Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет180/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
жіктеудің кемшілігі бола тұрса да, 
ол зерттеушілік ойдың өрістеуіне 
түрткі салды, ертеде өткен ақындар 
шығармашылығын молырақ та ке-
ңірек тануға көмектесті».
Оқулықтың ғылыми-зерттеу ең-
бек ретінде қазақ әдебиеттану ғылы-
мына, ғылыми-зерттеушілік ой-пі-
кір ге енгізген жаңалығы – әдебиет 
тарихын зерттеуде әлі дау-дамайға 
түсіп жүрген осы ақындардың шы-
ғармашылығына барынша әділ баға 
беруге қадам жасаулары еді. Себебі, 
оқулық шыққан уақытта басқа түгіл 
Абайдың өзінің өнерпаздық тұлғасы 
толық танылып, қазақ әдебиетінің 
классигі екені айтыла қойған жоқ 
еді. Сондықтан бұл еңбектегі Абай 
поэзиясы туралы айтылған тың пі-
кірлердің ұлы ақынның қайтыс бол-
ғанына 30 жыл толуын атап өтуге 
байланысты шыққан мақалаларға 
өз әсерін тигізгені даусыз. Сол ке-
зеңдегі «тұрпайы социологиялық» 
тұжырымдардың әсерінен ара-тұра 
«Абай, Алтынсарыұлы сияқтылар да 
біраз қазақ ерекшеліктерін ала кірген 
либерал-буржуазияға айналды» де-
ген секілді пікірлер кездескенімен, 
әдеби-тарихи талдау жасау бағы-
тындағы ғылыми-зерттеушілік ой-
пікір өзінің сөз етіп отырған ақын 
шығармасының мазмұнын қаза тек-
серіп, таптық мін іздеп, идеясын бұр-
малаудан, үстем тап жыршысы деген 
үстірт қорытынды жасаудан айыға 
бастағанын көреміз. Авторлар өздері 
бөлген жүйенің екінші дәуіріне бер-
ген шолуда: «Бұлар да ескілікке қарсы 
тұрып, оны шенейтіні бар, бірақ со-
нымен қатар бұның ішінде сол ескіні 
қалайтыны да бар. Осы жағдайға 
қарай бұл таптың адамдарының өзі 
де әр алуан, өз таптарының әр то-
бы ның күйін әр алуандау айтатыны 
бар. Әдебиеттегі осы күйдің мы-
салын Мұрат, Шортанбайлардан бір 
көрсек, Абай, Алтынсариннен та-
ғы көреміз. Бұлардың кейбірі ескі-
ліктің көлеңкесіне қарап, құр соны 
қимағандықты айтса, екінші бі реу-
лері әр алуан жаңашылдықтан үй-
ренуді, құптауды мақұл көреді», – 
деп сол кездегі ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірде ғылыми мәні зор, кейінгі 
зерттеулерге бағыт боларлық тың 
ой білдірген. Шынында да Шор-
танбай, Дулат, Мұрат т.б. ақын-
жыраулар поэзиясын зерттеуде бұл 
пікір тереңдетіліп әкетілгені белгілі. 
Ал оқулық Шортанбай, Мұрат, 
Шәңгерей шығармаларындағы за-
маннан түңілер торығу, мұң-шер 
айрықша көрінетінін салыстырмалық 
сипаттағы жаңа ойға негіздей оты-
рып, қазақ поэзиясында «зар заман» 
аталатын ағын басталғанын ғы лы-
ми тұрғыда дәлелдеген. Х. Дос мұ-
хамедов еңбектерінде айтыл ған тү-
сіндірмелік мәніндегі жалпылама 
пікір нақтылана түсіп: «Бұлар ша-
руашылық, әлеуметтік, саяси тұр-
мысқа кірген көп ірі жаңалық, өзге-
рістерге қарсы болумен бірге өз 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


198


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет