Қызықты грамматика 2 – сынып Тіл және сөйлеу 1-сабақ. Мектеп білім ордасы



бет17/27
Дата07.02.2020
өлшемі14,05 Mb.
#57386
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Байланысты:
Қызықты грамматика 2 сынып


Көркем жазу минуты.



22-сабақ. Сұраулы сөйлем.
Жауап алу мақсатымен айтылатын сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады: Сенің атың кім?


  1. Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Оқушыларға ат қой.



  1. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Сұраулы сөйлемнің астын сыз?

  • Екі көзің не үшін керек?

  • Жақсыларды көру үшін.

  • Екі қолың не үшін керек?

  • Елге көмек беру үшін.

  1. Көркем жазу минуты.



23-сабақ. Лепті сөйлем.


Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі көңілмен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады.



  1. Суреттегі көңіл-күйлер жайында не айта аласың? Олар қандай сөздер айтты деп ойлайсың? Оларды жаз.




  1. Өлеңді рөлге бөліп, дауыс ырғағына келтіріп оқы.

  • Бүлдірген тереміз, балақай.

  • Алақай!

  • Ат жарыс көреміз, балақай.

  • Алақай!

  • Айға ұшып барамыз, балақай,

  • Алақай!

  • Кел, ағаш жарамыз, балақай.

  • Әй, ата-ай

Сөз таптары.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет