шортанбай ақын мұрасын
зерттеу мӘселелері
Ж
аңа
уақытта XIX ғасыр әдебиеті жөнінде іргелі
еңбектерімен танылған зерттеушілердің бірі –
профессор Қанипаш Мәдібай. Ол өзінің «XIX ғасырда-
ғы қазақ әдебиеті» (2001) атты оқу құралында аталмыш
тарихи дәуір әдебиетін зерттеп-зерделеудегі мақсатын
айқын танытады. Еңбектің алғы сөзінде автор: «XIX
ғасыр әдебиеті көп жанрлы, алуан үлгідегі әдебиет. М.
Бахтин әдебиеттің тарихын дәуірлеуден гөрі, жанрлар-
дың туып-жасауы, көркемдік дәстүр эволюциясы көбі-
рек мәнді екендігін өткен ғасырдың 20-жылдарында-ақ
айтқан еді»(1,14),-дей келіп, ұлттық әдебиетіміз жаңа
сапада бой көрсеткен дәуірдің мол мұрасын тұтас жү-
йеде қарастырып, оның тарихнамасын жасауда жанр-
лық тұрғыдан терең жүйелеудің маңыздылығын көр-
сетеді. Осы тұрғыда автор оқу құралында XIX ғасыр
әдебиетіндегі өлең үлгілерін: « I тарау. Қисса өлең. II
тарау. Тарихи өлең. III тарау. Ән өлең. IV тарау. Айтыс
өлең. V тарау. Зар заман өлең », -деп бөледі.
Еңбекте зерттеуші XIX ғасыр әдебиетін зерттеу ісіне
тоталитаризмнің кері ықпалдары болғанына қарамас-
тан, оның шынайы көркемдік сапасын бағалаған тұжы-
рымдарды алға тартады. Ол ең алдымен, Х. Досмұха-
медұлының, М. Әуезовтің, С. Мұқановтың XIX ғасырда
жазба әдебиеттің тууы жайлы тұғырнамаларынан бас-
тау алғандығына көз жеткізеді. Х. Досмұхамедұлының
авторлық әдебиетті XIX ғасырдың бірінші жартысынан
басталады деп жобалап, оны халық поэзиясының діни
және ғибраттық түрлерінен іздегендігіне, халық әде-
биетінің хатқа түсірілу, жинау мен аудару жайларына
байланысты пайымдарына назар аудартады. М. Әуе-
зовтің жазба әдебиеттің зар заман ақындарынан бастау
алғандығы жайлы тұжырымына айрықша тоқтала келіп:
«М. Әуезов түрлі саяси күйдің әдебиетке жаңа сарын-
дар, әлеуметшілдік, азаматтық бағыт әкелгенін айтты»
(1,6), – деп жазады. Сондай-ақ, зерттеуші Қ. Мәдібай
С. Мұқановтың «Қазақтың XVIII-XIX ғасырлардағы
әдебиеті тарихынан очерктер» еңбегінің құнды қырла-
рын аша түседі. С. Мұқановтың XIX ғасыр әдебиетін
кезеңдерге жіктеп, айтыс үлгілеріне айрықша мән бер-
гендігін, Махамбет, Кенесары қозғалыстары өзек бол-
ған шығармаларды терең талдап, сол тарихи жағдайлар
шындығын батыл бағалағанын танытады. Рас, XIX ға-
сыр әдебиетінің көркемдік құбылыстары жоғарыда сөз
болған айтулы үш тұлғаның ғана еңбектерінде тұжы-
рымдалып қоймай, бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді.
Әдебиеттану ғылымының үздіксіз дамып отыруы
жаңа бағытты зерттеулерді молайта берері анық. Біз
сөз етіп отырған зерттеу еңбегін осы санатта қарасты-
руға болады. Алайда, автор өз зерттеуіне XIX ғасыр
әдебиетінің болмыс-бітімін, бағыт-бағдарын, көркемдік
құндылықтарын зерделеген еңбектерді әдіснамалық
негіз етіп алады. Сөйте тұра, зерттеуші «XIX ғасыр әде-
биеті сол дәуірде жасаған әдеби жанрларды саралауға,
көркемдік-саяси ағым, бағыттарды қарастыра, айқын-
дай түсуге әлі де зәру»(1,9), – деп жазады. Алайда, про-
фессор Ханғали Сүйіншәлиев жазған кейінгі оқулық-
тарда зәру мәселелердің ескерілгеніне ой тоқтатады.
Әсіресе, белгілі ғалым Құлмат Өмірәлиевтің XIX ға-
сырдың орта тұсындағы қазақ поэзиясының көркемдік
198
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
199
қырларын танытқан теориялық тұжырымдарын жоға-
ры бағалайды. Оны «XIX ғасыр поэзиясын жанрлық,
стильдік тұрғыда мүлде жаңа сапада, таза теориялық
талаптар тұрғысынан арнайы, алғаш қарастырушы»
ретінде танытады (1, 12). Сондықтан, XIX ғасыр әде-
биеті жөніндегі зерттеулерде «зар заман» әдебиетінің
айтулы өкілі Шортанбай Қанайұлының шығармашылы-
ғы ауызға алынатыны хақ. Қ. Мәдібай біз сөз етіп отыр-
ған «XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті» атты зерттеуінде
сол еңбектердің ешқайсысын сырт қалдырмай, ғылыми
зерде көзінен өткізіп, уақыт өткен сайын әдеби мұраға
көзқарасымыздың тыңайып келе жатқанын пайымдай-
ды. Солай болғанмен де, әрідегі Әуезов секілді ғалым-
дар «зар заман» әдебиетінің айтулы өкілі деп таныған
Шортанбай ақын мұрасының профессорлар Б. Кен-
жебаев пен Х. Сүйіншәлиев құрастырған 1990 жылғы
«Қазақ әдебиеті тарихы» бағдарламасында «XIX ғасыр
әдебиетіндегі халықтық шығыстық сарындар» атты
бөлімде қарастырылғанын (1,11) атап көрсетеді. Деген-
мен, бұндай шарттылықтардың негізсіз еместігін әдеби
үдерістің «шекара, шектің жөніне көне бермейтінімен»
түсіндіреді. Демек, ғалым Қ. Мәдібай аталмыш дәуір
әдебиеті өкілдерінің «репертуарында поэзияның бірне-
ше жанрына тән мұралар болды» деген Қ. Өмірәлиевтің
жанрлық тұрғыдағы тұғырнамасына табан тірей оты-
рып, оны зар заман әдебиетіне де, Абайдан бергі әде-
биетке де қатысты айтуға болатынын межелейді (1,12).
Қ. Мәдібай Құлмат Өмірәлиевтің аталмыш ғасыр ақын-
дарының бір тобын өлең үлгілеріне қарай жіктегенде,
әрі суырып салып ауызша шығаратын, әрі жазып шыға-
ратын екі топқа қатар телігенін, «Дулаттың соңын ала
шыққан» Шортанбайды зар заман жайлы толғаулар ту-
дырған «бөлек тұрпатты ақындар» санатына қосқанды-
ғына шүбә келтірмейді.
Зерттеу еңбегінде Қ. Мәдібай Шоқан, Радловтардан
бастау алған XIX ғасыр әдебиетін өлең үлгісіне қарай
жүйелеу үрдісінің А. Байтұрсынов зерттеулеріне қа-
зық болып, Х. Досмұхамедұлы, М.Әуезов, С. Мұқанов
тұсындағы зерттеулерде дамып, Х. Сүйіншәлиев, Ә. Қо-
ңыратбаев еңбектерінде орнығып, З. Ахметов еңбегінде
айрықша негіздемелермен ашылғанын, Қ. Өмірәлиев
зерттеуінде жаңа бағытта өрістегенін кең ғылыми па-
йыммен танытады. Әйтсе де, бағалауды бағалаудың
оңай болмасы анық, Қанипаш Мәдібайдың ғалымдық
қарымы, сарапкер сыншылық қабілеті осы орайларда
айқын төбе көрсетеді.
Қ. Мәдібайдың аталмыш еңбегінің V тарауы «Зар
заман өлең» деп аталатынын жоғарыда ескерткен едік.
Осы тараудың бір бөлімін ғалым Шортанбай ақын шы-
ғармашылығына арнайды. Дегенмен, ғалымның осы-
ған дейінгі 1993 жылы Кәмел Жүністегімен бірге құ-
растырған «Шортанбай жырау» атты жинаққа жазған
алғысөзіндегі салиқалы пікірлерін аттап өтуге болмас.
Бұнда да, ол М. Әуезов «зар заман» деп атаған дәуірдің
өкілі Шортанбай ақынның өлеңі сан мәрте уақыт тара-
зысына тартылып, «шын салмағы уақыт таразысының
өлшем мөлшерінен ауыр түсіп» жатқанын бағамдайды
(2,4). Шынында да, зерттеушілер дүниеден озғанына
бір ғасырға жуық уақыт өткен Шортанбай мұрасы-
ның әр кезде-ақ саясат салқыны тигеніне қарамастан,
көркемдік құндылықтарын жоғалтпағанын, керісінше
әлеуметтік маңызының асқақтай түскенін айғақтайды.
Қ. Мәдібай осы тұрғыда: «Шортанбай өз уақытының,
қазақ қоғамындағы қасіреті мол дәуірдің қалың қара
бояуын өлеңге көшірді. Халқының айдағанда көнбес
200
МС
Достарыңызбен бөлісу: |