Јлдихан Ќалдыбаев


Сауытбек. Кім білген? Сақ



бет366/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   371
Сауытбек. Кім білген?
Сақ (қатуланып). Ноғайбай – күшті, сүйегіңді отын, етіңді борша қылады.
Жидебай. Солай. Осы жерден тоқта, Сауытжан.
Сауытбек. Қайтіп тоқтаймын? Маған Ақбөпесіз жарық дүние – қараң, өмір - өксік.
Жидебай. Сенің ендігі өмірің - өлең. Айт, толға мына күйіңді.
Сақ. Мен де соны айтып тұрмын. Іштегі шер айтса, тарқайды.
Жидебай. Сөйтеді. Өлең сөз- құдыретті. Ол сенің шеріңді тарқатып қана қоймайды, көңіліңді де өсіреді.
Сауытбек. Кім біледі, жер болып қалған көңіл көтерілер ме?! Көрейік «Әу»,- деп.
Аралтөбе түбінде бес үй отыр,
Ақбөпе жоқ ішінде несіне отыр?
Әлдеқашан бір ойран етпес пе едім,
Кедейшілік қолымды кесіп отыр.
Айтып жүрген Саукеңнің жыры, қане,
Бастан-аяқ келіскен сыры, қане?
Ақбөпеден айырылып қалғаннан соң,
Тұмсығында Ұланның ұлығаны.
Қалғаным ба Ұланның жотасында,
Ғашық болдым Ақбөпе ботасында.
Кемшілік боп кедейлік соққаның ба,
Жарамадым Бөпенің қолқасына.
Қаңғып қалдым далада қолым жетпей,
Ашадағы жақсыға сөзім өтпей.
Малым жоқ, ақшам да жоқ қалыңмалға.
Жүрекке тиіп барад жанған өрттей.
Қаңғып қалдым қол жетпей боз далада,
Күлкі-мазақ болдым ба бозбалаға?
Кезендің кердең заман кедей үшін,
Қолда жоқ қайрат-қуат жол бола ма?
Құрттың ба шаруаның қысқалығы,
Жаз айында киемін қыстағыны.
Бөрі жеген, Ақбөпе, болдың лақ,
Айыра алмай Ұланда қалдым жылап.
Елу қара берді де бай әкетті,
Бес қара таба алмадым басын құрап.
Ақбөпе, торғай болдың жылан сорған,
Қаңғырып ажыратпай, қайттым жолдан.
Басқа тұрмақ мінерге жалғыз ат жоқ,
Не келер жылағанмен енді қолдан?
Қош бол, Бөпе, көрем бе, көрмеймін бе,
Айналып келемін бе, келмеймін бе?
Бөпе, сенен бар болса, немді аяр ем,
Елу тұрмақ алпысты бермеймін бе.
Қош бол, Бөпе, ақ Бөпе, алтын Бөпе,
Жақсы туған жайдары, жарқын Бөпе.
Малды артық баладан бағалаған,
Қайтерсің бұл қазақтың салтын, Бөпе?
Үш жыл жүрдім соңыңда үміт артып,
Таппадым ешнәрсенің шартын, Бөпе!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет