Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет213/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
орыс әдебиетінің өзі неше түрлі 
ағымдар мен әдістерге бой алдырып 
отырғанына тоқталады. Автордың 
орыс жұмысшысы мен қазақ кедейінің 
мүддесі әдебиетте бірдей дәрежеде 
суреттелуі мүмкін емес екенін ай-
туы – көңіл аударарлық пікір. Соның 
негізінде қазақ әдебиетінің қандай 
дәуірде екенін анықтау мақсатында: 
«Қазақ әдебиеті қазір күйректік 
(сен тиментализм), 
санашылдық 
(идеа лизм), сарындамалық (роман-
тизм), нағыздық (реализм), көп из-
мнен құралған қырық құрау деуге 
болады. Мұның ішінде реализмді 
заманға үйлесі бар десек те, қазақтың 
салт-санасы, тұрмысы әзірге қайшы 
келуі анық. Соның ұшін романтизм 
мен сентиментализмді әдебиетте 
қолданбай отыруға әзірге мүмкін 
емес. Сентиментализм онша ұзаққа 
созылуы екі талай. Бірақ, қазақтың 
қазіргі тұрмысында романтизм көпке 
дейін әдебиетке кіреді. Түбінде ре-
ализм романтизмді жеңуі мүмкін. 
Оған әлі күн ілгері, түрлі жағдай ке-
рек. Сол себепті қазіргі әдебиетте 
көбірек романтизм қуаттырақ шығуы 
мүмкін» деген өз ойын ортаға са-
лады. Автор пікірін нақтыласақ, 
қазақ әдебиетінде екі ағым мен екі 
әдіс өмір сүріп отырғанын және 
олар өнердің даму заңдылығына 
орай көрініс тапқандығын ғылыми 
тұрғыда негіздеуі көңіл аударарлық. 
Бұл автордың теориялық білімінің 
молдығын ғана емес, ұлттық әдеби-
теориялық ой-пікір өнімді салаларға 
тың ізденістер жасап жатқанынан ха-
бар бергендей.
Осы ізденістердің барлығы бірдей 
оң бағытта бола бермеді. «Тікен» де-
ген автор әдеби ағым мен көркемдік 
әдіс проблемасына баспасөз бетінде 
ерекше көңіл аударылуына күмән-
дана қарап: «Сентиментализм, ро-
мантизм, реализм секілді бастарын-
дағы қиялдарын өмірге, әдебиеті-
мізге әкеліп жапсырмақшы шығар, 
тексеріп көру керек» («Ақ жол», 
1925, № 566) деген ойдың жетегінде 
өз көзқарасын білдіруге ұмтылады. 
Мақаладан сезілетін эстетикалық 
таным-біліктің шамалылығы мен 
тұр пайы социологизмнің солақай 
ба ғыты авторға бұл мәселе тура-
лы ғылыми танымдық тұрғыда 
пікір өрбітуге мүмкіндік берме-
ген. Қазақта тап ақыны жоқ дегені 
үшін бұқарашылдарды да, тап ақы-
ны бола алмай жүргені үшін Сә-
кен мен Сәбитті де «сойып» салған. 
Ал пікірталас өзегі болып отырған 
ағым, әдістерге келгенде Ж. Сәрсен-
биннің пікірін қайталап беру-
ден әріге бара алмаған. Салысты-
рып қарағанда ол айқын көрінеді. 
«Қазақ әдебиеті қазір сиырдың бүй-
регіндей құранды: күйректік (сен-
тиментализм), санашылдық (идеа-
лизм), сарындамалық (романтизм), 
нағыздық (реализм) – бәрі бар. 
Реа лизм заманға қабысқанымен, 
күн шығыс қанды қазақ табиғаты, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


231


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет