Банкрот болған америка фирмаларының қаржылық жағдайын, гүлденіп оөсіп келе жатқан кәсіпорындар көрсеткіштерімен салыстыра отырып, олардың банкроттық ықтималыдығына байланысты дәрежесін және салмақтық коэффициентісін анықтап, бас негізгі көрсеткішті шығарған. Э. Альтманның жалпы түрдегі моделі (несие қабілеттілік индексі) мынадай:
Z = 1,2 + К1 + 1,4К2 + 3,3К3 + 0,6К4 + 1,0К5 (2)
Мұндағы; К1 = меншікті айналым қаражаттар/активтер;
К2 = бөлінбеген табыс/активтер;
К3 = пайыз бен салық төлуге дейінгі табыс/активтер;
К4 = акцияның нарықтық құны/активтер;
К5 = өткізуден түскен табыс/активтер;
Қазіргі уақытта көптеген отандық кәсіпорындардың қаржылық қиындықтары бар, ол сыртқы жалпымемлекеттік мәселелермен (заңшығарушылық базаның жетілмегендігі, саяси жағдайдың тұрақсыздығы, өндірістің құлдырауы) және ішкі мәселелермен (тиімсіз маркетинг, құралдарды тиімсіз пайдалану, тиімсіз өндірістік менеджмент, қаржы ағымдарының тепе-теңсіздігі) байланысты. Жоғарыдағы факторлар жиынтығы кәсіпорынның қаржы жағдайының диагностикасын үнеім жүзеге асырылуын қажет етеді, ол кәсіпорынның банкроттыққа қарсы басқару механизмін жүзеге асыру мақсатында болады.