Сабақтың міндеттері



бет2/9
Дата04.08.2017
өлшемі0,9 Mb.
#22652
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. .Жаңа материалды меңгерту: Электрондық оқулық арқылы.

А) Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесі.

Ә) Қысым.

Б) Қысымның өлшем бірлігі, формуласы.


Біз күнделікті тұрмыста пышақ, қайшы, ине сияқты алуан түрлі құралдарды пайдаланамыз. Алайда олардың әсері осы күш түскен беттің ауданына тәуелді болатынын байқай бермейміз.

Мысалы, матаны ұшы доғал инеге қарағанда, үшкір инемен тесу оңай; өткір пышаққа қарағанда өтпейтін пышақпен кесу қиын, сол себепті құралдардың кесетін жерінің ауданын кішірейтіп, өткірлеу үшін әр уақытта да олардың жүзін мұқият қайрауға тырысады.



Мынадай тәжірибені қарастырайық. Жіңішке төрт аяғы бар үстелшені төңкеріп, ыдыстағы құмның үстіне қояды да, оны массасы 5 кг кір таспен бастырады. Бұл жағдайда үстел құмға батпайды.

Ал, үстелшенің бетін жоғары қаратып, үстіне сондай кір тас қойғанда, оның аяғы құмға батып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет