78
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
79
көркемдік әлемін терең аша білу қажеттігімен түсінді-
руімізге болады.
Жамбыл шығармашылығын кеңестік кезең фольк-
лорға
қанша иіп апарғанымен, Жамбыл деген әйгілі
аты, авторлығы өшпегені белгілі. Ұлы жазушы М. Әуе-
зов айтқандай, «атсыз ақын» болып кетпегендігі «ат
берген, қартайған шағы, сол шағында оны жетістірген
өз заманы» [2,12] десек те, сол заманның шындығын
жырлаудағы Жамбылдың ақпа-төкпе ақындықпен, да-
нагөй жыраулықпен, суырыпсалма шешендікпен, асқақ
азаматтықпен ұштасып
жатқан ұлы дарынының құді-
реті деуге болады.
Туып-өскен, есейген жердің тұмса табиғаты мен
Ұлдан-анадан дарыған тума қасиетті жазбай таныған
әйгілі Бөлтірік шешен бала Жамбылды көргенде: –
«Атың Жамбыл болса,
көңілің даңғыл болар, балам»
[1, 136] – дейді. Сөз астарында ашық айтылмаған үлкен
сыр жатқаны анық еді. Шешеннің ой қайнарынан тұ-
нып шыққан бұл сөзі бала Жамбылдың болашағының
зор екендігін бейнелейді. Сегіз жасынан ақындығын
аңғартқан Жамбылдың өзі де бұл жайды: «Жасымнан
атым аян Жамбыл едім, Сүрінбес қара өлеңге даңғыл
едім», – деп жырлайды [3,20].
Расында, Жамбылдың өлеңдері ауызекі айтылғанды-
ғы, кейіннен хатшыларының жазып алып отырғандығы
баршаға мәлім. Жамбыл бұл туралы өзі де аңдатады:
«Ағыт деп, асыл сөздің қазынасын, Сөйлесем домбыра-
ма – қаламыма» [3,126].
Қағазға түспей жоғалып кеткендері де бар. Жамбыл-
ды ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетті байланыстыру-
шы дегенімізбен, бұл арнайы текстологиялық зерттеуді
қажет ететін күрделі мәселе болып табылады.
Тегінде, Жамбылды ауызекі суырыпсалмалық
өнердің өкілі деп танығанымыз жөн болса керек. Мұх-
тар Әуезов: «Төкпелік ұзақ сүре үлкен толғауда шығып
кетеді.
Осыны бірде Өтегендей, Сұраншыдай үлкен
эпос туғызып отырса, бірде дәл келелі сүре айтыстың
өзінің үстінде Құлманбет, Сарыбасқа Сұраншы тари-
хын поэма еткізгендей, ұзақ сүре әңгімелі жыр желісін
жатқызып кетеді. Кейде ескі труверлер үлгісінде – До-
малақ дастанындай, тамаша көркем (Сарыбаспен айты-
сында) аңыз поэманы толғап кетеді.»-деп Жамбылдың
сол ақпа-төкпе ақындығын ерекше бағалайды М. Әуе-
зов Жамбыл Күсеп, Сүйінбай, Майкөт ақындар өзінше
жырлаған дастандарды қайта жырлағанда өзгеге ұқса-
майтын өрнек тауып, труверлерше түлеткен шеберлігін
айтады [4,16]. Шынында, айтыстың идеялық құрылы-
мына ел аузында қара сөзбен айтылып келген шежіре-
әңгіме, аңызды жыр желісіне сары майдан қыл суыр-
ғандай шеберлікпен қиюластыруы аузымен құс тістеген
жүйрікке ғана сын емес пе? Иә, ғұлама Мұхтардың қы-
рағы көзі шалмаған Жамбыл шеберлігі бар ма екен, сірә
деген ойға қаласың...
Сол жыршылық өнеріндегі шеберлігінің бір қыры –
дәстүрлі батырлық жыр үлгісін өзінше жаңғыртуы. Бұл
эпикалық жанрлардың жалғастығына көз жеткізеді.
Академик С. Қирабаев «Сұраншы батыр» дастанының
тарихилығы туралы айта келіп: «Дастанда дәстүрлі ба-
тырлық жырдың үлгісі жаңа мазмұнмен байытылады.
Жырдың тағы бір жаңалығы: онда қазақ халқын Қоқан
қол астынан азат етудегі шаруа орыс әскерлерінің пай-
далы қызметі, азаттық жолындағы күресте табысқан
қырғыз, өзбек еңбекшілерінің
достық ынтымағы на-
нымды суреттеледі»,-деп жазады [3,11]. Әрине, жыр-