Курстың соңында студенттер:
5В012000 – «Кәсіптік білім (профиль бойынша)» мамандықтарының мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары кәсіптік білім стандартына сәйкес болашақ маманға төмендегідей талаптар қойылады: білімді игеруі тиіс:
Ғылыми проблеманың пайда болуын;
Жаңа білімнің қажеттілігін;
Проблеманың шешілу мәселелері жөніндегі бағыт-бағдарын;
Ғылым әдіснамасы жөніндегі түсінігі;
Теория мен практиканың практикалық бірлігі;
Зерттеу логикасын түзе білуі;
Зерттеудің жұмысшы жоспарларын түзе білуі.
Іскерлікті игеруі тиіс:
Педагогикалық эксперименттердің түзілімін;
Зерттеу аппаратын және зерттеу әдіснемесін анықтауды;
Социологиялық зерттеу негіздерін пайдалануды;
Материалдарды өңдеудің математикалық тәсілдерін игеруді;
Әдебиеттермен жұмыс істей білуді;
Зерттеу мазмұнының жазылу тәсілдерін меңгеруді.
1.6 Пәннің пререквизиті:
«Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеулердің негіздері» курсын меңгеру үшін келесі пәндерді қосымша оқу қажет:
- Педагогика;
- Психология;
- Мамандыққа кіріспе;
- Философия;
- Әлеуметтану.
1.7 Пәннің постреквизиті: пән туралы білім мамандық бойынша тиісті білім, іскерлік және дағдыны меңгеру үшін қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |