Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге
асады: «математикалық сауаттылық», «жаратылыстану сауаттылығы» және
«оқу сауаттылығы».
Оқу сауаттылығы – жазба мәтіндерді түсіну, өз мақсатына жету үшін
оның мазмұнын қолдану, қоғам өміріне белсенді қатысу үшін білімі мен
мүмкіншіліктерін дамыту қабілеті (оқу сауаттылығы 2000, 2009 жылдары
жүргізілді).
Математикалық сауаттылығы – өзі өмір сүріп жатқан әлемде математика
рөлін анықтау және түсіну,
жасампаз, мүдделі және ойшыл азаматқа тән
дәйектелген математикалық пікір айту және математиканы қазіргі таңда және
болашақта қажеттілікті қанағаттандыру үшін қолдана алу қабілеті
(
математикалық сауаттылығы 2003, 2012 жылдары жүргізілді).
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы – нақты жағдайларда ғылыми әдіс
көмегімен шешілетін және зерттелінетін проблемаларды анықтау үшін,
тәжірибе мен бақылау негізінде қорытындыға қол жеткізу үшін
жаратылыстану білімін қолдану қабілеті. Бұл қорытындылар қоршаған
ортаны және оған адам ісімен енгізілетін өзгерістерді түсіну үшін, сонымен
қоса тиісті шешімдерді қабылдау үшін қажет [2].
Зерттеудің әрбір кезеңінде үш зерттеу бағыттарының біріне ерекше көңіл
(тапсырмалардың үштен екі бөлігі) бөлінеді. 2000 жылы зерттеудің негізгі
бағыты «оқу сауаттылығы», 2003 жылы – «математикалық сауаттылығы», 2006
жылы – «жаратылыстану сауаттылығы», 2009
жылы білім жетістіктерін
бағалаудың негізгі аймағы «оқу сауаттылығы» болды, ал 2015 жылғы
тестілеуде негізінен «жаратылыстану сауаттылығы» бағаланады. PISA-2012
жаратылыстану сауаттылығын тексеруге арналған тестердің құрамына
өлшеудің 4 аспектісі кіргізілді, олар: контекст, білім, құзіреттіліктер және
қарым-қатынас. Оқу бағдарламаларының (жоспарының)
орта мерзімді жаңа
құрылымында: «Білімнің ұсынылатын түрлері», «Қысқаша шолу» және
«Контекс» (мәнмәтін) пунктерінен тұратын жалпы әдістемелік ақпараттар бар,
оларды бір немесе басқа аспектіде (мысалы, тұлғалық не әлеуметтік) тұрғыдан
қарауға жағдай жасайды.
Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы ғылыми жаратылыстану (әлем
туралы) және әдіснамалық құрылымдардан тұрады. Әдіснаманың
құрылымында ғылым туралы білімін және оны қалай зерттеуге болатыны
айтылады. Орта білім мазмұнының жаңартылған тұжырымдамасында зерттеу
жұмысы негізгі дағдылардың бірі болып табылады. PISA-ның «Денсаулық»
атты тестік тапсырмалары, сұрақтары және есептері оқушылардың өздерінің
денсаулығына қатысты жаңа білім беру кеңістігін құрастыруға мүмкіндік
беретін мәдениеттің индикаторы ретінде маңызды.
Халықаралық PISA зерттеулерінде барлық
сұрақтар мен тапсырмалар
жалпы үш топқа бөлінеді, олар: «Қалай білуге болады?» атты таным әдісін
қолдануға арналған тапсырмалар. «Түсіндіріп көр» – құбылыстар мен
фактілерді түсіндіруге арналған тапсырмалар. «Қорытынды жаса» – берілген
деректер негізінде қорытынды құрастыруға арналған тапсырмаларды орындау.
7
Оны төменде берілген халықаралық зерттеулердің мектеп оқушыларының
ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын
тексеруге арналған, құрылымы
жағынан бір-біріне ұқсамайтын тапсырмалардың үлгісінен көруге болады.
1-
мысал.
Достарыңызбен бөлісу: