144
Клара Қабылғазина
марқайғанымен, екеуiнiң ел бiлмейтiн жайларын ойлап, жүдеп қалды.
«Ол жайлы айтып, қыздың мазасын кетiрмейiн, кейiн өзi бiле жатар»-
деп жұмыс тауып, орналастырған соң үйiне қайтып кеттi. Жарты жаны
артында қалғандай, iшi-бауыры езiлiп, жүрек
тұсы шым-шым сыздап,
артына қарай-қарай кете барды.
Ауылына келiсiмен ауруханаға соғып едi, Сайрашты ауруханадан
шығаратындықтарын, аяқ асты болған қайғыдан жүйкесiне қысым
түсiп пайда болған жүйке аурулары ғана тез емделетiнiн түсiндiрiп,
жас келiншектiң жылдам айыққанын, бiрақ әлi де күтiм керек екенiн
айтып, «миына қысым түсiрмей, бiраз күтiп бағыңыз», – деп дәрiгерлер
шығарып салды. Өзiнiң оңалғанын, ендi өмiрге сау адамдардай арала-
са алатынын тiптi қызметке шығуға да болатынын айтып Сайраш үйге
жеткенше мәз-мәйрам болды. Өз табалдырығынан аттап,
шаңырағына
оралған әйел көңiлi алғашында балалары алдынан жүгiрiп шығатындай
алаңдап, көңiлi бұзылса да, өзiн-өзi ұстап «маған ренжуге болмайды,
өзiмдi-өзiм ұстауым керек», – деп табиғатында берiк, ұстамды, ақылды
болғандықтан да ақжарқын күйiне көштi. Алыс жолдан келгендей жа-
тын бөлмесiне кiрiп, залға енiп, әр затын сипап, сағына қарады. Бәрi
ыстық, бәрi сол күйi, бәрi иесiн асыға күтiп тұрғандай. Бiрақ,
Айнаш-
ты сұрамағанына күйеуiнiң таң қалғанын байқамады. Жарына деген
сағынышын да жасыра алмады. Мойнына оралып, құшағына ене түстi.
Келiншек жанары тез арада өн-бойын шола қарап, тiптi iшкi сарай-
ын аралап кеткендей сезiнген Тынышжан абыржып қалды. Арадағы
бiр салқындық лебi сыз бергендей… Бойын жинап алған Сайраштың
денесi тiтiркенiп кеттi…
Жұдырықтай жүрегiн қақ бөлген жiгiт көңiлi күптi. Сана сан та-
рау. Әрi сағыныштан, әрi аяғы ауыр Айнаштың хал-жағдайын бiле
алмағандықтан туған алаңдаушылық соңғы күндерi үдейе түскен.
«Жұмыс бабымен жақында қалаға кетуiм мүмкiн»
деп әйелiн құлағдар
етiп қойғанына да бiраз болған. Ұйқыдан да маза кеткен. Жанындағы
жарының да көңiлi де бұған олқы түсiп қалғандай… Түс көргiш те бо-
лып алды: Кеш қараңғылығы түсiп кеткен екен дейдi. Апалы-сiңiлiлi
екеуi өзен бойлап кетiп барады… Алдарындағы шыңырауды байқар
емес «Байқаңдар, құлайсыңдар, құз… !!!» деп жан-дәрмен айқайлайды
бұл. Оларға дауысы жетпей ме, әлде әңгiмемен аңғармай ма, әйтеуiр,
тура кетiп барады. Әне, жақындап қалды. Жанталасып қуып жеткенi
сол екен олар да шыңырауға түсiп кеттi. Әлдеқандай бiр күш бiтiп,
екеуiн екi қолымен ұстап қалды. Бiр
кезде оң қолындағы Сайрашты
тартып шығарып алды, ал Айнаш түсiп кеттi ме, әлде аман қалды ма