басқа қарастырылған (тартылған) капиталды да қолданады. Бұл қарастырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы-мердігерлерінің алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйымдар өзінің сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымның алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өз қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алын, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейкесті мәселелері екендігі сөзсіз. Кәсіпорындардағы міндеттемелердің есебі типтік шоттар кестесінің алтыншы міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептелініп жүргізіледі.