Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет184/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
талабына сай маркстік-лениндік 
әдіс наманы игере отырып тереңдеу 
жо лын да көрсетеді. Бірақ, бұл про-
цесс ешбір кідіріссіз алға баса бер-
ген жоқ. Оған басты себептердің бі-
рі «тұрпайы социологизмнің» қатты 
өріс алуы еді. Бұл теория әсіресе мек-
тептерге арналған оқу құралдарын-
да қатты сезілді. Тексеріліп отыр-
ған дәуір әдебиетін тарихи тұрғыда 
зерттеп, даму жолын таныту мен 
көркем шығармашылыққа, жеке шы-
ғармаларға ғылыми талдауға ерек-
ше қадам жасаған оқу құралдарға 
қарағанда, оқулық-хрестоматияларда 
ақын-жазушының өмірінен қысқаша 
мәлімет беріп, өнерпаздық тұлғасына 
аз сөзбен баға беру тән болатыны бел-
гілі. Бұл бағалаулар «тұрпайы социо-
логизм» тұрғысынан айтылып қа лып 
жатты. Осы кемшіліктер 1934 жылы
М. Жолдыбаев, М. Қаратаев, Ә. Қо-
ңыратбаевтар бірігіп құрастырған 
«Әдебиет хрестоматиясынан» айқын 
көрінді. Онда ұлттық әдебиет та-
рихы дәуірге бөлінбегенмен, ақын-
жазушылар өмір сүрген кезеңіне бай-
ланысты хронологиялық тәртіппен 
берілген. Әрқайсысының өмірбаяны 
келтіріліп, әдебиет тарихында ала-
тын орны бағаланған. Авторлар «Ер-
тегілер» және «Шаруашылық өлең-
дер» деген алғашқы бөлімдерде бұл 
өлең-жырлар еңбекшілердің ой-ар-
манын, ал негізінен таптық мүд-
дені көрсететінін ерекше айта ке-
ліп, төңкеріске дейінгі әдебиеттен 
Ыбырай, Абай, М. Ж. Көпеев, С. То-
райғыров шығармаларына кең орын 
береді. Олардың өмірбаянын сөз 
қыл ғанда ата-тегіне көңіл аударған. 
Сол себептен Ы. Алтынсаринді «Қа-
зақ феодалдарының патша үкіме-
тіне берілген, туып келе жатқан ка-
питализмді мойындаған мәдениет-
шіл жігінің ақыны» деп, ал Абайды 
«қазақ феодалдар табының ақыны, 
құдайшыл ақын» деп таныстырады. 
М. Ж. Көпеев пен С. Торайғыровта 
молда-билерді, бай-болыстарды сы-
нап-мінеу, әшкерелеу айқын көріне-
тінін атап көрсете отырса да, «Мәш-
һүр пролетариат ақыны болған емес. 
Ол негізінде буржуазияшыл-төң-
керісшіл ақын, буржуазиялық ұлт 
қозғалысының солшыл ақыны» бо-
лып бағаланады да, С. Торайғыровтың 
ағартушы-демократтық бағытынан 
көрі алашорданы жақтағанына баса 
тоқталып: «Алашорда жеңілгеннен 
кейін сары уайымға, торығуға түскен, 
тап тартысынан қашықтап, қысыр 
қиялға берілген, буржуазияшыл-
ұлтшыл ақындардың бұқарашыл сол 
қанатының мәдениетшіл ақыны» 
екені ерекше көрсетіледі. Автор-
лар бұл ақындардың шығармаларын 
маркстік-лениндік сыншыл көзқа рас-
та ғана оқып-пайдалану керектігін 
ескертуді де ұмытпаған. Хрестома-
тияда бұлардан соң Сәкен, Бейімбет, 
Ілияс, С. Мұқанов, О. Бековтер дің 
шығармашылығына орын беріп, өмі-
рі, жазушылық жолы, қазақ проле-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


202


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет