Баяндама мәтініне қойылатын талаптар - Баяндама (мақала) мәтіні 6 (алты) парақтан кем болмауы және тіркеу формасы MS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылуы тиіс. Парақ форматы А4 (297х210 мм.). Парақтың шеттері: барлығы– 2 см. Электронды нұсқада мақала беттері нөмірленбейді, баспадан шыққан үлгіде нөмірленеді. Шрифті: Arial; 10 пт. кегль. Мәтін тасымалсыз форматталып, бірінші жолдағы азат жолы 1 см басталады. Жол аралығы – 1 интервал. Баяндаманың (мақаланың) тақырыбы парақ ортасына жазылады. Мақала мәтінінде автоматты түрде нөмірлеу қолданылмау керек; - Бірінші беттің сол жағына міндетті түрде ӘОЖ (кітапханадан алынады) көрсетілуі тиіс;